Достық ˗ киелі ұғым. Дос ˗ адал жаны құлазыған кездерде тіреу бола алады. Қуанышты сенімен бірге бөліседі. Адал достар өтірік айтпай, бірін-бірі қорғайды.
Достық адамдардың бір-біріне адал қалтқысыз, сенуі, ортақ көзқараста болуынан туындайды. Ол өзара жауапкершілік пен қомқорлықтың рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болса да, шын достыққа кедергі жоқ. Нағыз достық кейбір кемшіліктерден арылуға көмектеседі.
Меніңше дүние-мүлкіңе қызыққан көптеген достарыңнан гөрі, адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалайтын достарымыз болсын деп тілейміз.
Досалыева Адия
Астана қаласы
№ 84 мектеп-лицейінің
4 «Ә» сынып оқушысы