Home » Білім және өнер » Деңгейлеп оқыту технологиясы

Деңгейлеп оқыту технологиясы

«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» Н.Ә . Назарбаев Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек», — деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар салауатты тәрбие беру. Математика сабағында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын арттыру.

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріліп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған әдіс-тәсілдер жасалуда. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге оқушының ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Профессор Ж.А.Қараевтың оқыту жүйесін пайдаланып ондағы көзделетін негізгі мақсат:

1. Оқушы сенімін арттыру

2. Пәнге қызығушылығын арттыру

3. Жаңа білімді өзі меңгеретін өз бетінше ізденетін пікір таластыру деңгейіне жететін ұрпақ тәрбиелеу.

II Деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмалар 4 деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – міндетті деңгей. Бірінші деңгейдің тапсырмалары негізгі ережелер мен формулаларды жаттап алуға негізделген, оқулықта көрсетілген үлгілерге ұқсас есептер.

Екінші деңгей тапсырмалары – алгоритмдік өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, яғни бұрынғына ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы білімдерін түрлендіріп, пайдалану керек. Логикалық есептер, ребустар, сөз жұмбақтар беріледі.

Үшінші деңгей – эвристикалық деңгей. Үшінші деңгей тапсырмаларында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп өзі үшін жаңалық ашады.

Төртінші деңгей – Олимпиадалық есептер; Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Оқушылардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

III Қорытынды бөлім.

1. Өзіндік жұмыс

2. Қатемен жұмыс

3. Бақылау жұмысы. Сонымен, 3 деңгейдің тапсырмаларын қосып:

I деңгей — 1-6 ұпай;

II деңгей — 12 ұпай;

III деңгей — 10 ұпай аралығы болуы мүмкін.

Бағалануы: 3-7 ұпай — «3»;

7-18 ұпай — «4»;

19-28 ұпай — «5»;

Әрбір оқушы деңгейлік тапсырманы орындап болған соң,имұғалім дайындаған дұрыс жауаптармен өзі орындап үлгерген тапсырмаларын тексереді. Осылайша бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетінде жетілдіреді. Оқушылардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс туады.

Ж.А.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын” тиімді пайдалануда оқушының білімге деген құштарлығы, ынтасы артқанын, еркін сауатты сөйлеуге, өз ойын жинақтап ашық айтуға немесе дәлелдеуге, ұсыныс, пікір білдруге, ой қорытуға дағдыланатынына көзім жетті. Сабақтарда тиімді технологияларды пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді үздіксіз қолданған жөн.

Аталған өзгерістерді мен 5 сынып оқушыларының оқу үдерісіне енгізе отырып, сабақтар жүргіздім. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы дағдысын дамыту мақсатында 5 сыныбына математика пәнінен 7 модуль негізінде сабақты өткізуді жоспарладым. Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейлерін, қызығушылығын ескердім. Осы сыныпта әрбір сабағымды жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды пайдалана отырып өткіздім. Бұрын сабаққа қатыспайтын оқушылар өзгергенін көрдім. Оқушылардан сабақ сайын кері байланыс алғанда оқушылар сабақта жұптық, топтық жұмыс істеген ұнайтындарын көрсеткен. Сабақтарда оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтар да болды. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтық жұмыстың тиімділігі айқындалды. Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды. Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты. Дәстүрлі сабақта, үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы оянып, балалардың көп ізденетініне көзім жетті. Сонымен қатар, топтық жұмыстардың арқасында сыныптың ішінде ынтымақтастық атмосферасы болды. Оқушылар бірлестікте жұмыс жасауды және де бір-бірін тыңдауды, өз ойын білдіруді, жасаған жұмыстарына қорытынды шығара білуді үйренді. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуында. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен ұйымдастыруым оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Бұрын тәжірибемде көрініс таппаған топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы тұсын анық көре білдім. Қорыта айтар болсам, топтық оқыту әдісін пайдаланып сабақтарды жүргізу үшін, алдымен, бұл әдісті пайдаланудың мақсатын анықтап алу керек. Сонымен қатар бұл әдіс болсын, жалпы басқа әдістер болсын, сабақтың тиімділігін арттыру керек деп ойлаймын.

 

Б.Т.Дүйсенбаева

№19 орта мектебі

Математика пәнінің мұғалімі

Қостанай облысы, Рудный қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.