Home » Ашық сабақтар » Дәрігер Айболиттің көмекшілері

Дәрігер Айболиттің көмекшілері

Бейсембекова Лунара Барлыбаевна, «Бәйтерек» жоғарғы тобы
«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы
Денешынықтыру нұсқаушысы

 

 

 

«Бәйтерек» жоғарғы тобы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі:Дене шынықтыру

Міндеттері:

балаларға қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, жұппен жүруді, жүгіруді үйрету.

тосқауылдар арқылы секіріп жүгіруге баулу.

гимнастикалық отырғышта түзу қолмен созылып, ішпен еңбектеп жүруді үйрету.

Өзектілігі:

Мектеп жасына дейінгі балалардың күш қуатын нығайту, алдағы өмірге дені сау нық қадам басуға баулу.

Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды қолдану.

Балаларға ертегі кейіпкерлерін сахналауды үйрету.

Мақсаты: бір қатармен жүруді, жүгіруді үйрету; қолға арналған жаттығуларды аңдардың қимылына салып жасату; аяқтың жанымен жүруді үйрету.

Әдіс — тәсілдері:сұрақ-жауап,әңгімелесу, мадақтау.

Құрал- жабдықтар: Мата, гимнастикалық бөрене, балықтар, кингуру доп,

Билингвалды компонент: Жануарлар- Звери, Море- Теңіз.

Өткізілу орны: спорт зал

I.Мотивациялық-қозғаушылық

-Бір қатар сапқа тұрады.

Қане жаттығу жасап, бой сергітіп алайық.

1.жүру аяқтың ұшымен жүру

2.өкше мен жүру.

3.қол тізеде, тіземізді бүкпей жүру.

  1. шынтакпен төрт аяқтап жүру.
  2. Оң иықпен жүгіру.

6.жай жүру.

 II.Ұйымдастыру –іздестіру

Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін сендермен бірге адам үшін ең қажетті нәрсемен сөйлескім келіп тұр. Әрине ол адамның ден саулығы.

-Сендер қалай ойлайсыңдар қайырымды дегеніміз не?

-Қандай қайырымды істерді істей аламыз?

-Балалар біздің жүрегіміз ауырмау үшін сендермен бірге күнде жақсы жұмыстар жасауымыз қажет.

Ал қанеки балалар сендермен бірге дәрігер Айболитке барайық. Мүмкін ол бізге қандай адал жұмыстар істейтінін айтар.

Мінеки Айболиткеде келдік.

Амандасады.

Д/Н: Айболит неге көңіл күйің жоқ?

Айболит: Гипопотам телеграмма жіберіпті Африкадағы жануарлар ауырып қалыпты.

Д/Н: Барлық жануарлар ауырып қалғанба?

Айболит: Аха оларда Ангина, Скоротина, Дифтерия және аппендицит болып қалыпты.

Д/Н: Онда тезірек барыңыз.

Айболит: Телеграмманы алған соң бірден барам деп шештім, бір-ақ бір өзім қалайша барамын. Жол алыс және де дәрі дәрмектерде алуым қажет. Жолда адасып кетсем қалай болады? Жоқ бір өзім бара алмаймын.

Д/Н: Ендеше балалар бір дәрігер Айболитке көмектесейік? Әрине көмектесеміз. Ауырып жатқан адамдардың қалін білсек ол қайырымды іске жатады. Ендеше Балалар дәрігер Айболитпен Африкаға жол жүрейік.

Д/Н: Африкада әр түрлі өсімдіктер өседі және түрлі жануарлар өмір сүреді.

Мысалы: Жираф (Керік) мойны мен аяғы ұзын. Бойының ұзындығы 5 метрге дейін болады.

Керік-болып жүреміз-қол жоғары көтере отырып аяқтың ұшымен жүреміз.

Тотықұс— қолымызды артқа қоя отырып өкшемен жүреміз.

 

Түйеқұс— алға қарай денемізді еңкейіп қолды тізеге қойып жүреміз.

Сілеусін (рысь)-шынтақты еденге қойып төрт аяқтап жүреміз.

 

Жолақ жылқы- Оң жақ бүйірімен, сол жақ бүйірімен біріңғай жүгіріс.

Демімізді дұрыстаймыз. Осындай қызықты жануарлар тұрады. Біз сапқа бөлінеміз. Балалар қараңдаршы алдымызда теңіз.

Жай толқын      Үлкен толқын
  Теңіз асты балықтары

Балалар қатты толқыннан біздің Айболит Дәрігеріміз теңіз ортасында қалып қойды, қанеки бәріміз бірге көмектесейік.

 

Қимылды ойын: «Балықтарды құтқару»

Ойын шарты:Балаларға екі топқа бөлініп, бір бірден төселген матаның үстіндегі түрлі түсті дөңгелектердің үстімен өтіп теңіздің жағалауындағы балықтар құтқарып оны теңізге жіберді.

 

Балалар Жануарлар мен балықтарға көмегімізді көрсеттік. Ал енді біздің маймылдарымызға көмек көрсетейік. Бірақ олар тау үстінде отыр. Балалар сендермен бірге саяхатымызды жалғастырамыз.

Тауға өрмелеу

Доппен секіру

Д/Н: Маймылдар айтыңдаршы сендер таңғы жаттығу жасайсыңдарма?

Деніміз сау және ауырмау үшін біз таңғы жаттығуды күнделікті жасауымыз қажет. Ал қанеки балалар сендермен бірге маймылдарымызға жаттығуды үйретейік.

Дәрігер Айболит: Жарайсыңдар балалар сендер бүгін менімен бірге Африкадағы барлық жануарларға көмектесіп мейірімді істер жасадық. Сондықтан сендерге мен тосын сыйым бар.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: матамен орындалатын жаттығуларды;

Түсінеді: ойынның шарттарын;

Қолданады: гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру, доп үстінде секіре отырып тепе теңдікті сақтау.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.