Данагүл Өтепбергенқызы Жұмабекова,
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы,
Ы.Жақаев ауылы,
№149 «Қызылту»
орта мектебінің педагог-психологы
Тренингтің мақсаты: Өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.
Тренингтің міндеттері: Өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Қатысушылар: ұжым мұғалімдері
Көрнекіліктер: түрлі – түсті бор, желім.
Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) «Сәлемдесу» жаттығуы
топта жұмыс істеу ережесі / әр тапсырмаға уақыт беру /
II.Негізгі бөлім:
а) «Батпақтан өту» жаттығуы
б) «Орындық» жаттығуы.
III. Қорытынды бөлім:
а)Алақан» жаттығуы
Тренингтің жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) «Сәлемдесу» жаттығуы.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір-бірінің қолын қысады.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір-бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар мұрындарымен амандасады
II. Негізгі бөлім
а) «Батпақтан өту» жаттығуы
Жүргізуші түрлі пішіндердің суретін жерге салады, Сол пішіндердің ішінен 1-ші адамның оң аяғымен, екінші адамның сол аяғы қосылып желімденеді. Ары қарай сол сапта тұрған адамдардың аяғы осылай желімденіп шығады.
Нұсқау: – Қазір мен жерге бормен пішіндер сызып шығамын, сіздер сол пішіннің ішінен өтесіздер. Енді сол пішіннен өткенде 1-ші адамға байланысты. Дыбыс шығармаймыз, эмоция көрсетпейміз. Бір- бірлеріңізді икемдеп өткізесіздер.
б) «Орындық» жаттығуы
Қазір бәріңіз шеңбер жасап тұрасыздар. Енді бірге оңға бұрылып аламыз. Шеңбер жасай жүріп алдыңыздағы адамның алдындағы адамының иығына, екі қолыңызды жеткізесіз. Жинақталамыз, шықпаймыз. Бір-біріміздің тіземізге отырамыз. Қәне енді отырып болсақ екі қолымызды жоғары созып, шапалақ ұрамыз.
III. Қорытынды бөлім:
а) «Алақан» жаттығуы
Сол алақанымды, оң алақаныма ұрып жанымдағы адамға беремін. Келесі адамға дейін осылай жалғасып кетеді.
- Не ұнады ?
- Не ұнамады ?
- Тренингке қатысқандарыңызға рахмет әріптестер!