Home » Жаңалықтар » Денсаулық – адам өмірінің ең жоғары бағалы дүниесі

Денсаулық – адам өмірінің ең жоғары бағалы дүниесі

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектеп ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала мектепте мұғалімнің мейіріміне бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне мектептің маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болып өсуі үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек.

Денсаулық баға жетпес жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсауың керек. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.

«Адам бақыты – денсаулық» тақырыбында 7 сәуір күні мектебімізде сынып сағаттары мен спортттық ойындар ұйымдастырылды. Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек екендігі оқушыларға кеңінен түсіндірілді. Атап айтсақ, Баймуханова Динара, Мұқашева Гүлбақыт «Кім күшті, кім епті» эстафеталық ойындарын ойнатты. Балтамуратова Айзат «Салауатты өмір салты, жарқын болашақ кепілі», Бисекеева Гаухар «Денсаулықты жастай сақтай біл», «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ауезбеков Ералхан Темірханұлының жетекшілігімен үлкен топ, кіші топ арасында футбол жарысы болды. Жеңімпаз топтар мадақтамамен марапатталды. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттілігін, басты байлық денсаулық екенін түсіндіру, қимыл-әрекетке жаттықтыру, дұрыс тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру басты міндетіміз болды. Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру.

Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының мектептің, барша елдің, халықтың міндеті» екенін еске саламын.

«Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың жаны сау»-деп ата-бабамыз айтқандай, дендеріңізге саулық тілеймін.

Қабденова Баян Ерденовна

Арқалық қаласы,

Жалғызтал ауылы,

Тоқтар Әубәкіров атындағы жалпы

негізгі білім беретін мектептің

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.