Home » Сценарийлер » Дәуренбекова Жибек Сериковна

Дәуренбекова Жибек Сериковна

Дәуренбекова Жибек Сериковна,
Астана қаласы,
№74 «Дәурен» балабақшасының тәрбиешісі

«Аяулы анашым»

             Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң қолдағы шарларын жоғары қарай, қолдарынан босатып, ұшырады. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
«Жаным»дейсің мені.
Жаратушым-бір сен
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!-деп «Балапан» тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Алғашқы сөз кезегін балабақша меңгерушісі Г.К. Мейрмановаға береміз.
Карима:
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Қымбатты да сүйікті аналар, әжелер. Сіздерді мерекелік ертеңгілігімізге тамашалауға шақырамыз.
Альмира: Балалар, сендер білесіңдер ме бүгін қандай мереке екенін?
Балалар: Аналар мерекесі.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Бүгін аналар, әжелер мерекесі.
Тақпақ:
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Ән: «Көктем келді»
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Балалар, тыңдаңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.
Музыкалық әуенмен залға көктем кіреді.
Көктем: Амина
Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда,
Өйткені мен көктеммін.
Құстар сайрай жөнеледі,
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін!
Жүргізуші: Сиқырлы көктем бізге қонаққа келгеніңе рахмет.
Би: «Бәйшешек».
Жүргізуші: Ал, балалар, енді ойын ойнап, бойымызды сергітіп алайық.
Ойын: « Гүл сыйлау ».
Көктем: Бүгін қандай керемет күн. Аналар мен әжелер, қыздар мерекесі.
Жүргізуші: Ия көктем дұрыс айтасың.
Әжелерім мерекеңіз құтты болсын,
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын.
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап,
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын!
«Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтау өздеріңізге арналады құрметті әжелер!
Ән: «Мен әжемді жақсы көремін»
Тақпақ: әже туралы
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ал, енді біздің ұлдарымыздың аналарымызға арналған биі бар.
Би «Вальс».
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Көктемнің телефоны шақырады.
Көктем: Ия, не сұрақ, жапырақтар шықпай жатыр ма, кірпілер оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып барамын. Міне, балалар менің басқа да жұмыстарым бар. Менің кетуім керек.
Жүргізуші: Рахмет саған көктем. Сау бол!
Көктем: Сау болыңдар!
Ән: «Ақ мамам».
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыз көріскенше,
Осымен мерекеміз аяқталды.
Мерекемізді тамашалағаныңызға көптен көп рахмет. Келесі көктем мерекесінде кездескенше сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.