Бектасова Назгүл Жамалбекқызы
Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты: Әлем әдебиетінің озық үлгілерімен танысу. Әңгіменің мазмұны мен идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
- Әлем әдебиеті туралы түсінік қалыптасады. Даниэл Дефоның өмірімен танысады.
- Робинзон Крузоның іс-әрекетіне баға береді.
- Оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты нығайту.
Бағалау критерий: 1. Робинзон Крузоның іс-әрекетін талдайды
- Мәтіннің мазмұнын талдайды.
- Эссе жазады.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Күтілетін нәтиже:
- Робинзон Крузоның іс-әрекетіне баға береді 2. Оқиғаны болжайды 3. Эссе жазады
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, терминдер арқылы болжау, эссе жазу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, стикер, маркер
Пәнаралық байланыс: экология, биология, география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
«Жылы лебіздер білдіру» психологиялық сергіту арқылы сыныптағы ахуалды жасау. Оқушылар бір-біріне тілек тілей отырып, жақсы сөздер айтады. Сынып оқушыларына қорапша ішіндегі суреттерді тарату арқылы төрт топқа бөлеміз.
ә) Топпен жұмыс
Әр топтың алдына «Кеме», «Арал», «Өмір» деген сөздерді беремін де, ой шақыру сұрақтары арқылы жетелеймін.
Осы сөздерді естігенде сендерге қандай ой келді?
Осы үш сөзді бір-бірімен байланыстырғанда қандай оқиға тууы мүмкін? Бірнеше минут ойланыңыздар.
Екі минуттан кейін — ал енді көршіңізге бұрылыңыз, өз идеяларыңызды ортаға салып, бірлесіп әңгіме құрастырып көріңіздер. Содан соң біреулеріңіз сол әңгімені айтып бересіздер.
б) Терминдер арқылы болжау әдісі
Әр топ ортада талқылап, өздерінің болжамдарын ұсынады. Оны қорғап біткеннен кейін: — Қазір сендер Даниел Дэфоның «Робинзон Крузо» романынан үзінді оқисыңдар. Сендер әңгімені бірнеше үзіліспен оқисыңдар. Мен тоқтатқанға дейін оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз.
1-үзінді. 1659 жылғы 30 қыркүйектен 4 қарашаға дейін
Сұрақтар:
- Қай топтың әңгімесі оқыған үзіндіге сай келеді?
- Робинзон неге аралға «Түңілу» деген ат қойды?
- Робизон аралдағы өмірін қалай бастады?
- Оқиға ары қалай өрбуі мүмкін?
2-үзінді.4 қараша-2 қаңтар
Сұрақтар:
- Мұқтаждық Робинзонды неге үйретті?
- Теңізші аралдан аман шығуы үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
3-үзінді. 3 қаңтар — 1 мамыр
Сұрақтар:
- Робинзонның бойынан өзіңе үлгі болар қандай қасиетін байқадың?
- Егер сен Робинзонның орнында болғанда не істер едің?
в) Ой толғаныс. Эссе жазу «Рухың мықты болса…»
Оқушыларға Эссе жазу тапсырылады /10мин/. Топтың ішінен бір оқушы автор орындығында оқиды
г) Бағалау. Балдық жүйемен бағалау
№ | Аты-жөні | Мәтінді болжауы (1-3)ұпай
| Сұрақтарға жауап беруі (3-5) ұпай | Эссе жазады 1. Мазмұнның өзектілігі (1-3)ұпай 2. Сыни ойлаудың болуы (1-5) ұпай 3. Жазу стилі (1-7) ұпай
| Қорытынды 20-23 ұпай «5» 15-19 ұпай «4» 10-14 ұпай «3» |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
Кері әсер парағы
- Бүгінгі сабақтан үйренгенім
- Маған не ұнады/ұнамады? Себебі…
- Ұсыныс, пікір, сұрақ