Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” Заңында: “Ұлт тілінде жұмыс істейтін балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі” деп оку-тәрбие жұмысын ана тілінде жүргізуді балабақшадан бастау керектігін атап көрсетілген болатын.
Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауында: балабақшалар жүйесін калпына келтіруге және толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу, яғни мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту қажеттігі нақты көрсетілген.
Мемлекетіміздің ілгерілеу саясатының басты бағытының бірі – жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу болып отыр. Қазіргі қогам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастырып, оны өз тәжірбиесінде кез-келген жағдайда қолдана білетін түлға дайындаудың бірден-бір жолы — 12 жылдық білім беру жүйесі екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. 12 жылдық білім беру алты жастан басталатынын ескере отырып, мектепалды дайындығы 5 жастан жүзеге асырылмақшы. Бес жастағы баладардың тілін дамытудағы басты мақсат – олардың ой-өрісі мен шығармашылығын дамытуды жалғастыратын бастауыш сатының 1-сыныбына арналған “Сауат ашу” пәнінің бағдарламасында ұсынылған базалық білімді меңгеріп алып кетуге дайындау болып табылады.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Білім беруді” мектепке дейінгі сатысы дайындық кезең ретінде орта білім алудың үздіксіз жүйесіне енетіндігін айта келіп, тәрбиелеу мекемелерінің әр типтілігіне қарамастан олардың функциялары баланың денсаулығын, психикалық санасын жетілдіру және қорғау, баланың ақыл-ойы мен тұлғасының дамуын қамтамасыз ету” деп көрсетілген. Бұл ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, дені сау, өздігінен іс-әрекет жасау дағдыларын меңгерген түлға дайындап даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелердің міндеті екенін көрсетеді. Бес жасқа қараған баланың тілін дамытуда, ауызша сөйлеуге үйретуде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін, яғни үйренген сөздерін жекеше, көпше заттың атына байланысты септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдерін, тілдің дыбыстық мәдениетіне, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорды байыту, тілін дамыту, айналадағы қоршаған ортадан көрген, күнделікті өмірден түйгенін, өз ойын жүйелі, әңгімелеп айта білуге үйретіледі. Оқылған әдеби шығарманың желісін бұзбай байланыстырып әңгімелеуге баланың ой-өрісін, дүниетанымын, сөйлеу тілін дамыту керек, тірек сөздерден сөйлем, әңгіме кұрастыру арқылы сөздің дыбыстық құрамын ауызша игеруге, өз ойын жүйелі жеткізе білуге шығармашылық шеберлігін шыңдау, дамыту көзделеді.
Бес жастағы балалар ана тілінде еркін сөйлей алады. Қоршаған ортадағы адамдармен, жолдастармен, тұрмыстық жағдайда қарым-қатынасқа түсе алады. Өмірде көргендерін ойыңда іс-әрекеттерді бейнелеп, одан өзіндік қорытынды жасайды. Тіл дамытуда логопедия кызметінің түрлері – тындау, әңгімелеу, грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеуді, сөздік қорды байытуды, тілдің дыбысталу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуді меңгереді. Сондықтан мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбиешілер мен мұғалімдер мысал-мәселелерге назар аударуы тиіс.
Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу
Тіл дамытудың бір бөлігі ретінде тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу жұмысы қарастырылады. Бес жастағы баланы тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде оның өзіне жақын, таныс адамдар мен заттардан бастап, тақырыптық жүйеде ұсынылған материалдарды меңгерту арқылы жүзеге асырылады.
