Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация
Сабақтың тақырыбы: «Достарыма арналған шарлар»
Мақсаты: — негізгі түстер туралы білімдерін бекіту; — бейнелеу іс – әрекетіне баули отырып, көңіл күй сыйлай білуді уйрету; — бейнелеу іс – әрекетіне деген қызығушылығын ояту; — жолдастыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: шар – шарик; ойыншықтар – игрушки; қағаз – бумага; желім – клей; т, б.
Қажетті құралдар: үш түрлі көлемде ойыншықтар, шарлар, шардың суреті, балаларға үлестірмелі көрнекіліктер, көңілді смайликтердің суреті, қағаз, желім.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Күліп өмір сүрейік.
Үлгі суретпен жұмыс:
Тақтада шардың суреті ілініп тұрады.
Сұрақтар:
- Шардың пішіні қандай?
- Қандай түсті шарлар болады?
- Шар мен ойнағанды ұнатамыз ба?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші: Балалар ойын ойнағылырың келе ме?
Балалар: Ия.
«Көлеміне қарай орналастыр» дидактикалық ойын.
Тақтада үш түрлі көлемде үш ойыншық ілініп тұрады. Көлеміне қарай уш түрлі түсті шарды ойыншықтардың көлеміне қарай орналастыру керек. Балалрдың алдында үш түрлі ойыншықтар бекітілген суреттер тұрады. Соған балалар алдарында тұрған шарларды ойыншықтардың көлеміне қарай орналастырып шығуы керек.
- Үлкен шардың түсі қандай?
- Сары шардың көлемі қандай?
- Кішкентай шардың түсі қандай?
Шардың бейнесін жапсыру. Алдарымызда тұрған шардың бейнесін қағаз бетіне жапсыру.
Тәрбиеші: Балалар жапсарып жатқан шарымыздың түсі қандай?
Балалар: Сары.
Сергіту сәті.
«Көңілді қимылдар».
Қалай отырасың?
Міне былай!
Қалай күлесің?
Міне былай!
Қалай жүгіресің?
Міне былай!
Қалай қоштасасың?
Міне былай!
(мазмұнына сай қимыл – қозғалыстар көрсетеді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық.
«Көңілді смайликтер» ойыны
Балалар ол үшін бәріміз экранға назар аударайық. Экранда әр түрлі көңіл күйді білдіретін смайликтер шығады, соларды салуымыз керек. Әр түрлі қимылмен, мимикамен.
Тәрбиеші: Балалар сендерге ойын ұнады ма?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Көңіл күйіміз бір көтеріліп қалған сияқты.
Ұжымдық жұмыс:
Шарларды безендіру.
Балалар үш топқа бөлінеді, әр топқа үш түрлі түсті шарлар беріледі. Соны әр түрлі бейнелермен безендіріп шығуы керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар шарларымыз қандай әдемі шыкты! Сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Балалар ендеше безендірген шарларымызды бір – бірімізге сыйға тартайық.
Сұрақтар:
- Балалар бүгін біз ненің бейнесін жапсырдық?
- Шарлардың пішіні қандай екен?
- Мысықтардың пішіні қандай?
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: кеңістікті бағдарлдай отырып рет – ретімен орналастыруды;
Нені игеру керек: суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді, қажетті түстірді үйлестіре білуді.
Нені меңгереді: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Айжанақ Нәдирабегім Санатқызы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Болашақ» бөбекжайы» МКҚК
тәрбиеші