Жүргізуші сөзі:
Қазақ поэзиясының аспаны кең, жарқыраған жұлдыздары да жетерлік. Біз өмір сүріп отырған Ақжайық өңірінде де ерекше сәуле шашып, жарқырай жанатұғын жұлдыздар шоғыры жетерлік. Олар осы топырақтан жаралып, туған жер дегенде жүректерін жалау етіп, мәңгі әдебиет әлемінде жарқырап қалған Ақжайықтың өз ұл-қыздары – жерлес ақындарымыз. Жайықтан шабыт алған шайырлардың бірі, жай шайыр емес, майдангер шайырлар, ғасырлық мерейтойлары елімізде кең көлемде аталып өткен шайырлар – Абдолла Жұмағалиев пен Сағынғали Сейітов біздің бүгінгі әдеби кешіміздің негізгі кейіпкерлері болмақ.
Бүгінгі шарамызда 2 топтың яғни 2 сыныптың ізденісіне куә боламыз:
9 «А» сыныбы – А.Жұмағалиев атындағы топ,
9 «В» сыныбы – С.Сейітов атындағы топ.
Жұмыс топтық түрде «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» ( СТО) технологиясының «Рөлдегі оқушылар» стратегиясы бойынша өтеді. Бұл стратегия бойынша әр топта 5 адамнан болуы шарт:
Баяндаушы әр топ өзіне тиесілі ақынның өмірбаяны бойынша хронологиялық кесте құрып, сол кестеге шолу жасайды.
Сипаттаушы ақынның өлеңдерін жатқа оқиды.
Сөз тапқыш әр топ өзіне тиесілі қаламгердің шығармашылығына шолу жасайды.
Дәнекер әр топ өзіне тиесілі қаламгердің мерейтойлық шаралары туралы баяндайды.
Бейнелеуші әр топ өзіне тиесілі қаламгердің шығармашылығы бойынша салған суреттерін таныстырады.
І топтың жұмысы
Баяндаушы А.Жұмағалиевтің өмірбаяны бойынша хронологиялық кесте құрып, сол кестеге шолу жасайды.
Сипаттаушы А.Жұмағалиев өлеңдерін жатқа оқиды.
Сөз тапқыш А.Жұмағалиев шығармашылығына шолу жасайды.
Дәнекер А.Жұмағалиевтің мерейтойлық шаралары туралы баяндайды.
Бейнелеуші А.Жұмағалиев шығармашылығы бойынша салған суреттерін таныстырады.
Баяндаушының жұмысы:
АБДОЛЛА ЖҰМАҒАЛИЕВ
03.04.15. Сырым ауданы, Қоңыр ауылдық округінен 18 шақырым жердегі Былқылдақта дүниеге келген.
- Қоңыр мектебінен бастауыш білім алады.
- Орынборда оқиды.
- Қызылордада оқиды.
1934-36 ж.ж. Орал педагогика институтында оқиды.
1934 ж. «Біздің еңбек» альманағында алғашқы өлеңі жарияланады.
1936-38 ж.ж. Алматыда, ҚазПИ-де оқиды.
1938-39 ж.ж. Қызылорда сауда техникумында оқытушы болады.
1939-41 ж.ж. «Қаз. Мемлекеттік көркем әдебиет» баспасында редактор болады.
1941 ж. шілдеде әскер қатарына шақырылады.
- майдан газетінде тілші болады.
26.10.41. ҰОС-ында ерлікпен қаза тапты.
Сипаттаушылар А.Жұмағалиев өлеңдерін жатқа оқиды.
Сөз тапқыш А.Жұмағалиев шығармашылығына шолу жасайды.
А.Жұмағалиев 27 жас ғұмырында 105 өлең ( 35-і лирика), 16 аударма, 8 поэма-дастан, әрқилы фрагменттер қалдырған. Шығармалары 1936-41 жылдары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрған. Әдебиет туралы жазбалары да жоқ емес. Шығармалары
«Таңдамалы өлеңдер» (1945 ж),
«Өшпес жалын» (1962 ж),
«Өлмес өмір дастаны» (1985 ж) атты жинақтарда жарияланды.
«Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» (аяқталмаған) атты поэмалары бар.
Лермонтовтың, Низамидің, Байронның шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Май жыры», «Шырқап әнге салып көр», «Ұлы жолда», «Жастар әні», «Жылқышы әні», «Алтын өмір өрнегі», «Ақын толғауы», «Қазақстан»атты өлеңдері алдымен баспасөзде жарық көріп, кейін Л.Хамиди сияқты сазгерлер музыкасын жазып, радиобағдарламаларда, концерттерде орындап жүрген.
Дәнекер А.Жұмағалиевтің мерейтойлық шаралары туралы баяндайды.
А.Жұмағалиевтің 100 жылдығы ақынның туған жері Сырым ауданында өткізілді. Республикалық Арыс баспасынан шыққан Абдолла туралы жаңа кітаптың таныстырылы болды. Бұл 1985 жылы ақын Ә.Сәрсенбаевтың «Өлмес өмір дастаны» атты жинақтың екінші басылымы. 5 тараудан тұратын кітапқа ақынның өлеңдері мен дастандары, аудармалары, замандастарының естеліктері топтастырылған.
