Home » Жаңалықтар » Дарынды және перспективті балаларды қолдау мен сүйемелдеудегі аймақтық моделдер

Дарынды және перспективті балаларды қолдау мен сүйемелдеудегі аймақтық моделдер

Ресей – Қазақстан: Дарынды және перспективті балаларды қолдау мен сүйемелдеудегі аймақтық моделдер

 

                17-20 сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Дарынды және перспективті балаларды қолдау мен сүйемелдеудегі аймақтық моделдер» VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты (Ресей, Челябі). Біздің филиал «Қазақстан Республикасы Қостанай облысының дарынды балаларының жеке тұлғалық потенциалын дамыту жүйесі» тақырыбындағы проблемалық – бағытталған алаңынын ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысында Қостанай облысының дарынды балаларын қолдау және сүйемелдеудің аймақтық моделі ұсынылды, соның ішінде «Озат облыстық мектеп-интернаты – бала дамуының табысты ортасы» тақырыбымен  «Озат» дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәжірибесі.

Талантты және дарынды балалармен жұмыс істейтін  Лисаков қаласы мен Жітіқара аудандарының қосымша білім беру мекемелерінің аймақтық жүйесі таныстырылды.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін екі мектептің тәжірибесі: Рудный қаласының №7 мектебі және Әулиекөл ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептері дарынды балаларды қалалық және ауылдық мектептерде қолдау мен сүйемелдеудің мүмкіндіктерін көрсетті.

Таныстырылған материалдар конференция форумында көп қызығушылық тудырып, жақсы да жағымды пікірлерге ие болды.

Қостанай облысының дарынды балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесі конференция қатысушыларын қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар білім беру мекмелерінің арасындағы серіктестікке жаңа импульс берді.

        В.Дядечко

ДБО жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.