“…Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейлері мектеп бағдарламасымен шектелмей, оқушы жан-жақты жаңа технологияны меңгерген, жаңа заман талабына сай адам болуына міндеттелген…” деп еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңа Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясында білім беру саласына аса үлкен назар аударғанын көріп отырмыз.
Осы орайда мұғалімдерге жүктеліп отырған мақсаттардың бірі – шығармашыл, дарынды, талантты оқушыларды қолдау. Осындай оқушылардың деңгейлерін әрі қарай арттыру мұғалімдерге жүктеліп отырғаны баршамызға белгілі. Осы бағытта жұмыстанып келе жатқан жұмысымызды сіздерге ұсынғалы отырмыз.
Мектептің алдындағы басты міндет әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай, дарындылығын айқындау және дамыту әр түрлі әдістермен, оның ішінде ғылыми іздену қызметіне ұштасады. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу кезінде, ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми-ағартушылық жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту т.б. Сондықтан да жоғарыда аталған терминдердің мәні ғылым, зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған.
Жоба жұмысымен айналысудағы өз тәжірибемен бөліскім келеді Осы мақсатта ең бірінші ғылыми жұмысқа қабілетті оқушыны таңдап алдым. 8 «А» сыныбына жаңадан келген Хасенова Еркежанның қабілетін байқап, онымен жұмыс жасауды мақсат еттім. 8- 9 сыныптың дарынды оқушыларын интеллектуалдық жарысқа апарып, осы жарыс кезінде Еркежанның алғырлығына тарих пәнінің мұғалімі де тәнті болып, екі мұғалім бірігіп осы оқушыны таңдадық. Барлығымыз кеңесе келіп, этномәдениеттану секциясын, «Семей қаласындағы этномәдени орталықтардың қоғамдағы рөлі» тақырыбын қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастырдық. Тақырып таңдауда оқушының қызығушылығы ескерілді. Таңдалған тақырыпты Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, филология кафедрасының доценті Құрманбаева Қарлығаш Солтанбекқызымен таныстырып, қолдауын алдық. Оқушы өзі барып, жоғары оқу орнын көріп,доцентпен сұхбаттасып, ерекше сезімде қайтты. Бұл жоба жасаушыға жігер-ерігін арттырды деп ойлаймын.
Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары баланың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни жобамен жұмыс жасағанда бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Сол кезде ғана баланың қызығушылығы басым болып, өзінің функционалдық сауаттылығын арттыруға үлкен мүмкіндік тудырады. Оқушы өз дүниетанымын кеңейтіп, танымдық ізденімпаздығын дамыта отырып жұмыс жасауға кіріседі. Бұл жолда жоба жетекшілері де бағыт-бағдар беріп, бағыттаушы сұрақтар дайындап беріп жол көрсетеді. Осындай жан-жақты еңбектің нәтижесінде ғана жетістікке жетуге болады
Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті мен жаңаны тануға талпынатын баланың ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бұрыннан танылған. Оқушы өзінің әлемге жаңалық әкелетін тұлға екенін түсінуі қажет. Осындай еңбектің нәтижесінде Хасенова Еркежан қалалық ғылыми жоба сайысынан 3 орынды иеленді. Биылғы жыл 1 орын алуға мақсат қойдық. Сол мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын.
Кабдылкаримова Құралай Жомартовна,
№ 29 ЖОББМ КММ,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Семей қаласы