Әрбір заттардың аттарын атау дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйретеді. Сөздегі дыбыстардың орнын ажыратып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері түсіндіріледі. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін – дауысты дыбыстарды жуан-жіңішке, дауыссыз дыбыстардың катаң-ұяң болып бөлінетінін бір-бірінен ажыратып, оларды айтуда дыбыс аппараты мен артикуляцияны дұрыс қойып, мәнерлеп айтуға жаттықтырылады. Сөздің дыбыстық құрамын талдау ауызша әліппе – дәптерде берілген материалдар бойынша жүргізіледі. Тыңдаушысына дұрыс жеткізілу үшін сөздің анық, түсінікті болуы керек. Ол сөзді мәнерлеп айтуға үйретеді. Сөзді мәнерлеп айту үшін сөзді кұрап тұрған жекелеген дыбыстардың айтылу ерекшелігін жете меңгеру кажет. Дыбыстардың айтылу ерекшелігіне сәйкес дауысты құбылтып, әсерлі шығуына мән беру керек. Айтылатын оймен байланысты дауысты қатты шығару, баяулатып сөйлеу, жылдам жеткізу сияқты дауыс екпінін дұрыс қою арқылы сөйлеу дағдылары меңгертіледі. Сөзге дыбыстық талдау жасауды қарапайым тапсырмалардан бастаған жөн. Мұңда әсіресе сөздегі дыбыстардың айтылу, естілуіне, дыбысталуына мән беріледі. Мысалы: «Отбасы» тақырыбын өткенде ана сөзінде дыбысы созылыңқы, ұзақ, жуан айтылады, ауызды кең ашу арқылы айтылады, дауыс еркін шығады. Бұл – дауысты дыбыс. Ал н дыбысының айтылуы қысқа, тілдің ұшы тандайға тиіп, жылдам айтылады. Н – дауыссыз дыбыс. Дыбыстарды айтуда артикуляцияға мән беріледі. 5 жастағы балалар л, р, с, ш, ч, қ, ү, щ, з, ж, ц дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Осы және басқа да дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыратын тіл ұстартуға арналған жаттығулар “Бүлдіршіндерге базарлық” атты хрестоматиялык жинаққа беріледі. Тәрбиеші-мұғалім осы жаттығуларды әр сабақта пайдалануы қажет. Сонда ғана бала бұл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтуға жаттығады.
Тақырыптық жүйеде берілген заттардың аттарын атауда ондағы дыбыстарды әдеби тіл нормасында сөйлеуге бағыштап, үйрету қажет. Бұл үшін тіл дамыту сабағында санамақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел оқыттырып, дидактикалық ойындарды пайдалану керек. Мысалы: “Күз көрінісі” деген тақырыпты өткенде «Бұл қай кезде болады?», «Зообаққа саяхат», тақырыбын өткенде «Зообакқа орналастыр», «Қыскы еңбек» тақырыбында: “Қайсысы не жейді?” т.б. ойындар пайдаланылса, баланың білімі кеңейіп, бекітуге мүмкіңдік туады.
Сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру
Бес жастағы баланың тіліне тән касиет – әртүрлі типтегі мәтіндерді құрауды үйрене бастайды. Тілдің грамматикалық құрылымын бала тезірек меңгереді. Ауызекі сөйлеуде сөздерді әртүрлі формада (септеп, жіктеп, жекеше, көпше) түрлендіре қолдануға үйренеді.
Мысалы: “Отбасы” тақырыбын өткенде “Менің атам бар. Менің әжем бар. Мынау-ана. Мынау- әке”, сондай-ақ “Оқу құралы” тақырыбын өткенде қарындаш-қарындаштар, сызғыш-сызғыштар, бояу-бояулар, дәптер-дәптерлер, сонымен катар “Малдың төлі” тақырыбында: Мынау бұзау, бұл – сиырдың төлі. Мынау – құлын. Ол – жылқының төлі. Мынау – қозы. Ол — қойдың төлі” деген сияқты сөздер мен сөйлемдерді сөйлеуде пайдаланады. Балалар монологты жене диалогты, сөйлеуді меңгереді, грамматикалық құрылымы байланыстырып сөйлеу арқылы жетіледі.
Тақырыптық жүйеде берілген сурет серияларына тірек сөздер арқылы сөйлем, өңгіме құратқызады. Жүйелі ұйымдастырылған тілдік жұмыс балалардың бойындағы сөзге деген қызығушылықты, сезімталдықты тәрбиелейді. Бала үлкендердің, жолдастарының, құрбыларының тілінен дұрыс формаларды үйренеді. Балалар тек атау септігінде ғана сөйлемей, ілік септігіндегі зат есімдерді көптік жалғаулар мен сын есімдерді пайдалана бастайды. Жаңа сөздік қалыптасады. Балаларды сөз кұраудың амалдарымен таныстыру тілдің грамматикалық құрылымын дамытуда да маңызды рөл атқарады.
