Home » Жаңалықтар » ДҮБІРЛІ ДОДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ДҮБІРЛІ ДОДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін, – деп кезінде Алаштың ертеңіне, болашағына сеніп кеткен арыстарының бірі — Мағжан Жұмабаев болатын. Ұрпағы да өткенін ұлықтап, қазақтың зиялы ұлдарының өмірі мен шығармашылығын атаулы оқулармен насихаттап келеді. Сондай дүбірлі шараның бірі — Мағжан оқулары — жыл сайын ақынның рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында өтетін сайыс. Үстіміздегі жылдың қазан айында дүбірлі шара Павлодар қаласындағы №35 мектепте өтіп, оған облысымыздың аудандық, қалалық сайыс кезеңінен өткен 52 жеңімпаз бақ сынасты. VІ облыстық Мағжан оқуларында балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.

Аталған додаға Екібастұз қалалық Мағжан оқулары сайысының «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Атығай мектебінен, «Толқынмен толқын сырласып» номинациясына Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББМ және «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» аталымына №18 ЖОББМ  оқушылары қатысты.

«Толқынмен толқын сырласып» номинациясында ақынның шығармашылығына ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмысын жүргізіп, жеке ғылыми жобасымен қатысқан Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББ мектебінің  9 сынып оқушысы Айнагүл Нұржанова үздік шығып, І дәрежелі Дипломмен марапатталып, сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Сонымен қатар, жеңімпазды дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күнзираш Асанбайқызы Шынықұловаға «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясының Алғыс хаты табысталды.

Екібастұз қаласының атынан мектеп намысын қорғаған жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!

 

Ботагөз АЛҒАМБАРОВА,

Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББМ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.