Home » Жаңалықтар » Дуалдық оқыту: еуропалық стандарт жолында

Дуалдық оқыту: еуропалық стандарт жолында

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» базасында СҚО Кәсіпкерлер палатасы серіктестемен біріге 26-сәуір күні «Дуалдық оқыту: еуропалық стандарт жолында» халықаралық әдістемелік телекөпірі өтті.

Өткізіліп отырған әдістемелік телекөпірідің өзектілігі Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерімен белгіленген.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі еңбек нарығында өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделген, өз міндеттерін сапалы және жауапты атқаратын жоғары кәсіби кадрлар жеткіліксіз.

Екінші халықаралық ЮНЕСКО Конгресі құжаттарында ХХІ ғасыр экономика мен қоғамға түбегейлі өзгерістер әкелетіні атап өтілген, бұл техникалық және кәсіптік білім беруге өз әсерін тигізеді, өйткені білікті мамандарды сапалы даярлау арқылы «болашақ көпірді» қамтамасыз етуі қажет.

Жоғары білімді және кәсіби деңгейлі адами ресурстарды дайындау үшін жаңа технологияларды меңгеру қажеттілігі туындап отыр, өйткені әлемдік нарықта халықтың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендету, өнім сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті ету талаптары артып отыр.

Мамандарды даярлауды жетілдірудің бірден бір жолы дуалдық оқыту жүйесін енгізу болып табылады.  

Кәсіптік білім берудің дуалдық түрі білім беру үдерісі болып сипатталады, ол дәстүрлі білім беру ұйымында білім ала отырып, жартылай өндірісте тәжірибелік оқытумен сәйкестенеді. Бұл әлеуметтік серіктестік механизмін жақсы жолға қоюға мүмкіндік береді.

Кәсіптік білім берудегі әлеуметтік серіктестік – еңбек нарығындағы әр түрлі білім беру институттары өзара әрекеттесуінің ерекші түрі, яғни кәсіпорындармен – жұмыс берушілермен, халықты еңбекпен және жұмыспен қамту департаментімен, қоғамдық ұйымдармен, ЖОО-мен. Әлеуметтік серіктестіктің негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы тез өзгерітерге бейімдеу, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау үдерісіне көмектесу.

Мақсаты: бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлау үшін еуропалық тәжірибе негізінде ТжКББ ұйымдарында дуальді оқытуды енгізудің механизмдерін талқылау және анықтау.

Халықаралық серіптестіктер: Минск қалалық білім беру институты, Минск қаласы, Беларусь Республикасы, Запорож облысының кәсіптік-техникалық білім берудің ғылыми-әдістемелік орталығымен, Украина, Бердянск машина жасау кәсіптік лицейімен, Бердянск қаласы, Украина», СҚО кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, білім беру ұйымдарының директорлары мен  орынбасарлары, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» оқытушылар құрамы.

 

Әдістемелік телекөпіріде қарастырылған сұрақтар:

  • ТжКБ білім беру ұйымдарында дуальді оқытуды енгізудегі еуропалық тәжірибе негізінде: мәселелері және шешу жолдары
  • ТжКБ ұйымдарында дуальді үздік оқыту жүйесін енгізу бойынша
  • Кадрларды дайындау үшін дуальді оқыту бағдарламасының ерекшеліктері
  • Дуальді оқыту жағдайында ТжКБ оқушыларын тиімді оқытудың тәсілдері
  • Өндіріс және колледждер арасындағы өзара әрекеттер механизмі және ТжКБ аясындағы әлеуметтік серіктестікті дамытудың жаңа тенденциялары
  • Дуальді оқыту жағдайында кәсіптік білім беру технологиясы және мазмұнындағы инновациялар
  • Бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлауда дуальді оқытуда шетелдік тәжірибелерді ұйымдастыру
  • Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда колледждің ғылыми-әдістемелік қызметтің рөлі

Қатысушылар кері байланыс үдерісінде жұмыстың өзектілігі мен өнімділігін, тәжірибеге бағытталғаны мен баяндамалардың ғылыми мазмұнға негізделгенін атап өтті.

Әдістемелік телекөпіріге қатысушылардың  пікір алмасуы дуальді оқыту бағдарламасының кәсіби дамуы мәселесі  халықаралық маңызға ие екенін көрсетті.

Халықарлық әдістемелік телекөпірдің қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды:

ұсыныс білдіреді:

  • «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ», СҚО Кәсіпкерлер палатасы серіктестемен өзара әрекеттесу түрі мен бағытын кеңейтуге:
  • Минск қалалық білім беру институты, Минск қ., Беларусь Республикасы;
  • Запорож облысының кәсіптік-техникалық білім берудің ғылыми-әдістемелік орталығымен, Украина;
  • Бердянск машина жасау кәсіптік лицейімен, Бердянск қ., Украина»;
  • еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау тәжіриесімен алмасу бойынша біріккен өзара әрекеттестік жоспарын әзірлеу;
  • «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» сайтындағы «Master kz» электронды газетінде дуалдық оықту жүйесін енгізілген жұмыс тәжірибесін жарялау арқылы тарату;
  • техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуалдық оқытуды енгізу және ұйымдастыру үдерісінде  «Дуалдық оқыту: еуропалық стандарт жолында» әдістемелік көпірінің материалдарын қолдану.

К.У. Сабиева

«Гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми пәндерді

 оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар»

 кафедрасының меңгерушісі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.