Home » Мақалалар » Дарынды балаларды дамыту мен қолдау мәселесінің өзектілігі

Дарынды балаларды дамыту мен қолдау мәселесінің өзектілігі

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да, еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Баланың белгілі бір іс-әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз күштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу. Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты: 

— баланың шығармашылық қабілетін және өз  бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

— пәнге терең қызығушылығын арттыру;

— оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

— оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

— жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;

— білімнің бағасын арттыру.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті: 

— оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру;

— шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу;

— оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары: 

— дарынды баланы іздеп табу және іріктеу;

— тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту;

— дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.

—  проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту;

—  мектепішілік және қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға, сайыстарға қатыстыру;

— жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.

Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән-күйді т.б. өнер салаларын таңдайды.

Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

—       оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп-зерделеу;

—       шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

—       оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу-тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата-ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

Дарынды балаларды дамыту мен қолдау мәселесі өзектілігінің артуына байланысты зияткерлік және шығармашылық қабілеттерді, зерттеушілік және құрылымдық машықтарды дамытуға, қабілетті әрі дарынды балалардың тұлғалық өсуіне, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалануға жайлы жағдай жасау арқылы оқушыны дарынды тұлғаға айналдыру нәтижесінде жан-жақты қабілетті оқушы дамытуға жағдай жасау.

Дарынды балалармен жұмыс барысында мектебімізде бірталай жұмыстар атқарылуда, атап айта кетсек:

  • Халықаралық «Пони» олимпиадасының 2018 жылғы нәтижелері бойынша бастауыш сыныптардың 10 оқушысы жүлделі І орынға ие болды. Дайындаған бастауыш сынып мұғалімдері: М.С.Қайыргелді, А.М.Жунусова, Д.А.Жетписова, А.К.Макенова, А.Э.Омарова, М.К.Макенова, Г.М.Аюбаева, Н.Ж.Смаилова, З.Б.Ахметова, Р.Ж.Байсугурова, Баяухан А.
  • Халықаралық интеллектуалдық «Русский медвеженок» сайысында бастауыш сыныптың төрт оқушысы І орын иегері атанды (орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Оразбекова А.А.).
  • «ХYІІ Сәтбаев оқулары» халықаралық конференциясында екі оқушы ІІІ жүлделі орын иегері аталды (дайындаған пән мұғалімдері: Н.М.Мусабекова, Ж.А.Аралбаева).
  • Халықаралық «Ломоносовский турнир» интеллектуалдық сайысында физика пәнінен бір оқушы Мадақтау қағазымен марапатталды (дайындаған мұғалімі: Шакеева Г.Е.).
  • “Жас дарын” халықаралық балалар және жасөспірімдер фестифалінде екі оқушы ІІ орын иегері атанды.
  • ІІ республикалық «Дарабоз» байқауы «Көркем сөз» жанры номинациясында бастауыш сынып оқушысы бас жүлде, «Қолөнер» жанры бойынша екі оқушы ІІ орын иегері болды. (Дайындаған пән мұғалімдері: А.Баяухан, Ө.С. Саттарова).
  • «Тәуелсіз ел жастары» атты қоғамдық қорының бастамасымен өткен «Ардақты ұстазым-2018» атты республикалық  эссе жазу сайысы бойынша жүлделі  екі  оқушы ІІ орын, үш ІІІ орындарға ие болды (дайындаған пән мұғалімдері: Г.М.Аюбаева, А.Э.Омарова, Н.Ж.Смайлова, А.М. Омирбаева).
  • «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонына 19 оқушы қатысып, алты жүлделі ІІ орын, он үш ІІІ орын иегерлері атанды (дайындаған пән мұғалімдері: Р.Ж.Байсугурова, Ш.С.Турашева, Ж.К.Архабаева, О.М.Жунусова, Э.К.Мусина, Г.Е.Шакеева, Х.Б.Сулейменова, К.С.Калымова, Г.Ж. Каскабаева).
  • Республикалық КИО олимпиадасы бойынша бес І орын, бір ІІ орынға ие болдық (дайындаған пән мұғалімдері: Ж.К. Архабаева, Х.Б. Сулейменова).
  • “Жас толқын” республикалық балалар және жасөспірімдер фестифалі бір оқушы Гран- при иегері болды (дайындаған пән мұғалімдері: Айтказинова А.).
  • “Зерде” республикалық ғылыми зерттеу жобаларының облыстық кезеңінде «Ең үздік бақылау» номинациясының игері атанды.
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ХҮІІІ аймақтық ғылыми-тәжірибелік оқушылар конференциясына үш оқушы қатысып, бір оқушы ІІ орынға ие болса, бір оқушы «Тарих бесігі – мұражай» номинациясына ие болды (дайындаған пән мұғалімдері: Қ.О.Ақмағамбетов, Г.А.Бисенова, Э.К.Мусина).
  • «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурсында 7 «А» сынып оқушысы өз қолымен үй жинаушы роботын жасап, сертификатқа ие болды (дайындаған пән мұғалімі: П.Жұман).
  • Физика пәнінен ҮІІ облыстық пән олимпиадасында бір оқушы ІІ орынға ие болды (дайындаған пән мұғалімі: Г.Е.Шакеева).
  • Қалалық пән олипиадасы бойынша он тоғыз оқушы қатысып, биология пәні бойынша І орын (дайындаған пән мұғалімі: Ш.С.Турашева), ІІ орынға – 5, ІІІ орынға – 13 оқушы ие болды (дайындаған пән мұғалімдері: Г.А.Бисенова, Э.К. Мусина, Г.Е Шакеева,

Х.Б. Сулейменова, К.С.Калымова, Г.Ж. Каскабаева, Б.К. Сыздыкова, А.А.Оразбекова, Б.Т. Касымжанова, Ж.А.Аралбаева, С. Жахай, Н.С. Сембинова, М.Т. Жумагулова М.Ш. Сейсембаева, Р.Р.Сагиндыкова).

Қорытындылай келе, оқушылардың жақсы қасиеттерін танып, дарындылыққа барар жолдың басты шарттарын орындауы — ұстаздың біліктілігінде деп есептеймін. Оған халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жүлдегерлердің болуы дәлел бола алады.

Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарындыларға айналдыра білейік!

 

Аралбаева Жанар Амамбаевна,
Павлодар облысы Екібастұз қаласы
№11 ЖОББ мектебінің
химия және биология пәнінің мұғалімі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.