Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып, сырттан келген басқа ұлт-өкілдеріне алтын бесік болғандығын, ұғындыру Қазақстандық патриотизімге, елін, жерін сүюге және Халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт-өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу.
1-Жүргізуші: Қ.Р-ның мемлекттік Гимні.
№49 Ш.Уәлиханов мектебінің директоры Жүмабек Қатира апайға сөз кезегін береміз.
1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!!!
2-Жүргізуші:«Татулық-достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс-шараға қош келіпсіздер !
1-Жүргізуші:1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномы Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше саяси маңызы зор құрылым.
2-Жүргізуші:Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес, олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
1-Жүргізуші:Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрік пен тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шенеш және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.
2-Жүргізуші:Ағайын туған бар адам
Адалдық үшін таралған
Бар қымбат туыстық
Боянды болссын тыныштық!- дей
келе әр ұлттық өкілдеріненшыққан оқушыларды қарсы алыңыздар!
1-Жүргізуші:Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол дүниежүзілік ынтымақтастық күні болып есептеледі.
2-Жүргізуші:Қырғыз,қазақ,өзбектер,
Моңғол, ұйғыр,дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр-дей келе өлең шұмақтарға сөз кезегін берелік
Оқушы: Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарсқан
Оқушы: Ортақ бізге бір отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, Жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы
Оқушы: Туыспыз біз бәріміз,
Біз отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз
Оқушы: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған,
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Оқушы: Ағайын туған бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Оқушы: Республикам менің
Республикам менің
Айбатым !
Көркінді көрсе-мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
Оқушы: Тілегім бір
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз
Туы барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
Оқушы: Жер анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
1-Жүргізуші:Халық жомарт, даласы дархан, орманы корған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген еліміз!
2-Жүргізуші:Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларын табыстаған Тәуелсіз Қазақстан!
1-Жүргізуші:Хор:»Атамекен»
Оқушы: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағынжая келген
Армысын, бар халқымның ынтымағы!
Бармысын, қазағымның ынтымағы!
Оқушы: Әйнегі күн шатыры аспан,
Кең дала, төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!
2-Жүргізуші:Ортаға «Гүлдерай» би тобының ұлттықбиін тамашалаңыздар:
Оқушы: Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барма ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін
Оқушы: Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Оқушы: Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн-қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
1-Жүргізуші:Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің қүйқалы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкеледі. Зәулім үйлер көбейеді, оқтай жүзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордадан Астана қаласына айналды.Қазақстан Республикасының өмірінде бұл төртінші астана. Алғашқы астанасы Орынбор қаласы, екінші астанасы Қызылорда қаласы,үшінші астанасы Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.
Оқушы: Заман жаңа, ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.
Оқушы: Көрікті өлкем қарашы,
Тізілген орман-тау қаласы
Алтай мен Атырау арасы
Қазақтың кең байтақ даласы
2-Жүргізуші:Республика халқының саны 15 миллиондай жергілікті ұлт қазақтармен бірге басқа да130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтан 1- мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады. Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік достық мерекесін тойламақ дей келе келесі кезекте корей халқының ұлттық биік тамашалаңыздар.
Оқушы: Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды
Дәстүр өнер салтымен
Таңғалдырған ғаламды.
Оқушы: Жырласа қазақ түркімен,
Молдаван тәжік үн қосқан
Дос жүректер біріккен,
Мерейлері жарасқан.
Оқушы: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлты жұртын орыс халқым
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын менің даңқым.
Оқушы: Кім сүймейді ет жақынын туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Оқушы: Қадірменді бір досымыз-өзбегім
Қалтқысы жоқ демің бейне сөз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастархандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
1-жүргізуші: Қыздардың орындауында «Өзбек» биін тамашалаңыздар!
Оқушы:Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын,
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын.
Досым деген адамға міне қолым
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Оқушы: Серт берісіп туыс болып қалуға,
Нәубеттерден аман жеттік дамуға.
Байтақ елдің биік ұстап байлығын,
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
Оқушы: Қуанышты желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кескін бақытты
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.
1-жүргізуші: Ән
Оқушы: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Оқушы: Тілім бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тірек тұр.
Оқушы: Жолым түсіп,тағдыр талап
Грузин дос болдым қонақ
Қазағымдай кең пейілің
Дастарханды жайдың маған.
2-жүргізуші: Ұлдардың орындауында «Грузин» биін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Келесі кезекті ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдерге берсек.
Оқушы:
- Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
- Отан-қуат, отбасы-шуақ.
- Егеменді елдің еңсесі биік.
- Еліңе қарап ертеңіңе қамдан.
- Бірліксіз істе береке жоқ.
Оқушы:
- Елің-панаң, жерің-анаң.
- Жері байдың елі-бай.
- Елдің күші елу батпан.
- Бірлік ынтымақ, байлық-бақ.
Оқушы:
- Ынтымақ түбі игілік.
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.
- Теңге тиыннан
Ынтымақ ұйымнан.
- Біріккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады.
Оқушы:
- Көнектен шалынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.
- Бел мен білек біріксе жұмыс бітер.
- Береке басы — бірлік
- Елдің түбі — бірлік.
Оқушы:
- Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды,
Берекелі жердің жыланы да шақпайды.
- Береке түбі – бірлік
Жеңіліс түбі – шерлік.
Жеңіс түбі — ерлік.
- Жұртпен жүрген жүдемес.
2- жүргізуші: Келесі кезекте «Молдаван» биін тамашалаңыздар
1-жүргізуші: Көрініс.
Даулетбаева А.