Home » Ашық сабақтар » Дәстүрден тыс әдіс-тәсілмен құстың суретін салу

Дәстүрден тыс әдіс-тәсілмен құстың суретін салу

Топ: ересектер

Білім беру саласы: шығармашылық

Бөлім: сурет салу.

Мақсаты: балалардың құстардың суретін салу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: балалардың құстарды бейнелеп салуын қалыптастыру, екі түрлі құстардың түрін дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бейнелеуге үйрету. Көркемдік талғамын дамыту, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой-қиялдарын өрбіту.

Құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру, дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер.

Ұйым түрі: екі топшамен.

Көрнекіліктер: суреттер, қылқалам, желім, бояулар, трафарет, шаблон, моншақ, қырыққабат, құлақ шұқығыш, тіс тазалағыш, ақ қағаз, сүлгі, желім, гуашь.

Іс-әрекет кезеңіТәрбиешінің іс-әрекетіБаланың іс-әрекеті
1.

 

 

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

 

Мотивация

 

 

 

 

 

 

 

Ізденіс- ұйымдастыру

 

 

 

 

Мотивация.
 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлек-я

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық. Жақсы-жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық! Табиғат – біздің анамыз Табиғатқа баламыз Иіліп сәлем береміз, Біз – әдепті баламыз Балалар, қазір қай мезгіл? Күз мезгілінің айларын атау.
Құстардың дауысы шулаған фонограмма қойылады. Балалар, бұл ненің дыбыстары?

 

Балалар, сендерді аналарың құстардың атына сай қалай еркелетеді?

 

Ендеше, айтыңдаршы, солай еркелеткенде қай құстың аты ұнайды? Онда қазір біз екі топқа бөлініп, аққу мен торғайдың суретін қонақтарға салып көрсетеміз бе?

 

Ал олай болса екі топқа бөлінеміз.

1 топ торғайдың ізімен, ал 2-ші топ аққудың ізімен барамыз

 

Ал енді бәріміз сурет салуды бастаймыз.

 

Аққудың ізімен

 

1-ші топ-трафаретпен, құлақ шұқығыш, күннің көзі, сәбізбен, пва желіммен суретті салу.

 

Торғай ізімен 2ші топ

Торғай сурті шаблонмен

Бұлт суреті, ағаш қырыққабаттан

Рябина моншақтан тіс шұқығышпен және концеляр желімен қолданады.

 

Схема арқылы сергіту сәтін жасау.

Қарғаларым қарқ-қарқ, Сауысқаным саңқ-саңқ,

Торғайларым шиқ-шиқ, Жапалағым ух-ух.

Сұрақ-жауаптар арқылы мадақтап қорытындылау.

Балаларға не ұнады не ұнамағандарын сұрау.

Балалар жылулық шеңберін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

күз

 

 

Қыркүйек, қазан, қараша

 

 

Бұл құстардың сайраған дыбысы.

 

Көгершінім, қарлығашым, аққуым, торғайым, балапаным деп атайды.

 

 

Торғайым, аққуым

 

 

Иә, көрсетеміз

 

 

Балалар қызыға сурет салуға кіріседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге қимылдармен бірнеше рет қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

  1. Трафаретпен, шаблонмен қалай сурет салу керек екендігін білу.
  2. Суретті қызығушылықпен салу.
  3. Берілген тапсырманы ұқыпты орындау.

С. Д. Сергазинова

№33 балабақша

Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.