Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым — қатынас орнату, бір — бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту. Оқушылардың Отанына, туған жеріне, анаға, досына деген сүйіспеншілікті арттыру, дамыту. Достық сезімін дұрыс түсінуге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі: Пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, стикер, қолдың сызбасы, мақал — мәтелдер.
Сабақтың әдіс — тәсілі: баяндау, әңгімелеу, пікірлесу, топтастыру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық
«Жақсы адам — тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң, досың жоқ, орташа болсаң, бір жақсыға ілесе аларсың» дейді екен халық даналығы дегендей бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір — бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. («Досыммен бірге» ойыны арқылы бір — біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Назерке — Нәзік
Ақерке – Ажарлы
Айнаш – Ақкөңіл
Нұршат – Нұрлы
III. Достық туралы аңыз әңгімені көріп алады.
— Достық деген не?
— Дос деп кімдерді айтамыз?
— Достарды қайдан кездестіруге болады?
IV. Топтық жұмыс. (Дос туралы постер қорғау)
Дос болу үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар?
V.«Пікір алысу»
1. Үш адам нағыз дос бола ала ма?
2. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
3. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?
VI. Мәнерлеп оқу.
- Доспен әр кез көңілді,
Жақсы достар сатпайды.
Адал болсаң достарға,
Сонда досың қаптайды.
- Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен. - Қиналғанда қасынан,
Табылатын шын достық,
Ешкімге сырды айтпаса,
Әрине ол шын достық.
VII. Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз…. іздеген адам…. қалады».
2. «Дұшпан…. айтады, дос…. айтады».
5. «………. ақшаң болғанша, көп досың…».
6. «Досы көппен….,
Досы жоқпен…».
7. «Досы…, өзі де жақсы».
8. «…. басқа қарайды,
… аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз…. ақылды дұшпан….».
10. «Досың мың….,
біреу болса да көп».
VIII. Мінездеме беру
Өздеріңнің қолдарыңның суретін саласыңдар. Әр саусақтың бұрышына бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар. Досың туралы әңгімелейсің.
- Қорытынды.
‒ Балалар, бүгінгі сабағымызда жүрегімізге, жанымызға жақын, жақсы көретін достарымызтуралы әңгімелестік. Досымыз туралы ең жақсы, тамаша сөздерді айттық. Достар бір біріне әрқашан көмектесу керектігі түсіндік. Сабағымызды «Дос болайық бәріміз» әнін айтып аяқтаймыз.
– «Дос болайық бәріміз» әнін айту.
Әні: Х. Талғаров
Сөзі: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қ — сы
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
X.Үйге тапсырма.
« Досым саған арнаймын »(ақындар өлеңдерінен үзінділер)
Есжанова Шакижамал,
Қызылорда қаласы
№171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің жоғары
санатты бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі: 34 жыл