Кездесіп едік жаздың біз шуақ күнінде,
Қара торы бір бойжеткен жаныма менің келгенде.
Қол алысып, танысып, күлімдеген жүзбенен,
Есте сақтап сол сәтті, қоштасып-ек сол кезде.
Бір ай өтті, көрмедім, естімедім ол жайлы,
Хабар берсем, қуанар ма? Білмедім мен мән жайды.
Бір шешімге келе алмай, көп ойланып соңында
Хат жаздым мен нөмірге, келгенде уақыт оңтайлы.
Бір ай өтті қызықты, ең әсерлі күндерім,
Сөйлескенім, әлі білем сол адамның сөздерін.
Алтын күздің сиқыры төбемнен менің төнгендей,
Кездеcтірдім Джамантаның жадыраған көздерін.
Танысудан кейін, міне, біраз айлап күн өтті,
Табыстырды, мына бізді осы бір күз көрікті.
Джамантаны көрген кезде жүгіріп кеп артынан,
Бір адымға кетпеуші едім алыстап одан мен тіпті.
Меніменен сырласып, әңгімелер айтатын,
Қол ұстасып,тіркесіп, қосарлана ойнайтын.
Өзгелер де алданып жан достар деп ойлады,
Аз уақыттай танысақ та, шынымен солай болатын.
Кездестік бір себеппен сары күздің күнінде,
Себеп емес алайда, кездейсоқтық ретінде.
Алаңдатқан сұрағыма жауап берді бойжеткен,
Қуана қарап ол маған, көрінді күлкі жүзінен.
Ақ құба қыз, ұзын шашты, әдемі және көздері,
Қысқа бойлы, сабырлы, мағыналы сөздері.
Ұзақ уақыт бір ортада өмір сүріп жүрсек те,
Қалай ғана байқамадым мына сәби күлкіні.
Бір күн өтті, екінші күн сырласулар басталды,
Сылқ-сылқ күлкі, гу әңгіме, толғаныстар басқарды.
Джаманта мен екеуміздің арамызға қосылып,
Кішкентай пони келді бізге, досымызға айналды.
Білемісіз, бұл сезімнің қанай сирек екенін?
Білемісіз, достарыңның қандай қымбат екенін?
Қиын кезде жүрегіңе, өз жаныңа демеу боп,
Қуанышта күлімсіреп жылу сылай кететін.
Бұл кездесу жай емес, тағдыр болар кім білген,
Бұл танысу арман емес, шын боларын кім сезген.
Үшеумізді қосқан сәтті, сол күндерді ешқашан
Ұмытпаймын, есте сақтап бұл сезімді кезіккен.
Ақайша Рахметова
Атырау қаласы,
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
11 «А» сынып оқушысы