Home » Ашық сабақтар » Достық сабағы

Достық сабағы

 Мақсаты: Балаларды өзге ұлт халықтарының салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін біліп, тануға баулу. Халықтар достығы бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру. Тапсырмалар бере отырып, ой-өрісін дамытып, белсенділіктерін арттырып, дүниетанымын кеңейту. Олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, рухани дүниетанымын жетілдіру. Балаларды ынтымаққа, достыққа, бірлікке, төзімділікке тәрбиелеу. Толерантты тұлға қалыптастыру. 

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.

Көрнекілігі: слайд бойынша тақырыпқа байланысты суреттер.

Сөздік жұмыс: өзге ғалам

Мотивациялық қозғаушылық:

Балалар саппен залға кіріп қонақтармен үш тілде амандасады. 

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем мезгілінің айларын атап беріңізші (қазақ, орыс, ағылшын тілінде)

— Көктем мезгілінің табиғат өзгерістерін айтып беріңізші?

— Балалар, бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз өте ерекше болмақ, біздер ғажайып сәттерді қызықтап саяхатқа шығамыз (Музыка ойналып аспаннан бірнәрсе ұшып келіп қонғандай болады)

Өзге ғаламшар адамы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Здравствуйте, ребята! Hello, children! (Балалар амандасады)

  • Балалар мен – жат планеталықпын. Мен өз елімнен ұшып келдім, әрине менің жүзім қорқынышты, бірақ менің адам баласына зияным жоқ. Мен жердегі адамдардың ауызбіршілікті тату тұратынына көз жеткізейін деп келдім. Менің елімде бәрі татулықта ауызбіршілікте өмір сүріп жатыр. Мен сіздің еліңізге саяхат жасайын деп келдім. Менімен саяхақа шығуға дайынсыңдар ма? (Балалардың жауаптары)

Ұйымдастыру-іздестіру:

Балалар жатпланеталықпен ұшатын тарелкаға мініп саяхат жасауға шығады.

1-аялдама: Ресей еліне келіп қонады. Балаларды Ресейдің ұлы мен қызы қарсы алады. (Ресей халқының балалары қолдарында тәттілермен қарсы алады)

         Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресе́й орыс, қысқартылған атауы — РФ ) – Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі. Астанасы – Москва қаласы. 

        2-аялдама: Өзбек еліне келіп қонады. Балаларды Өзбек ұлы мен қызы қарсы алады. (Өзбек халқының балалары қолдарында тәттілермен қарсы алады). 

        Өзбекстан Республикасы Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған Конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы – Министрлік Кабинет Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді.

Ташкент қаласы мен оның маңайында ауылшаруашылық машиналарын жасау кәсіпорындары орналасқан. Мұнда мақта жинауға және тазалауға арналған машиналар, тоқыма өнеркәсібі мен суландыруға қажетті жабдықтар шығарылады.

Елдің халық тығыз орналасқан шығыс бөлігінде электр техникасын, приборлар мен құрал-сайман жасайтын өндірістің үлесі едәуір. Мұнда жүк көтергіш көліктер мен химия өнеркәсібіне қажетті жабдықтар, кабель өндіретін кәсіпорындар да орналасқан.

1996 жылдан бастап Андижан облысында «Дэу» компаниясымен бірлескен автомобиль зауыты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорында жылына 200 мыңға дейін «Дэу-Нексия» жеңіл автокөлігі құрастырылады. 

          3-аялдама: Түркмен еліне келіп қонады. Балаларды Түркмен ұлы мен қызы қарсы алады (Түркмен халқының балалары қолдарында тәттілермен қарсы алады). Түркменстан қазба байлыққа өте бай ел. Ол жерде мақта, мұнай, ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Астанасы – Ашхабад қаласы, оны мрамор қаласы деп те айтуға болады. Ашхабад қаласы өте әдемі жер. Түркменістанда 5 облыс бар. Шөл даласы да бар. Мына біздің Каспий жағалауы Түркменістанға  да барып жатыр. Туркменбашы қаласында порттар да бар. 

          4-аялдама: Мынау – біздің ел – Қазақстан елі. Ол өте бай. Елімізде 14 облыс, 85 қала бар. Елордасы – Астана. Пайдалы қазбалар да көп. Міне осы шекаралас елмен тату-тәтті өмір сүреді. Көрдіңіз бе, жатпланеталық, біздің елде бәрі жақсы. Балалар да ауызбіршілікте өмір сүреді.

         Өзге ғаламшар адамы: Балалар, дұрыс айтасыңдар, менің ойым қате болып шығыпты, сіздер де ауызбіршілікте тату-тәтті өмір сүреді екенсіңдер, жарайсыңдар, балалар. Мен сендермен жүргенде көңілім көтеріліп қалды, рахмет сенедерге. Ендеше менің еліме кететін де уақыт таяп қалды. Хош сау болыңыздар, балалар! 

Рефлексиялық-түзетушілік: (Барлық ұлттың баласы ортаға шығып, бір шаңырақ астында  тұрып, өлең шумақтарын қайталайды)

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Туыспыз біз бәріміз

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз. 

Күтілетін нәтиже: Қазақстанда өзге ұлттың көп екендігін және олар бір аспанның астында өмір сүретіндігі туралы түсінеді.

Матжанова Қарлығаш Куанбаевна,

№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.