Ақын ұрпақтары атынан екібастұздық А.Жұмағалиевтің інісі Шайдолла Жұмағалиев мерейтойдың құрметті қонағы болды.
А.Жұмағалиевке тележурналист М.Балмолда деректі фильм, ал ақын Ғ.Сейтақ пен сазгер Ж.Ғайсағалиев «Қоңырдың қасқалдағы» атты ән арнады.
Жосалы орта мектебінде ақынның мүсіні ашылды. Мектеп мұражайы жаңғыртылып, қайта ашылды.
Қоңыр округы орталығындағы негізгі көше мен кезінде өзі алғашқы шәкірттерінің бірі болған мектеп-балабақша кешені бүгінде ақын есімін еншілеген.
Бейнелеуші А.Жұмағалиев шығармашылығы бойынша салған суреттерін таныстырады.
ІІ топтың жұмысы
Баяндаушы С.Сейітовтің өмірбаяны бойынша хронологиялық кесте құрып, сол кестеге шолу жасайды.
Сипаттаушы С.Сейітов өлеңдерін жатқа оқиды.
Сөз тапқыш С.Сейітов шығармашылығына шолу жасайды.
Дәнекер С.Сейітовтің мерейтойлық шаралары туралы баяндайды.
Бейнелеуші С.Сейітов шығармашылығы бойынша салған суреттерін таныстырады.
Баяндаушының жұмысы:
Сағынғали Сейітов
20.11.17. Ақжайық ауданы Өлеңті ауылында дүниеге келген.
1937 ж. Орал су транспорты рабфагын бітірген.
1941 ж. Қазақ пед.институтын бітірген.
1941-47 ж. ж. әскер қатарында болып, ҰОС-ына қатысқан.
1951-52 ж. ж. «Қаз.Мемлекеттік көркем әдебиет» баспасына басшылық жасайды.
1951 ж. «Большевиктер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді.
2007 жылдың ақпанында өмірден озды.
Сипаттаушылар С.Сейітов өлеңдерін жатқа оқиды.
Сөз тапқыш Сағынғали Сейітов шығармашылығына шолу жасайды.
С.Сейітов 1936 жылы өзіміздің облыстық газетте жарияланған алғашқы өлеңінен бастап, 70 жылға жуық шығармашылық жолында 50-ге тарта кітабы жарыққа шықты. Ол қазақ тілінде әзірбайжан, қырғыз, татар, қарақалпақ, тәжік ақындарының өлеңдер жинағын құрастырды. М.Лермонтов, Н.Некрасов, В.Маяковский, А.Твардовский, М.Жәлел шығармаларын қазақшаға аударды.
Бірқатар оқулықтардың және «Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очерктері» атты ұжымдық еңбектің белді авторы болды. Сыни ғұмырнамалық очерктер жазып, Қ.Жармағамбетовпен бірге С.Мұқанов шығармашылығын зерттеді. «Қырық жылда» монографиясының негізінде ғылыми диссертация қорғады.
Дәнекер С.Сейітовтің мерейтойлық шаралары туралы баяндайды.
Биыл Қазақстан бойынша 3 қаламгердің мерейтойы мемлекеттік күнтізбеге енгізілді. Соның біріншісі – Сағынғали Сейітов. Мерейтой ақынның туған жері Ақжайық ауданында кең көлемде аталып өтті: ақынның мүсіні ашылды, аудандық тарихи-өлкетану мұражайында ақынның көзі тірісінде тұтынған заттарынан кабинет ашылды. Мұражайда қаламгердің әр жылдары шыққан кітаптары, фотосуреттері, медальдары мен грамоталары, домбырасы мен қамшысы, киімдері мен жұмыс үстелі қойылған. Ақын ұрпақтары атынан Ділбәр, Дидар Сағынғалиқыздары мерейтойдың құрметті қонақтары болды.
Бейнелеуші С.Сейітов шығармашылығы бойынша салған суреттерін таныстырды.
Шараны түйіндеу: қос қаламгерге тән ортақтықты анықтау.
- екеуі де Батыс Қазақстан облысында туылған.
- екеуі де ақын.
- екеуі де майдангер.
- екеуі де «Қаз.Мемлекеттік көркем әдебиет» баспасында басшылық жасады.
- екеуінің де әдебиет туралы жазбалары бар.
- екеуі де Лермонтов өлеңдерін аударды.
- екеуінің де өлеңдеріне жазылған әндер бар.
Сол әндердің бірі «Айлы түнді» тыңдаңыздар. Музыкасын жазған — танымал сазгер, Жайықтың тағы бір талантты ұлы Д.Қажымов.
Осы әсем әннің ырғағында біз сіздермен қоштасамыз.
М.Өтемісұлы атындағы
облыстық сауықтыру мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,
БҚО, Орал қаласы