Адамдар бір-біріне адал қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достыққа адал болу, көмектесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді. Айнымас досы бар адам ең бақытты адам дегендей әр адамның досы болуы керек және ол жан досымен көп арласып тұруы қажет. Қазақ халқында мынандай мақал бар «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Достықтың төлеуі – достық». Дос деген әлемдегі барлық адамдарға қажет.
Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірік айту, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Берік Карина
Астана қаласы, №84 мектеп-лицейінің
4 «Ә» сынып оқушысы