Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты:
1. «Табиғат»құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғат пен адамның үйлесілімділігі туралы түсіндіру.
2.Табиғат әсемдігін қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.
3.Табиғат байлықтарын бағалауға,қадірлей білуге,табиғатқа қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу, өзінің де табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезінуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: хрестоматия, теледидар, DVD, табиғат туралы бейне көрініс, гүлдер, ақ қағаз, желім, кеспе суреттер.
Әдіс-тәсілі: сұхбат, әңгіме, ойын көрсету, түсіндіру, кейіптендіру.
Б/К: ауа-воздух қыс-зима аспан-небо
Су-вода қар-снег жер-земля
Күн-солнце
Шаттық шеңбер:
Табиғатты бүлдірмейік
Тас төбеден қара бұлтты төндірмей,
Жер-Ананыңбайлығы мол, тең бірдей.
Осы байлық баршамызға жетеді,
Пайдалансақ табиғатты бүлдірмей.
Балалар біздің топқа көптеген қонақтар келді. Бүгінгі күн ерекше әрі тамаша. (Көгершіндер сұлбасына жапсырылған бірнеше хаттар жоғары да ілінеді.)
Тәрбиеші: Балалар не байқап тұрсыңдар? Топта бір ерекшелік бар сияқты. Мен осы құстардың тұмсығынан керемет гүлдерді, жүректерді байқап тұрмын
1-хат
Қамқоры болам баланың
Дер кезінде бақшаға барамын
Мектепке баруға дайын ба?
Бақылап әрдайым сұраймын
Мұны бізге кім жазды екен? /Ауа/
2-хат
Тәрбиелеп бүлдіршінді
Бақылаймын күнде-күнде
Ойын-сауық мерекелер
Көтерсін деп көңілді. /Күн/
3-хат
Баланы сүйемін мен деймін
Оларды үнемі емдеймін
Ауырмау үшін қашанда
Жуыну керек азанда. /Су/
4-хат
Балаларды қарсы аламын
Ықыласпен қуанып
Бауырымда ойнатамын
Қуанады,шаттанып. /Жер-Ана/
5-хат
Шыңыма менің шығады
Тастан-тасқа секіріп
Денсаулыққа пайдам бар
Шынығады адамдар. /Тау/
Тәрбиеші: Мен кіммін балалар?
өзіңді жақсы көретін, қамқор болып жүрген, бізге осындай хат жолдаған қоршаған ортаға ризашылығымызды білдірейік.
Армандайық
Балалар қазір мен сендерге керемет бір бейне көрсетемін. Экранға назар аударайық. (үзінді көрініс)
Балалар біз не көрдік?
Ал енді сендер қай жерде болғыларың келетіні туралы армандайық. Маған кім айтып береді кім қандай жерді армандады?
Әңгімелеу «Аспан мен жердің достығы» ертегісін баяндау.
Кейіптендіру
Жер аспанға қандай игі іс жасады?
Аспан жерге қандай жақсы іс жасады?
Балалар! Табиғатпен Адам бір-бірімен байланыста екен. Адамның табиғатсыз тіршілігі жоқ.
Бізді қоршағанның бәрі-табиғат, ол-жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар.
Неліктен табиғатты анаға теңеп «Табиғат-Ана»деп атайды?
Балалар! Тыңдайықшы бізге қонақ келген сияқты. Онда онға дейін санайық. Білімді келеді. Сәлеметсіңдер ме балалар?! Қане маған қараңдар.
Достарыңмын білімді
Немен келдім, не айтпақпын кім шешпек?
Сендерге ненің
Бәрін де айтып беремін.
Ауа керек сендерге күнімен
Өсуге күннің нұрымен
Күш жинау үшін құрыштай
Қанша су ішкен дұрысты
Түсуін үшін барлығын
Ізденіп өтсін әр күнің
Балалар бізге ауаның не үшін қажет екенін білгілерің келе ме?
Олай болса тәжірибие жасап көрейік.Терең дем алып, ауызымыз бен мұрнымызды қолымызбен жауып, демді іште сақтайық. Қиналып кеткенде демдеріңді шығарасыңдар, дем ала бастаңдар.
Ауасыз қандай қиын екенін сезіндіңдер ме?
Біз ауасыз өмір сүре аламыз ба?
Қане білімдіміздің балаларымыз бен ойын ойнағың келе ме?
Тренинг ойын (орындықтарды безендіру)
Отырған сқырлы орындығымыз арқылы табиғатқа саяхатқа барамыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Сулар мөп-мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан таза, мөп-мөлдір бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:
1.Алға иілу 2.Аламыз 3.Ішеміз 4.Рахат-ай. Алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз.
1.Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі 2.Алу 3.Қырт етіп тістеу 4.Тәттісін-ай
Раушан гүліне кездесеміз.
1.Алға ілу 2.Аламыз 3.Иіскейміз 4.Қажет емес ауаны сыртқа шығарасыз.
Балалар:
Бұлақ-денсаулық
Алма-рухани байлық
Гүл-бақыт құсын сыйлайды.
Білімді: Ой балалар мен қайтайын. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Табиғатты аялаңдар менің кітап оқитын уақытым таяп қалды. Сау болыңдар!
Ұжымдық жұмыс: «Аспан мен жер» ертегісінен түсінгенін қағаз бетіне түсіру.
Ғажайып сөздер
Балалар бүгінгі біздің үйренетін ғажайып сөздеріміз:күн, су, ауа-табиғаттың бізге берген сыйы.
Күтілетін нәтиже
Болу керек: Денсаулықтың құндылығы, салауатты өмір салты жайлы түсінікткері болады.
Білу керек: Балалар табғатпен үндестікті сезіне білу керек.
Үйрену керек: Табиғатты сүйіп оған қамқор болуды үйрен.
Джакебаева Гулим
«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешісі
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы