Home » Жаңалықтар » Дәстүрлі олимпиада дарындыларды анықтады

Дәстүрлі олимпиада дарындыларды анықтады

   

Қармақшы ауданы орталығындағы №105 мектеп-лицейде математика пәнінен мектеп оқушылары арасында соғыс және еңбек ардагері, ұстаз Үсен Қошалақовты еске алуға арналған аудандық дәстүрлі олимпиада өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған ХІ пәндік олимпиадада 100-ден астам жас математик өз білімдерін сарапқа салды. Жас білімгерлер сайысын қорытындылау салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мәжит Сәмитов ұрпақтар сабақтастығы мен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие берудегі ілкімді істер жайында әңгімеледі.

Білімгерлер сайысын аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырды.

М. Ақынұлы,

тілші,

Қызылорда облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.