UEFA Чемпиондар лигасының ресми серіктесі «Газпром» ЖАҚ іске асырылатын «Достық футболы» балаларға арналған халықаралық әлеуметтік бағдарламасының жетінші маусымы басталады. Соңғы шаралар Испанияның астанасы Мадрид қаласында 28 мамырдан 2 маусымға дейін өтеді. Жобаның басты мақсаты – балалар және жасөспірімдер спортын қолдау, салауатты және белсенді өмірлік құндылықтарды алға тарту, сонымен қатар жастардың түрлі ұлттар мен мәдениеттерге деген құрметін дамыту.
Ұлдар мен қыздар, оның ішінде мүгедек балалар жобаның тоғыз құндылықтарын: достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс, дәстүр және абырой алға тартып, жыл сайтын «Достық футболы» бағдарламасына қатысады.
«Достық футболы» бағдарламасының жетінші маусымының шеңберінде түрлі әлем елдерінде іс-шаралар ұйымдастырылады. Ашық жеребе тастау салтанаты кезінде Халықаралық достық құрамасының аралас құрамы анықталады. Бағдарламаның экологиялық бастамасы шеңберінде құрамалар сирек кездесетін және азайып бара жатқан жануарлардың аттарымен аталады. Сонымен қатар «Достық футболы» Халықаралық күні салтанатты аталып өтеді – түрлі мемлекеттердің балалары мен ересектері жобаны қолдап, достық матчтарына және ашық сабақтарға қатысады, сонымен қатар жасыл және көк жіптерден тұратын, ашық аспан мен футбол өрісінің түсін білдіретін ресми символы Достық білезігін байлайды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген Жас журналисттер «Достық футболы» жаңа маусымының шараларын жария ете отырып, Халықаралық балалар пресс-орталығында өз күштерін сынап көреді. Балалар репортердің қажетті дағдыларын меңгереді, жаңа білімдерін соңғы шараларда сынап көреді, сонымен қатар штаттан тыс корреспонденттер ретінде жетекші БАҚ-ммен жұмыс істеп көруге мүмкіндік алады.
Осы жылы жас қатысушылардың арасында журналисттер, ойыншылар мен бапкерлер ғана емес, Жас рефери де бар, олар түрлі елдердің төрешілік мектептердің оқушылары. Бірнеше күннің ішінде олар Халықаралық достық лагерінің бір бөлігіне айналады және спорттық және білім беру шараларына қатысады: танымал футболшылардан воркшоптар, Жас бапкерлердің қол астында жаттығу, сонымен қатар «Тоғыз құндылық» мектебінің шеңберіндегі мастер-класстар.
Соңғы шаралардың аясында «Достық футболы» халықаралық форумы өтеді. Бағдарламаның басты оқиғасы «Достық футболы» бойынша әлем чемпионаты, оның финалы Мадрид қаласының орта тұсындағы Пласа-Майор орталық алаңында өтеді. «Достық футболы» бағдарламасының жетінші маусымы аяқталғанда қорытынды шаралардың қатысушылары Мадридте «Ванда Метрополитано» стадионында өтетін УЕФА 2019 чемпиондар лигасының соңғы матчіне барады.
«Газпром» ЖАҚ іске асырылатын «Достық футболы» бағдарламасы спорт арқылы балаларға жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытады, кедергілерді жояды, өз борышын тауып, өзі туралы мәлімдеуге мүмкіндік береді. Осындай алаң ғаламдық спорттық қоғамдастықтың қалыптасуына септігін тигізе отырып, мәдениетаралық ортада жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді» — деп Микель Пуч айтты, Soccer Barcelona Youth Academy қалаушысы және басшысы.
Ғаламдық қамтудың, теңдессіз танымалдықтың, позитивті ойлаудың арқасында «Достық футболы» бағдарламасы – бұл әлеуметтік және экономикалық кедергілерді бұзып қана қоймай, өзін-өзі және қоршағандарды түсінуге мүмкіндік беретін қуатты аспап». — Ананья Камбодж деп айтады, Үндістаннан келген Жас журналист (15 жас).
АНЫҚТАМА:
«Достық футболы» балаларға арналған халықаралық әлеуметтік бағдарламасы «Газпром» ЖАҚ-пен 2013 жылдан бастап іске асырылады. Бағдарламаның қатысушылары алға тартатын негізгі құндылықтар — достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс, дәстүр және абырой. «Достық футболы» бағдарламасын УЕФА, ФИФА, Халықаралық Олимпиада Комитеті, түрлі елдердің футбол федерациялары, халықаралық балалар қайырымдылық қорлары, танымал спортшылар және әлемнің жетекші футбол клубтары қолдайды. Бағдарлама өткен алты маусымдарында 5,5 мың қатысушыларды біріктірді және танымал спортшылар, суретілер, саясаткерлер қатарынан 4,5 миллион жақтаушыларды тапты.