«Білім саласына қызмет еткеннің бəрі
Қазақстанның болашағына қызмет етеді»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп – интернат 2005 жылдың қазан айында В.П. Денисенко тынбай еңбек етуінің нəтижесінде ашылды. Мектептің ашылудағы негізгі мақсаты Павлодар облысында шалғайда жатқан ауылдарынан дарынды балаларды жинап, мемлекетті тілде және орыс тілде кəсіби жоғары деңгейлі музыкалық білім беру болды. Мектеп — интернаттың іргетасын қалап, оқу және тәрбие үрдісінің негізін салған алғашқы мектеп – интернат меңгерушісі Ж.Ш. Асемситова, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан тірбиешілер: А.Х.Касымова, А.А.Мажикова, А.Е.Кауашева, О.С. Дашковская.
Бүгінде мектебіміздің ғана емес, еліміздің мақтанышы болып саналатын түлектерімізде аз емес. Қазіргі таңда мектеп –интернатта «Халық аспаптары», «Скрипка», «Виолончель», «Үрмелі жəне ұрлемелі аспаптар», «Арнайы фортепиано», «Хорды дирижерлау», «Жалпы фортепиано», «Жалпы пəндер» бөлімдері жұмыс жасайды. 2005 жылдың қазанында – мектеп тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі болды. Осы күнге дейін мектебімізді бітірген түлектертеріміз еліміздегі жəне шет елдердегі таңдаулы музыкалық жоғарғы оқу орындарында білімдерін ұштап келеді. Педагогтарымыздың еңбектерінің арқасында оқушыларымыз Республикалық жəне Халықаралық байқаулардың лауреаттар мен дипломанттары атанды. Жыл сайын мектеп бітіруші түлектеріміз музыкалық колледжді тәмәмдап, сондай –ақ еліміздегі Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консервториясы, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсіп, білімдерін жетілдіріп жатыр. Қазіргі таңда мектебімізде 272 оқушы білім алуда. Жаңа талапқа сай жабдықталған материалдық техникалық база жетілдірілген, компьютерлік сыныптар жұмыс жасайды, музыкалық аспаптармен толықтай қамтылған. Интернатта (ұлдар, қыздар), бес мезгіл тамақ дайындайтын асхана, медпункт (бір медбике, бір дәрігер), қажетті қітаптармен, оқулықтармен жабдықталған кітапхана, оқу залы, футбол алаңы, арнайы спортзалдары жұмыс істейді. Оқушыларымыз сабақтан тыс уақытта тоғызқұмалақ, шахмат үйірмелеріне қатысып, талабын ұштап, уақыттарын қызықты өткізеді. Жалпы пəндермен қатар сольфеджио, музыка əдебиеті оқытылады.
Биыл музыкалық колледжге – 60 жыл. Мерейтойға орай білім ордасында жыл бойы көптеген музыкалық іс – шаралар, байқаулар ұйымдастырылып жатыр.
Мектеп — интернатымыздың осындай үздік нәтижелерге қол жеткізіп, білім биігінен көрінуін мен, әрдайым мақтан етемін. Алдағы кезеңде де қазақтың өнегелі ұл-қыздарын тәрбиелеп, елімізге аянбай қызмет қылатын нағыз ұлтжанды ұрпақтарымызды бірлік пен ынтымақты серік етіп, тәрбиелей берейік.
Базарова Айнагуль Тукеновна
Павлодар қаласы