Home » Оқу-әдістемелік материалдар » ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор

Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселердің бірі болып отыр. Өйткені, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігі. Педагог өзіндік жұмысқа кіріскен кезде, жетістікке жету үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз екенін жылдам анықтайды. Дамыта оқытудың әдіснамасы – бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық сана мен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше  қалыптасуын ұсынады.

Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты — оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың  әдісі мен амалдарын көрсету.

Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында.

Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.

М.Новиков белсенді  оқытудың  мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:

1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;

2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;

3) өзіндік  шығармашылық  шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық  жоғары  деңгейі.

Белсенді оқыту әдісі — бұл оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке оқушыларды ынталандыратын әдіс. Белсенді  оқыту, ең бастысы мұғалімдердің  дайын білімдерін олардың жаттап алуы және қайта айтып беруінің мазмұнынан емес, ал белсенді тәжірибелік әрекеті және ойлау әрекеті процесінде оқушылардың қабілеті мен білімдерін өзіндік меңгеруі сияқты әдістер жүйесін ұсынады.

Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері тәжірибелік және ойлау әрекеттерін тудыруға бағдарлануында. Белсенді әдістердің көрінуі және дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қойылғанымен сәйкестеледі: оқушыларға тек қана білім бермей, сонымен қатар танымдық қызығушылықтарын дамыту және шығармашылық ойлауын жетілдіру танымдық белсенділік және танымдық өзіндік сапа оқуға деген оқушылардың  дара қабілеттерін көрсетеді.

Бүгінгі күнде  дамыта оқытудың бірнеше теориялары анықталып, жүзеге асуда. Онда балаға қоршаған ортамен ара қатынаста болатын өзіндік  субъектінің рөлі тағайындалады. Оның бәрі нақты зерттеуді қажет етеді. Мұғалім өзінің сабақты ұйымдастыруға деген қатынасын өзгертіп, меңгерілетін  технологияға толықтай енуі қажет, тек қана дамыта оқытудың принципін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқу процесінде оны шығармашылық түрде қолданылуы керек. Технология бір-бірімен байланысты мынадай принциптерден тұрады:

  1. Комплексті даму жүйесі негізінде мақсатты бағытталған даму.
  2. Мазмұнның мақсаттылығы және жүйелілігі.
  3. Жоғарғы деңгейдегі қиындықта оқу.
  4. Теориялық білімнің жетекші рөлі.
  5. Материалды жылдам меңгеру.
  6. Оқу процесінің өзін оқушының мойындауы.
  7. Жаппай дамытуды көздейтін жүйелі жұмыс.
  8. Оқыту мазмұнының маңыздылығы және мәселелігі.

Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істей алу үшін мұғалімге не қажет? Бұл технолгияның өзі дамушы білім беру кеңістігіндегі арнайы ұйымдастыруды ұсынады. Әдіскердің міндеті әр түрлі бағыттарды меңгеру үшін жағдайлар құру, әдіснамалық әдебиеттердің көп түрлілігіне педагогтарды бейімдеу. Дамыта оқыту жүйесін меңгеруде арнайы тәжірибелер бар мұғалімдерге жиі туындайтын бірталай мәселелер қатары берілген:

  1. Көптеген сұрақтарда жоғары білімділік таныту үшін, мұғалімдерге білім көлемі жеткіліксіз, өйткені сабақ шеңберінен шығу байқалады: материалдың көптігі, оның жан-жақтылығы, пәнаралық байланысы.
  2. Дамыта оқытуға сай, мұғалім жұмыс жағдайын құра алмайды. Сабақ мазмұнындағы тапсырмалардың  құнды мүмкіндіктерін көрмейді, шындықты  анықтауға, талқылауға сыныпты жұмылдырмайды.
  3. Сабақтың кіріспе бөлімі жиі бұзылады, өйткені оқу мазмұнының мағынасы толық мойындалмаған, оқушылардың өзінің мүмкіндіктерін көрсетіп, ашыла алатын сезім ортасына шығу жоқ.
  4. Мұғалімдер оқулықтарға, бағдарламаларға сенбей көбінде өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сеніп, жұмыс стилін өзгертіп, дәстүрлі әдісті енгізеді де жаңа жүйе бойынша жұмыстың ерекшелігін мойындамайды.

Оқу-тәрбие үрдісінде  қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту (С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы окыту (В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін  қалыптастыру  және  дамыту; баланың өз бетімен әрекеттенуі әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық  жағдайлар жасалады.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы ұлттық мектеп белгілі білім мен дағдылар жиынтығын меңгерген азаматтар ғана емес, ұлттық дүниетаным негізінде өз көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары, отаншыл, қандай ұлтпен болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды тәрбиелеп өсіруге бағытталған.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.