Home » Мақалалар » Дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарының маңызы

Дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарының маңызы

 

 

 

 

 

Ертедегі Қазақ жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңдері, этнографиясы, ойын-сауықтары , мәдениеті тағы басқалары жайындағы деректер 18-19-ғасырлардағы Орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Европа саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі. «Бес тас», «асық», «садақ ату», сияқты ұлттық ойындары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында айта келіп, ағылшын ғалымы Э.Маккей «Бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тараған ұқсайды» дейді.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі әлеуметтік экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп, өзгерістерге ұшырап отырған.

Ойын да өнер өнер. Ойын – тарих қоғам өміріндегі құбылыс, өз бетінше адамға тән қалыптасқан іс әрекет. Ол өзін-өзі білудегі лажсыз әдіс демалыстағы ойын сауық, дене және әлеуметтік тәрбиедегі тәсіл, спорттағы тиімді құрал.

Ұлттық қимыл ойындарының қай-қайсысы болса да күшті, жылдамдықты, ептілікті және төзімділікті мейілінше жетілдіруге мүмкіндік береді. Ұлттық ойындардың білімдік маңызы қозғалыс қасиеттерінде дамуымен бір мезгілде қозғалыс дағдыларының баянды етіліп, жетілдіруінде жатыр. Сабақта және дербес жаттыққанда қозғалыс ойындарын, оның ішін де ұлттық халықтық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі.Арнайы спорт жабдықтары мен құрал саймандары көп қажет етпейтін, қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізуде пайдасы мол. Жеңіл атлетика түрлерінде қолдануға болатын ұлттық қимыл ойындары.

Жүгіру жаттығуларында пайдаланатын қимыл ойындары сол спорттың түріне сай бағытталынған болуы тиіс. Қимыл ойындары мұна спортшыны жылдамдыққа тәрбиелесе, ал кейбіреуі неғұрлым шапшаң шығу немесе сөреге ілгері жұлқынып жүгіруге тәрбиелейді,
Жаяу көкпар. Орны, құралдар: Спорттық алаң, ойын жүргізуге арналған қапшық көкпар.
Дайындық: Ойынға 10-30 адам қатысуға болады. Алаңның бір жағында сөре сызығы сызылады. Сөре сызығына параллель 20м ара қашықтықта сызық сызылып көкпар тасталады. Көкпар жатқан сызықтан мәре сызығы арасы 50м.
Ойын шарты: Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Сөре сызығына араласып, тізбектеліп тұралы. Берілген белгі бойынша барлық ойыншылар көкпарға қарай жүгіреді. Көкпарға жүгіріп жеткен ойыншы, көкпарды алып, алға қарай ұмтылады. Өзге команда ойыншысы көкпарды тартып алуға ұмтылады. Сонымен көкпарды мәреге бірінші жеткізген команда жеңімпаз аталады.
Ойын ережесі: Көкпар иемденген ойыншы өз командасындағы ойыншыға бере алады.
Ойын барысында киімді тартқылауға, бірін-бірі итеруге және дөрекі қылықтар жасауға тиым салынады.
Егер ойыншы , көкпар ұстаған қарсыласының қолына қолы тисе, қарсыласы көкпарды беруге тиіс.
Көкпарды алға қарай лақтыруға болады, көкпарға бірінші болып қолын тигізген ойыншының еншісіне тиеді.
Ойынның педагогикалық маңызы: Бұл ойын жылдамдықты, ұйымшылдықты және ептілікті талап етеді.
Бөрік лақтыру. Қазақтың ұлттық ойыны, көне заманда ойын аты айтып тұрғандай, ойыншылар басындағы бөріктерін лақтырып ойнаған. Ал қазіргі уақытта
1-2кг тұратын нығыздалған доптарды, бөрік орнына қолдануға болады.
Орны, пайдаланатын құралдар: Спорттық алаң, нығыздалған доптар. Бұл ойынға тек қан ұлдар қатысады. Ойыншылар саны 10-30 адам.
Ойын шарты: Алаңға сызық сызылады, барлық ойыншылар сызық бойына тізбектеліп тұрып, оң жақ тізбектен бастап қолындағы доптарын алға қарай алысқа лақтыруы тиіс. Барлығынан жақын лақтырған ойыншы доптарды жинақтап , ойыннан шығады. Жеңімпаз анықталғанша ойын осылай жалғасады.
Ойын ережесі: Лақтыру барысында сызықтан асып кетуге болмайды.Лақтыру ұзындығы сызылған сызықтан бастап өлшенеді.Допты келісімен кезектесіп лақтыруы тиіс.
Гимнастика. Ұлттық ойыны. Бұл ойын кейбір деректерге қарағанда 20-шы жылдар шамасында пайда болған. Ойынға 15-20 адам қатысады. Ашық алаңда немесе спорт залында өткізіледі.
Ойын шарты: Ойыншылар тізбектеліп тұрады. Ойын жүргізуші қарама-қарсы тұрып әр түрлі жаттығуларды орындайды.Ойыншылардың барлығы жаттығуларды қайталайды. Қателік жіберген ойыншы бір адым арттқа жылжиды.
Ойын ережесі: Жаттығулар қарапайым, жеңіл болуы тиіс. Берілген жаттығулар толығымен орындалуы шарт.
Ойынның педагогикалық маңызы: Бұл ойын ептілікті, икемділікті, жылдамдықты,есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Қазақтың ұлттық ойындары мен дене шынықтырудың халық тәрбиесіне әсері зор. Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткеніміз бен бүгінімізді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.

Бекмуратов Хасен Абрешович,
№34 орта мектебінің
Жоғары санатты
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.