Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі — «Девиантты мінез-құлықты балалар» мәселесі. Баланың қиын тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауын ғылымда девиация деп атайды. «Девиация» латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету — күрделі, әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
— балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
— оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
— оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
— оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
— салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
— девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар кұру;
Мақсаты: Тәртібі қиын балалардың қарым-қатынасын түзету.
Оқушы берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді көрсетеді. Ол мынадай ситуацияны көрсетуі керек:
а) Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні.
ә) Ренжіп тұрған адамның бет-әлпетін бейнеле.
б) Қайғылы адамның бет-жүзі.
в) Ашулы адамның бет-әлпетін бейнеле.
г) Таңданған кейіп көрсету.
д) Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті.
е) Қуанып тұрған адамның бет-әлпетін бейнеле.
Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым-қатынастың бірден-бір жолы.
- Жақсы, жаман қасиеттері
Мақсаты: Оқушылардың біріншіден өздерін, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойындағы жаман қасиеттерін жойып жақсы қасиеттерін асыру.
Айнадағы өзіңіздің бейнеңізге қарап ойланыңыз. Маған қарап тұрған кім? Ол қандай адам? Сізге берілген парақтың оң жағына “жақсы”, сол жағына “жаман” қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызда қандай қасиеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазасыздар. (3 минут уақыт беріледі)
- Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыз?
2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
4. Бұдан былай жиі есіңізде түсіріп отырасыз ба?
5. Жаман қасиеттеріңізді өзгерткіңіз келеді ме?
Бұл жаттығуды сынып ұжымы арқылы да жасауға болады. Ұжымда оқушыны тақта алдына шығарып, ұжымнан баланың алдымен жаман қасиеттерін, кейін жақсы қасиеттерін атап шығуларын өтінуі керек.
— Оқушыдан ұжымның айтқанына келісетінін немесе неліктен келіспейтінін сұрау қажет. Осы жағдайдан кейін қандай шешім қабылдайтынын міндетті түрде сынып алдында сұрап алу қажет.
- “Карусель” тренингі
Мақсаты: Түрлі ситуациялық жағдайларда өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Топ мүшелері “Карусель” принципі бойынша, яғни бір-біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуация мысалдары:
- Автобус ішінде сізге қарама-қайшы адам аяғыңызды басып қалды. Сіздің аяқ киіміңіз су жаңа еді. Сіздің әрекетіңіз……
- Сізге қарсы тұрған мұғаліміңіз. Мұғалім сыныпта сіздің ғана сөйлеп отырғаныңызды байқайтын сияқты, тек сізге ғана дауыс көтереді. Ал сіз кешегі қызықты жайтты әңгімеңізді досыңыз сізден сұрап жатыр, сіздің әрекетіңіз…….
- Сынып жетекшіңіз сіздің тәртібіңіздің нашарлануына байланысты міндетті түрде ата-анаңызды мектепке келуін ескертіп айтты. Ал сіз тек кеше ғана ата-анаңыздан үлкен сөгіс естідіңіз. Одан кейінгі сіздің әрекетіңіз……..(Алдыңызда ата-ана немесе сынып жетекшіңіз тұр.)
- Сіздің алдыңызда өзіңіз жақсы танитын, бірақ едәуір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге қуаныштысыз…..
- Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр. Ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.
- Сіздің алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз……
- Байланыс орнатуға 3-4 минут уақыт беріледі. Содан соң жүргізуші белгі береді және тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.
- “Пікір-талас” ойыны
Мақсаты:
Төзімділікке, дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Топ “үштікке”, яғни, үш-үштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері бөлініп беріледі. Қатысушылардың
Біріншісі “керең және мылқау” рөлін ойнайды: ол ештеңе естімейді, сөйлей алмайды, бірақ оның құзырында көру, ым-ишара, пантомимика бар;
Екінші қатысушы “керең және сал” адамның рөлін ойнайды: ол сөйлей және көре алады;
Үшіншісі: “соқыр және мылқау” Ол тек естуге және көрсетуге қабілетті.
Барлық үштікке ұсынылатын тапсырма: кездесу орны, уақыты және мақсаты жайында келісу.
5.“Аяқталмаған сөйлем” әдістемесі
Мақсаты: Оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтауы керек.
“Жақсы қасиет” деп …………………………………….?
“Жаман қасиет” деп …………………………………….?
Адамдардың бойындағы қасиеттер………………?
Ақылсыз болу деп ……………………………………… ?
Ақылды болу үшін не істеу керек…………………..?
- “Адамгершілік жүрегі” әдістемесі
Мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Әр топ мүшелері өздері жүрекке “Ақылды болуымыз үшін қандай қасиеттер бізде болуы қажет?” деген сұраққа жауап жазып жүрегіне іледі.
Күн шуағына жылу беретіндей бір-біріне шын жүректен жазғандарын оқып, қорытындыланады.
7.“Кім екенін тап” ойыны
Мақсаты: Өзінің қасиеттерін ұжымда қалай қабылдайтынын сезіп, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.
Әрбір адамның өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.
- “Ауызша воллейбол” ойыны
Мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Допты бір-біріне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамгершілік, әділдік, кішіпейілділік, батылдық, ұстамдылық, жанашырлық.
- “Мен саған сенемін” әдістемесі
Мақсаты: Сенімділік қасиетін күшейту.
Қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады. Мысалы: “Мен саған сенемін….” өйткені, сен жақсы адамсың. Осы кезде әуен ойнап тұруы қажет.
Байжакупова Шакен Мукановна,
І. Жансүгіров атындағы орта
мектебінің психологы,
ШҚО, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы