Home » Білім және тұлға » Директор – мұғалімнің мұғалімі

Директор – мұғалімнің мұғалімі

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі талай дарынды шәкірттерді тәрбиелеп отырған киелі білім ордасы.

«Мектептің жүрегі – мұғалім» Тәуелсіз елдің ертеңін ойлар саналы да білімді, Отанын, туған жерін, ұлтжанды парасатты шәкірт тәрбиелеу ұстаз міндеті. Бүгінде осындай парасатты тұлға, қадірлі ана, аяулы жар, инабатты келін – Сауыт Жұмагүл Қабидоллақызы.

Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 1996 жылы бітірген Сауыт Жұмагүл Қабидоллақызы еңбек жолын осы мектептен бастаған еді. Биылғы жылы еңбек өтілі 20 жылдан асып барады.

Жұмагүл апай өзінің ұстаздық жолында, шәкірттеріне «Білікті ұстаз», әріптестеріне «сыйлы мұғалім» болып танылды.

Апайдың өмірі осы мектеппен біте қайнасуда. Апай үшін мектеп, оқушы бірінші орында. Апайдың көпжылдық қайратты еңбегінің арқасында биылғы жылдан бастап осы мектептің басқару жүйесін өз қолына алып, жаңа фарматты ұстаз бен өмірге бейім оқушыларды тәрбиелеу басты мақсаты болып отыр.

Оның куәсі қараша айында мектебімізде «Оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар болды. Мектебіміздегі жүргізілетін жұмыстар бәрі апайдың басқаруымен, ақыл-кеңесімен өтеді. Әр өткізілген сынып сағаттары мен ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шараларға, меркелік бағдарламаларға апай өзінің сындарлы ұсыныстарын айтып, болашаққа жол көрсетіп отырады. Мектеп мұғалімдерінің жеке тұлғаны дамытуда республикалық, облыстық, қалалық сырттай байқауларға, олимпиадаларға, ғылыми жұмыстарға қатысуларын қамтамасыз етіп үнемі қадағалайды.

«Ұстаз еңбегі шәкіртімен бағаланар»-демекші, «Абай оқулары» байқауының ІІІ номинациясы «Асыл сөзді іздесең…» тақырыбынан Насрединова Асел Бағдатқызы қалалық байқаудан бас жүлде алып, облысқа жолдама алған. Одан Омаш Бекзат осы номинациядан қалалықта үшінші орынды иеленді. Омаш Анар да жыл сайын қазақ тілі пәні бойынша қалалық олимпиадаларға қатысып жүрді. Қазіргі таңда апайдың көркем сөз өнерінің мәнін терең түсіндіріп, шыңдап жүрген шәкірті Омаш Анеля. Анеля «Жеті ата, жеті ұрпақ» тақырыбында өткен республикалық эссе байқауына қатысып сертификатпен марапатталды. Қалалық «Абай оқулары», «Фариза оқулары» байқауларына қатынасып, қалалық білім бөлімінің тағайындаған номинациясын жеңіп алды. Анеляға талабыңа нұр жаусын, өмір жолың жарық болсын дейміз. Жұмагүл апай қалалық, республикалық байқауларға, олимпиадаларға, интернет-байқауларға, білім сайыстарына шәкірттерін қатыстырып, дарынды балалармен жұмыс жүргізуде.

Жұмагүл апайдың еңбегіне шығармашылық табыстар, қажымас қайрат, заман талабына сай тәрбиеленген жеке тұлғаларыңыз көп болсын демекпіз. Басқарып отырған ұжымыңыз да сынықтардан сүрінбей өту жолында еңбектері жана берсін. Шығармашылық табыс тілейміз!

 

Бисекеева Гаухар Зейноллаевна

Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы,

Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім

беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.