Home » Жаңалықтар » Дөңгелек үстел «Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы: тәжірибе, мәселелер, келешегі»

Дөңгелек үстел «Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы: тәжірибе, мәселелер, келешегі»

2018 жылдың 22 мамырында  №27 ЖББОМ-нде   «Лучик надежды» балалар мен мүгедектерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық бірлестігі «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен №27 ЖББОМ инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығымен бірлесіп «Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы: тәжірибе, мәселелер, келешегі» тақырыбында  Республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің Ресурстық орталықтарының қызметімен байланысты негізгі мәселелер талқыланды: Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарының қызмет ету мен тәжірибелерінің түрлі үлгілері ұсынылды, олардың қызметін ұйымдастыру және нормативтік-құқықтық реттеу бойынша кепілдемелер мен ұсыныстар әзірленді. Дөңгелек үстелдің ұсынымдарын жүзеге асыру елімізде инклюзивті білім беруді қолдау бойынша үйлесімді және нақты жұмысты ұйымдастыруға, инклюзивті тәжірибені жүзеге асыратын мектептердің күшін үйлестіруге, «үстірт», формалды деп аталатын инклюзияны жеңуге септігін тигізеді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына билік органдарының өкілдері, ғылыми қоғамдастық, инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарының, БАҚ  өкілдері қатысты.

Аталмыш басылым «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен «Республикалық дөңгелек үстел: тәжірибе, мәселелер, келешегі» жобасы аясында дайындалды.

 

Заблоцкая И.С.,

 №27 ЖББОМ директордың Ресурстық орталық бойынша орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.