Home » Жаңалықтар » «Даналық кеші» жобасының шеберлік сабағы

«Даналық кеші» жобасының шеберлік сабағы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

  №7 ЖОББББММ мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры»-ның режиссері, әртіс  Жангелді Садықов, ҚР-ның Тұңғыш Президентінің Лауреаты – Мұсанова Құралай, әртіс  Әнуарбек Ақсұлтанның  қатысуымен, бүгінгі ұрпақтарға, жастарға өнеге болатын «Даналық кеші» жобасының тұсаукесері өтті.

«Даналық кештің» шымылдығы мектебіміздің директоры Х.В.Бекбосынованың құттықтау сөзімен ашылды. Кеш барысында әртістер өздерінің өнер саласындағы қызықты да әсерлі сәттерімен бөлісіп, киелі сахнаның қызықты да қилы оқиғаларын баяндай отыра, бірі қазағымыздың киелі домбырасымен ән шырқаса, бірі М.Мақатаевтың поэзиясынан үзінді оқып, өз кәде сыйларын ұсынып кешті жандандыра түсті. Сонымен қатар, оқушылар келген қонақтарға өздерінің қызықтырған сауалдарын қойып, өздеріне өнеге рухани азық алып, мерейлене түсті. Оқушылар да өз өнерлерін көрсетті. 11 «А» сынып оқушысы Тоғжан Байдюсен «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрына» арнап шығарған өлеңін оқыды. Кеш соңында мектеп директоры Х.В.Бекбосынова Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Даналық кеш» жобасында бүгінгі жастарға өнеге болатындай зор үлес қосқандары үшін шын жүректен алғыс білдіріп,  бірлескен жұмысы үшін Алғыс хатпен марапаттады.

ТЖДО, Баршагүл Төңкерханқызы,
№7 ЖОББББММ
Павлодар қаласы.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.