Home » Ашық сабақтар » «Денсаулығыңды жастайыңнан сақта» эстафеталық сайыс

«Денсаулығыңды жастайыңнан сақта» эстафеталық сайыс

Үй тапсырмасы ретінде берілген «Денсаулығыңды жастайыңнан сақта» тақырыбында іс-шара жоспарын құрастыру бойынша оқушылардың орындаған жоспарларын дене шынықтыру мұғалімдері оқып, саралай келе, оысы тақырыпта эстафеталық сайыс жүргізуді жөн көрдік.

Сайыс алдыңғы сабақта бөлінген топтар арасында жүргізілді. Мақсаты оқушылардың кері байланысы және құрастырған тапсырмаларын іс-жүзінде көрсете отырып, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.

Сайыстың басы. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Оқушылардың дайындығын, жарамдылығын, талапқа сай спорттық киімдерін тексеріп, түгендеп сәлемдесу. Сайыстың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Қауіпсіздік техникасын қайталау. Сайыстың шарттарымен таныстыру. Сайыстың әділ-қазылары ретінде оқушы және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тағайындалады. Әрбір сайыс нәтижесі бойынша 1-3 ұпай аралығында ұпайлар беріп отырады.

  1. «Эстафета таяқшасын алып жүгіру».

Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады, екінші ойыншыға береді. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

   

  1. «Хоккей таяқшасымен допты алып жүру».

Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша хоккей таяқшасымен белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

  1. «Кім жылдам».

Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге баскетбол  добын жерге ұрып барып, қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.

    

  1. «Қаппен жүгіру».

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады. Қапты шешіп келесі ойыншылармен алмасады. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

  1. «Арқан тарту».

Команда мүшелері түгел арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді. Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады. Жеңімпаз топ анықталғанша.

   

Әрбір сайыс барысында жеңген командаға ұпайлар беріліп отырды. Сол ұпайлардың нәтижесінде жеңімпаз команда анықталып, сайыс-сабақ қорытындыланып, аяқталады.

 

Куандыкова Акмарал Калдарбековна 

Шымкент қаласы, физика-математика

бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік

мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,

Кияшев Максат Куралбаевич

Шымкент қаласы, физика-математика

бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік

мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,

Оразбаев Меиржан Абдикаликович

Шымкент қаласы, физика-математика

 бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік

 мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.