Мысалы: құстардың, ойыншықтардьң, жеміс-жидектердің түрлерін, аттарын атап үйренеді. Белсенді сөздік қорға енген жаңа сөздерді грамматикалық формада дұрыс пайдалана білуге үйренеді. Мағынасы қарама-қарсы антоним сөздерді (үлкен-кіші, ақ-қара, биік-аласа, жуан-жіңішке т.б.) немесе айтылуы басқа мағынасы ұқсас сөздерді әдемі, көркем, жақсы т.б. ажырата білуге, біріккен сөздерді (аққу, тасбақа) қолдану үйретіледі. Сөз тудыру, жаңа сөз үйрету ойын жаттығуларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Грамматикалық ұғымдарды меңгерту жұмыстары дидактикалық ойын-жаттығулармен бекітіледі. Ұлттық салт-дәстүр, киім, өнер т.б. байланысты сөздерді белсенді сөздік қорға енгізіп, оның мағынасы түсіндіріледі. Мысалы: текемет, қамзол, бөрік. Тіл дамытуға арналған әліппе-дәптерде берілген тапсырмалар мен логикалық жаттығулар, дидактикалық материалдарды сөздің грамматикалық формасын қалыптастыруда пайдалану. Мысалы: “Қайсысы артық?”, “Жеке атауын ата”, “Кімге не керек?”, “Мамандықтың бәрі жақсы” тақырыбын өткенде “Кімге не керек?” ойынында әр мамандық иесіне қажетті құралдарды дұрыс атап, оларды қатыстырып сөйлем кұрау сияқты тапсырмаларды орындатуда сөздің грамматикалық формасын қалыптастыруға жаттығады. Оқылған шығармалардан бейнелі, көркем сөздерді ажырата білуге жаттығады.
Сөздік қорын дамыту
Бес жастағы баланың сөздік қорын байытуды өзін қоршаған дүниемен таныстырудан бастап, ол сөздің мағынасын түсіндіріп белсенді сөздік қорға енгізу қажет. Қоршаған заттар мен құбылыстардың барлығы да сөз арқылы жеткізіледі. Бала өзінің сөздік қорына енген сөздерді грамматикалық формада дұрыс қолдана білуі тиіс. Бала мәтіндегі заттың атын, белгісін білдіретін сөздерді ажыратып, зат есім, сын есім, етістік, антоним, синоним сөздерді қажетіне қарай қолдана білу арқылы сөздік қорын байытуға болады. Әрбір сабақ сайын бала кем дегенде екі-үш сөзді меңгереді. Осы меңгерген жаңа сөздерді күнделікті өмірде пайдаланады. Мысалы: “Отбасы” тақырыбында – аға, қарыңдас, іні сөздерін, “Үй құстары” тақырыбында – балапан, шөже, күркетауық сөздерін, “Жабайы аңдарда” – қонжық, арыстан, тиін т.б. сөздерді меңгеріп, оларды ажырататын болады.
Баланың сөздік қорын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегілердің маңызы зор. Тіл дамыту материалдары тақырыптық жүйеде берілгендіктен, әрбір тақырып мазмұнына сәйкес ауыз әдебиеті үлгілері сұрыпталып беріледі. Ондағы мақсатымыз – балалардың білімін бекітуде сөздік қорын байытуды көздей отырып, жаңа сөздерді талдатып, мағынасын түсіндіру. Ертегі мазмұнына сәйкес мультфильм, диафильмдерді, сюжетті суреттерді пайдалана отырып, сөйлем құрату, сөз тіркестері, сөйлем құрылымын талдатуда бала үшін жаңа болып табылатын сөзді меңгерту. Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел – бала тілінің мәнерлілігін дамытудың кайнар көзі. Сурет сериялары, яғни сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру, рольдер бойынша (ертегіні, шығарманы) сахналайды. Ертегі мазмұны салынған сюжетті суреттер арқылы әңгімелеу де балаларды қиялдап, өз ойынан қосып айтуға, болатын оқиға туралы білетінін, аңғарғанын жеткізе білуге үйретеді. Жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары туралы әңгімелеуде бала өзінің бақылағанын, оқылған шығармадан есінде қалғанын байланыстыра білуге машықтандырған жөн. Сонымен қатар, балалардың сөздік қорын антоним, синоним сөздермен байыту жұмысы жүргізіледі. Мысалы: қалың кітап, жұқа дәптер, биік ағаш, аласа ағаш, биік үй, аласа үй т.б. Жалпы және жеке үғым туралы түсініктермен баланың сөздік қоры дамытылады. Мысалы: қияр, сәбіз, баклажан, қызанақ, орамжапырақ — бұлар көкөністер. Көкөністер — бұл жалпы атау. Ал, керісінше көкөністерге жататындар: қияр, сөбіз, баклажан, қызанақ, орамжапырақ. Бұл олардың жеке атауы екені түсіндіріледі. Сондай-ақ жемістер, оқу құралдары, үй жиһаздары, ыдыстар т.б. атауға болады. Жоғарыда аталған жалпы және жеке ұғымдарды бекітуге арналған дидактикалық ойындарды пайдалануға болады. Мысалы: “Ыдыс-аяқтар” тақырыбын өткенде “Ыдыстарды толықтыр”, “Біздің үй” тақырыбында “Орнын тап” сияқты ойындарды ойнату арқылы балалардың жалпы және жеке ұғым-түсініктерін бекітіп, сөздік қорын байытуға болады. Баланың сөздік қорын дамытуда сабақтың мақсатына сәйкес жаттығу жұмыстарын дайындап, өздіктерінен жұмыс істеуге жағдай жасалуы тиіс. Тіл дамыту сабағында және сабақтан тыс уақытта серуен, саяхат бақылау т.б. күнделікті өмірде, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауда, жаңадан меңгерген сөздерді орынды, қажетіне қарай қолдана білуге тапсырмалар беріледі.
