Қосымша білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру үшін «Бейнелеу өнері сабақтарында дизайн әдіснамасы» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар Қарағанды гуманитарлық колледжінің базасында құрылған оқу орталығында ұйымдастырылды. Бұл оқыту семинарының мақсаты – бейнелеу өнері сабақтарында дизайн әдіснамасын оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін үйрену болып табылады.
Семинар барысында колледждің «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімінің жоғары санатты оқыушылары Дизайн әдіснамасы «Композиция» пәнін оқып үйренудегі бағыт, «Мазмұны мен формасын үйлестіріп нәтижеге жету мақсатында «бейнелеуді жою» тәсілі», «Визуалды қабылдау негізінде бейненің формасын қалыптастыру», «Бейнелеу өнер тарихы» пәнінен лекция» тақырыбында дәрістер оқып, тәжірибелік сағаттар өткізді.
Аталған оқыту семинарына Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты. Қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, рефлексия жасалды.
Семинарды қорытындылаған колледж директоры Әміров Есжан Сарманқұлұлы оқу орталықтың, оқу-әдістемелік бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараттар бере келіп, қатысушыларға сертификаттар тапсырды.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»