Home » Білім және денсаулық » Денсаулық — байлық негізі

Денсаулық — байлық негізі

Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп орынды айтқан. Оны мен дәрігер маман ретінде айтамын. Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 мектебінің ерекшелігі: мұнда тек оқушылармен ғана емес ата-аналармен де түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Оның дәлелі ретінде 6 «А» сынып оқушылары ІІІ тоқсанның алғашқы ата-аналар жиналысын сынып оқушыларының өздері ұйымдастырғаны соған дәлел. Вирустық «Гепатит А» ауруының алдын алу туралы тәрбие сағатында алған білімдерін оқушылар ата-аналарымен бөлісті. 18 ақпан күні ата-аналар жиналысында сынып жетекші вирустық гепатиттердің түрлері жайында бейнебаян көрсетсе, оқушылар топқа бөлінген ата-аналармен қоса, ауруды қалай алдын алуға болатыны туралы сындарлы диалог өрбітіп, айтылған ұсыныстарды флипчартқа салып, өз ойларын дәлелдей түсті.
Жиналыс соңында оқушылар ата-аналарға арналған өлең шумақтарын оқып, смс арқылы кері байланысқа түсіп, тілектерін білдірді. Баламның аталмыш вирус туралы көп мағлұмат білетіні туралы ата-ана ретінде ғана емес маман ретінде де риза болдым.

Салима Сайлаубаевна Ташимова,
ата-ана,
№1 емхананың бас медбикесі,
Екібастұз қаласы,
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.