Бұл жастағы баланың сөздік қорын байытуда сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру жетілдіріледі. Диалогты сөйлеуге үйрету жалғастырылады. Мысалы:
— Сенің атаң қайда тұрады?
— Менің атам ауылда тұрады.
— Сенің жасың нешеде?
— Мен бес жастамын.
— Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
— Менің анам – мұғалім.
Соңдай-ақ, “Менің отбасым» тақырыбына әңгіме кұрауда монологтік сөйлеуге үйренеді. Бұл жастағы баланың сөздік қорын байытуда логикалық тапсырмаларды орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар әліппе-дәптерде нақты берілгендіктен, оны тәрбиеші, мұғалім басшылықка ала отырып орындатуы тиіс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Тілдің синтаксистік жағын байланыстырып сөйлеу әнгімелеуге үйрету процесі арқылы жетілдірітеді. Баталарды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселелерге баса назар аударылады: сурет бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйелі, анық, түсінікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланыстырып сөйлеуіне баса назар аудару қажет; оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.
Байланыстырып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмысы, сөйлем, әңгіме құрастыру жұмыстары жүргізіледі.
Ертегі мазмұнына сәйкес салынған суреттерді пайдаланып әңгіме құрастыру, ертегіні сахналау, оқылған шығарманы монологтық сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Ал диалогтік сөйлеу күнделікті қарым-қатынаста, ойында, серуен кезінде жүзеге асырылады. Мұның өзі баланың қойылған сүраққа жауап беруіне өзіндік ықпалын тигізеді. Тілге қойылатын негізгі талаптың бірі – оның мазмұндылығында. Тіл дамыту сабағыңда тәрбиеші-мұғалім қызықты, әсерлі түрде ұйымдастырса, ол әр баланың сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлеу қажеттілігін тудырады. Оқылған шығарманың мазмұнын айтып беруге үйрету, сол топтағы балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейіне, қойылған мақсатқа да байланысты. Тәрбиеші-мұғалім айтқан ертегісін зейін қоя тыңдап, мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде грамматикалық тұлғада дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйретіледі. Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер туралы әңгімелегенде, жақсылықтың жамандықты жеңгенін, “сол кейіпкердің орнында өзің болсаң қайтер едің?” деген сияқты қызықтыратын жетекші сұрақтар қоя отырып, ой-қиялын, логикасын дұрыс жүйелеп, шығармашылықпен әңгімелеп айта білуге жаттықтырылады. Байланыстырып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарланған сабақтарда, сабақтан тыс ойын сәттерінде шығармаларды сахналандыруда, ертеңгіліктер өткізуде дамытылады. Әсіресе әртүрлі мамандық иелері туралы “Мамандықтың бәрі жақсы” тақырыбында балалар кейін кім болғысы келетінін сұрақтарға диалогты, монологты сөйлеу арқылы жауап беруге үйренеді. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырылады. Тілдің қатынастық сапасын анықтауда балалардың алған білімдерінің жүйесі мен шығарма мазмұнының тәрбиелік мақсатына назар аударылады. Ауызекі сөйлеуді дұрыс жолға қою – ана тілінің әдістемесін жүзеге асырудың алғышарты. Тіл дамыту сабағының қызықты, әсерлі түрде ұйымдастырылуы әр баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлеу кажеттігін тудырады. Оған дидактикалық ойындар, таныс суретті кітапшалармен жұмыс, көңілді кейіпкерлер, сүйікті образдар әсер етеді.
