і
Табиғатты аялайық
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты: Балалардың туған жерге, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Өлі және тірі табиғатпен таныстыру. Табиғат әсемдігін, әсем құбылыстарды көре білуге үйрету. Табиғат және қоршаған ортаның байлығын сақтай білуге, аялауға тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, жұмбақтар, тақпақтар, ойын.
Көрнекіліктер: Табиғат бейнеленген суреттер, тас, құм, топырақ, ағаш, су, гүлдер.
Қостілдік сыңары: Табиғат-природа, су-вода, құм-песок, гүл-цветок.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиелік іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық:
Шаттық шеңбері:
Табиғат- біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз.
Балалар шаттық шеңбері арқылы бір-бірімен амандасады. Бүгін біздің балалар өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы: «Табиғатты аялайық»
— Балалар табиғат дегеніміз не? Білеміз бе?
— Бізді қоршаған орта.
— Қане есімізге түсірейікші 1 жылда неше мезгіл бар?
— Бір жылда 4 мезгіл бар.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілі
— Ауа- райы қандай болып тұр?
— Күн суық
— Қай мезгілде қандай өзгерістер, құбылыстар болады?
Мысалы: қыста қар жауып, жер тоңады, аяз болады.
— жаз мезгілінде: күн ыстық болады, жеріміз түрлі-түсті боялған кілемдей жарқырап, табиғатымыз тамаша болады.
— Күз мезгілінде: күн суыта бастайды, жаңбыр көп жауады, жапырақтар сарғаяды.
— Балалар біз серуенге далаға шыққанда осы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бақылаймыз. Табиғат құбылыстарына; жел, жаңбыр, қар, боран, найзағай жатады. Сендерге табиғат құбылыстары туралы жұмбақты жасырсам шеше білеміз бе?
1. Аузы жоқ үреді
Аяғы жоқ жүреді
(жел)
2 . Жардай дәулер соғысты
Жарқ-жарқ етіп оқ ұшты
(бұлт, найзағай)
3 Көк жастығым сөгілді
Ішінен мамық төгілді
(қар)
4. Жарқ етсе сабау тамшы
Төгіліп жауар тамшы
(жаңбыр)
Балалар суреттен көрсетіп жауап береді.
— Музыка әуені арқылы табиғат құбылыстарының дыбыстарын естірту
Ұйымдастырушылық ізденістік.
— Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?
— Қазақстанда
— Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше.
— Балалар табиғат бұрышына қарайық. Табиғат бұрышында нелер бар екен? Топырақ, тас, су, ағаш, гүлдер. Осылардың барлығы табиғатқа жатады.
— Табиғат екіге бөлінеді: Тірі және өлі табиғат деп.
— Тірі табиғатқа: ағаш, гүл, өсімдіктер, құстар, жануарлар жатады.
— балалар табиғат туралы тақпақ білесіңдер ме?
1) Табиғатсыз өмір жоқ
Су топырақ ауа да
Табиғатқа жатады
Табиғатты қорғайық
2) Табиғат деген әдемі
Көп қызығып қарайды
Табиғат егер болмаса
Дала сәнді болмайды
3) Айналаның бәрінде
Қоршап тұрған табиғат
Өзен көлдің бейнесін
Қорғап тұрған табиғат
4) Жер-ана аялар анамыз
Саялар панамыз
Құлпырған тірлікпен
Жер құты гүл біткен
5) Көше бойы аралас
Қаптап өскен қарағаш
Жемісі жоқ болса деп
Саясы көк дара ағаш
6) Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су-дегенің осы
Сергіту сәті:
Қарлығаш, қарлығаш
Құйрығың сенің айыр
Тілейсің адамға жақсылықпен қайыр
Мейірімді құсым-ай
Қанат қағып ұшсын-ай
Таным саласы: Гүл құрастыру
Балалар біз далаға серуенге шыққанда гүлдерді, ағаштарды сындыруға болмайды. Оларды күтіп қорғап жүруіміз керек. Балалар сендер табиғат туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?
Тиым сөздер.
Гүлді жұлуға болмайды. Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Гүлді аялау керек Суға түкіруге болмайды
Ағашты кесуге болмайды Сусыз өмір жоқ
Олар бізге таза ауа береді Көк шөпті жұлуға болмайды
Коммуникация саласы: «Жер-ана» әңгімесі
«Алма ағашы мен Адам». Балалар бізге біреу келе жатқан сияқты сыбдырап алма ағашы шығады.
«Алма ағашы»: Иә мен ағашпын, алма ағашымын.
«Адам»: Ой мына алма ағашы керемет екен, алмасын теріп алайықшы. «Алма ағашы»: Е адамзат мен шөлдеп тұрмын, маған су құйып кет.
«Адам»: Менің қолым тимейді керек алмамды алдым, асығыспын су құй дейді ғой, сенің енді керегің жоқ маған. «Алма ағашы»: Адамзат мені қадірлемегенің өзіңді сыйламағаның ғой. Қандай қатыгезсің су болса ғой, күннен-күнге қурап барамын. Адамдарға не болған. (Екі адам келеді), Ағаш саған не болған. Дәмді алмаларың қайда. «Алма ағашы»: Мен қураған алма ағашымын. Жеміс бере алмаймын. Маған адамдар күтіммен қарамады.
— Кешір мен саған көмектесемін, қазір су құямын. Топырағыңды қопсытайын. Сен тірі табиғатсың.
«Алма ағашы»: «Жер»: Ағаш, адамзат сендер егізсіңдер. Бір-біріңсіз күн көре алмайсыздар. Бір-біріңе керексіңдер. Менің тілім шықты. Менде табиғаттың бір бөлігімін. Адам баласы мені дұрыс пайдаланса бидай-нан, жеміс-жидек, бәрін де беремін. Сондықтан мені қазып бүлдірмеңдер. Сіздерге керекпін. Мен ата-бабаның найзасының ұшымен қорғаған жерімін.
Шығармашылық: Алманың суретін жапсыру.
«Жаңбыр мен бұршақ» саусаққа арналған жаттығу
Балалар біздің табиғат туралы ұранымызды айтайық.
Хормен айтады.
Тазалықты сақтаймыз Бізге деген пайдасын
Табиғатты баптаймыз Жақсылықпен ақтаймыз
Рефлексиялық түзетушілік.
Біз бүгін оқу іс-әрекетімізде барлығымыз айнала қоршаған табиғатқа қамқор болып оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қарауымыз керектігін білдік.
«Сүйейік, табиғатты аялайық»
Біз де одан жақсылықты аямайық» деген өлең жолдарымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.
Балаларға сұрақ қою арқылы іс-әрекетті қорытындылау
Балаларды мақтап-мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Табиғатты аялап, қорғауды біледі.
Баланың меңгеруі: Тірі және өлі табиғатты ажыратады.
Қоршаған орта , табиғатқа қамқорлық жасау
Баланың жасай алуы: Гүлді құрастыра білу, суретті сала алады, қойылған смұраққа жауап бере алады.
Дүйсенбаева Раушан Пернебайқызы,
ОҚО, Кентау қаласы,
«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы
«Ботақан» тобының тәрбиешісі