Home » Жаңалықтар » Департамент халықаралық деңгейге шықты

Департамент халықаралық деңгейге шықты

А.ж. 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет органдарын қалыптастырудың 20 жылдығын мерекелеу аясында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Департамент бастамасымен «Мемлекеттік қызмет жүйесінің генезисі және даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов, Ресей Федерациясының Омбы және Новосібір облыстарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшылары, облыстың мемелекеттік қызметшілері қатысты.

Саян Ахметжанов өз сөзінде Мемлекет басшысының қойған мемлекеттік қызметті институционализациялаудың негізгі қағидаттары туралы хабардар етті, конференцияға қатысушыларды факторлық балдық шкала негізіндегі мемлекеттік қызметшілерге жалақы берудің жаңа жүйесінің артықшылықтарымен таныстырды.

Ресейлік қонақтар мемлекеттік қызмет саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Осылайша, мысалы, Омбы облысы үкіметінің губернатор аппаратының өкілі Обухова Светлана Омбы облысындағы жастар губернаторлық резервін қалыптастыру туралы баяндама жасады, ол мемлекеттік қызметтің адами әлеуетін көтеруге бағытталған өзара іс-қимылдардың жиынтығы болып табылады.

«Ресей Федерациясының Сібір федералдық округіндегі мемлекеттік басқару магистрлік мектебін дамыту» баяндамасында Сібір басқару институты факультет деканының орынбасары Виктор Зеленцов жоғары мектептің білім беру қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті, мемлекеттік және муниципалды қызметкерлердің біліктілігін арттыру тәжірибесімен бөлісті.

Осы іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолданбалы зерттеулер мен халықаралық серіктестік орталығының жетекшісі Медеуов Жомарт Карлович Қазақстанның мемлекеттік қызметінде кәсіби білім туралы баяндама жасады.

Іс-шара нәтижесінде қатысушылар халықаралық ыңтымастық шеңберінде одан әрі жұмыс істеу бағыттарын талқылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.