Сыныбы: 4 «В»
Сабақтың мақсаты:
- Дұрыс емес тамақтанудың себептерін анықтау.
- Пайдалы және зиянды тағамдық заттармен таныстыру.
- Тамақтану ережелерін түсіндіру.
- Ұзақ өмір сүру үшін басты себеп — дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты екенін дәлелдеу.
- Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Тәрбиелік жаңа сабақ
Көрнекіліктер: Суреттер, видеоролик, үлестірмелі қағаздар.
Сабықтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу
Шаттық шеңберін құру. Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу «Тазалық», «Денсаулық», «Әдемілік»
Топтар атауы туралы өз ойларын айтады.
II.Үй тапсырмасын орындау.
«Тазалық денсаулық кепілі»
- Әр топ тазалық ережелері туралы қағазға жазады, бір оқушы шығып оқып береді.
- Фонетикалық талдау жасау. Тазалық, денсаулық, әдемілік сөздеріне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, әріп пен дыбыс сандарын, дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс сандарын анықтау. Мысалы: Оқушы сөзін талдайық. О-қу-шы: О – дауысты жуан дыбыс, қ – дауыссыз қатаң дыбыс, у – дауысты жуан дыбыс, ш – дауыссыз қатаң дыбыс, ы – дауысты жуан дыбыс. 3 буын, 5 дыбыс, 5 әріп, 3 дауысты, 2 дауыссыз дыбыстан жасалған зат есім.
- Математикалық тапсырма. 2-тапсырмадағы тазалық, денсаулық, әдемілік сөздерінің дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс санының қосындысына буын санын көбейт. Өрнектің мәнін тап. Мысалы: Оқушы (2+3)*3=15
- Жұмбақтарды шешу.
1. Одан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. - Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. - Жуынып болғанда,
Жүреді қолында.
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді өзіңе.
5. Қалтамда жатыр,
Тістері бар батыр.
6. Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді?
7. Көзінен жас кетпейді,
Балалардан шеттейді,
Бұл баланы кім дейді?
8. Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді?
III. Жаңа сабақ.
«Дұрыс тамақтану ережелері». Видеоролик көрсетіледі. Оқушылар көргендерін баяндайды. Мұғаліммен бірге ой бөлісіп, түсінгендерін айтады.
Тамақтанудың белгілі тәртіптері:
- Ас ішер алдында (30мин) 1 стақан таза су іш
- Мезгілсіз ішкен асты адам дұрыс сіңіре алмайды. Сондықтан күн сайын белгілі бір мезгілде тамақтан.
- Әр тамақты жегенде асықпай ұсақтап шайнап жұт.
- Адам ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендері бар тағамдармен тамақтан.
Тамақтануға қатысты түрлі тазалық ережелері:
- Тамақ алдында қолыңды сабындап жу.
- Жеміс жидекті жуып же.
Адам ағзасына пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар:
- Үйге тапсырма.
Сауалнама толтыру.
Сауалнама
Сенің бойың | |
Сенің салмағың | |
Күніне неше рет тамақтанасың? | |
Таңғы асыңды күн сайын ішесің бе? | А) иә б) жоқ |
Зиянды тамақ жейсің бе? | А) иә б) жоқ |
Көкөніс пен жеміс-жидектерді күн сайын пайдаланасың ба? | А) иә б) жоқ |
Сен бүгін мектепте тамақ іштің бе? | А) ия б) жоқ |
Ішсеңіз, тамақ қандай болды? | а) ыстық б) салқын в) жылы |
Қандай ыдысты пайдаландыңыз? | а) пластикалық б) шыны |
Таңғы, түскі және кешкі астың арасында қандай тамақ, сусын түрімен тамақтанасың? | а) жеміс-жидек б) тәтті тағамдар в) шай, сүт, су г) тамақ ішпеймін |
Кешкі асыңды қашан ішесің? | а) ұйықтардын алдында б) 2 сағат бұрын в) әртүрлі |
V. Бағалау.
Кері байланыс
Исакова Калдыкыз Сериковна,
№ 90 жалпы орта мектебі,
Шымкент қаласы