ДЖАМАНБАЛАЕВА МАДИНА ПАЗЫЛОВНА,
«Болашақ» мектеп-интернатының тәрбиешісі,
Тараз қаласы
Мақсаты:
1.Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу керектігін үйрету;
2.Басты байлық – денсаулық екендігін ұғындыру;
3.Оқушыларды тазалыққа баулу, жеке бас гигиенасын сақтауға, әрқашан күн тәртібін орындауға тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік
Көрнекіліктер: суреттер, мақал-мәтелдер.
Тәрбиеші: Денсаулық – өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болса, жаныңа үнемі сәттілік серік болады.Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет, оны ысырап етпеуі керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өз денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруларды ағзаға жолатпау адамдардың өз қолында. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең,көзің сол гүлге түседі. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша жарық сәулесін шашатын, өмірдегі ең басты байлық не?
Оқушылар: Денсаулық
Шаттық шеңбері.
Шар ұстаған балалар шеңбер жасап тұрады. Бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып, денсаулық тілеп, шар ұсынады. Шарлар бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіңе бірнеше шарлар – «Тілек шарлар» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», — деп тәрбиеші қорытынды жасайды.
-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры мол.
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.
Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше,көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
— Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
1.Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың. (Сабын)
- Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын ).
3. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ.
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
4. Жуынып болғанда
Жүреді қолыңда (сүлгі)
5. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
6. Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)
7. Аузы жоқ, көзі жоқ.
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
8.Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)
Постермен жұмыс
Оқушыларға пайдалы және зиянды тағамдардың суреттері беріледі. Бірінші топ постерге пайдалы заттарды, ал екінші топ оқушылары зиянды заттарды іріктеп жабыстырады.
Қорытынды:
Тәрбиеші:
— «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», — демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер!
Рефлексия
«Себет»
Оқушылар себетке екі түрлі (қызыл немесе жасыл) алма стикерін жабыстырады. Егер сабақ ұнаса оқушы себетке қызыл алманы, ал сабақ ұнамаса жасыл алманы себетке салады.