Home » Мақалалар » ДЕНСАУЛЫҚ-БАЙЛЫҚ НЕГІЗІ

ДЕНСАУЛЫҚ-БАЙЛЫҚ НЕГІЗІ

Адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп орынды айтқан.

Оны мен дәрігер маман ретінде айтамын.
Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 мектебінің ерекшелігі: мұнда  тек оқушылармен  ғана емес ата-аналармен де түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Оның дәлелі ретінде 6 «А» сынып оқушылары ІІІ тоқсанның алғашқы ата-аналар жиналысын сынып оқушыларының өздері ұйымдастырғаны соған дәлел.


Вирустық «Гепатит А» ауруының алдын алу туралы тәрбие сағатында алған білімдерін оқушылар ата-аналарымен бөлісті.

18 ақпан күні ата-аналар жиналысында сынып жетекші вирустық гепатиттердің түрлері жайында бейнебаян көрсетсе,  оқушылар топқа бөлінген ата-аналармен қоса, ауруды қалай алдын алуға болатыны туралы сындарлы  диалог өрбітіп, айтылған ұсыныстарды флипчартқа салып, өз ойларын дәлелдей түсті.

Жиналыс соңында оқушылар ата-аналарға арналған өлең шумақтарын оқып, смс арқылы кері байланысқа түсіп, тілектерін білдірді.

Баламның аталмыш вирус туралы көп мағлұмат білетіні туралы ата-ана ретінде ғана емес маман ретінде де риза болдым.

 

Салима Сайлаубаевна ТАШИМОВА,
ата-ана,
№1 емхананың  бас медбикесі,
Екібастұз қаласы,
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.