Тәрбиеші-педагогтар, ата-аналар баланың кез келген уақытта берген жауабының толық, дауысының анық, ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек. Күнделікті іс-әрекет – сабақ, ойын, серуен, бос уақытта баланы ауызша сөйлей білуге, сұраққа толық жауап беруге, сөйлемді дұрыс құрап айтуға, өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылықпен әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: әліппе-дәптерде берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Отбасыңда, жолдастарымен қарым-қатынаста, қоршаған ортадағы адамдарды тыңдай білу, оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі. Оқыған шығарманы әңгімелеуде, оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді. Диалогты және монологты сөйлеуде дауыс ырғағын сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, хабарлы сөйлем, өтініш жасау, таңғалу, қуану т.б. келтіріп айтуға жаттығады. Бастаған ертегі, әңгімені аяқтауға тәрбиеші педагогтың жоспары бойынша әңгіме құрастыруға дағдыланады. Мысалы: “Түлкі мен қасқыр”, “Бауырсақ”, “Жыл бойына таласқан хайуанаттар”, “Мақта қыз бен мысық” т.б. ертегіні бастап, балаларға оны аяқтауға тапсырма беріледі. Өздеріне таныс оқиғалар туралы әңгімелетуде өз ойын жүйелі жеткізуге назар аударады.
5 жастағы баланы байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік жұмысы логикалық жаттығулар, модульдік тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру жұмыстары ерекше рөл атқарады.
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын жаттығулар мен дидактикалық материалдар, ойындардың маңызы зор. Тіл дамыту сабағының негізгі бағыттары кез келген сәтте бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Олай болса, баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процесін дұрыс жолға қою керек. Дұрыс сөйлеу дегеніміз — әдеби тілдің нормасының сақталып, ойдың дұрыс берілуі. Баланың сөздік қорын байыту сөйлеумен байланыста жүргізіледі. Мәнерлі сөйлеу үшін халық ауыз әдебиеті үлгілері – мақал-мәтелдер, жанылтпаштарды өздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес білуі керек. Бұлар баланың сөз қорын байытады.
Ал жүйелі сөйлеуде бала ойын белгілі бір жүйемен, тәртіппен жеткізеді, яғни сөйлеуге дағдыланғанда сөйлемдегі сөздердің ретін, жүйесін білуі керек. Баланың тілін дамытудағы негізгі мақсат – оның сөйлеу мүмкіндігін туғызып, дүниетанымын кеңейтіп, ойын жүйелі жеткізуге төрбиелеу. Бес жастағы баланың дұрыс сөйлеу іскерлігі мен қабілеті даму арқылы қоршаған ортаны танып, оның түрін, түсін, сол заттардың қасиетін, белгісін біледі. Баланың тілді үйренуінің негізінде оның сөздік қорының баюы жатыр. Ал сөздік қордың баюы баланың байланыстырып сөйлеуінің кепілі болмақ. Олай дейтініміз, сөйлеу үшін бала өз ойын жеткізуге қатысты сөздерді білуі керек. Көркем шығармалардың баланың жас ерекшелігіне сәйкес тілі жеңіл, көркем, түсінікті болса, олардың сөздік қоры жаңа сөздермен байытылады. Баланың тілін дамытуда айналадағы дүниені бақылау, өмірде көргенін әңгімелеу, сурет бойынша әңгіме құрастыру, ертегі, әңгіме оқып беру, сөздік жөне логикалық тапсырмалар орындату жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, сауат ашуға даярлау мақсатында қолды жазуға дайындауға арналған тапсырмалар арнайы дәптерде берілді. Бес жастағы балалардың жазу тілін дамыту үшін алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Ол үшін үзік сызықтармен берілген таяқша, дөңгелек, тіктөртбүрыш, түзу, ирек сызықтарды сызып, жүргізу арқылы қолды жазуға жаттықтыру басталады. Жазу дағдысының бастамасы болып табылатын үзік сызықтарды қосу арқылы заттардың сұлбасын салуды, затты оның сұлбасының ішінде штрихтеу тапсырмаларын орындайды. Дәптерде үзік сызықтармен берілген заттың сұлбасымен және оның қасиеттерімен тапсырманы орыңдау барысында, яғни үзік сызықтарды қосуда танысады. «Суретті қайталап сал» деген тапсырманы орындауда дәптер парағының бетінде бағдар ұстауға жаттығады. Дәптердің соңына қарай әріп элементтеріне берілген тапсырмаларды орындауда балалар негізгі және қосымша жұмыс жолдарымен танысады.