Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дайын ерітінді қоспалардың түрлерін, құрамын, дайындау тәсілдерін, жөндеу және сылақтау, құралдарды өз ережелеріне сай қолдану тәсілдерін ұғындыру мен пайдалану әдістерін үйрету.
Білімділік: Оқушыларға құрғақ дайын қоспаларды миксер құралы арқылы дайындата отырып, алған теориялық білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысқа деген ынтасын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу арқылы құрылыс құралдарын өз ережелеріне сай пайдалануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Ротбонд, глад, батыр қайсар, желім, миксер, дрель, шпатель, т.б
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
— сәлемдесу
— оқушыларды түгендеу
— сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Жұмыс басталмас бұрын оқушылардың жұмысқа даярлығын қарау, қауіпсіздік ережесін түсіндіру, қауіпсіздік тіркеу журналына қол қойғызу. Оқушыларды звеноға бөліп жұмыс бағытын түсіндіріп өту. Әрбір звеноның жұмыстарын алмастыру. Қолданатын құрылыс құралдарын тексеру жұмыстарын жүргізу. Технологиялық нұсқама картамен жұмыстануға бейімдеу.
Казіргі уақытта өнеркәсіп саласында құрылыс материалдарының түрлері көбейіп келеді. Әсіресе, күрделі жөндеуден өткізу кезінде сылақ жұмыстарын орындау, түрлі жұмыстарды қалыңдығына, сапасына, құрамына, пайдаланатын қабырға беттеріне қарай бөлуге болады. Біздің бүгінгі қолданатын құрғақ сылақ ерітінділеріміз: ротбонд, батыр қайсар (глад) және желім қоспаларынан ерітінді дайындау.
Машық бөлімі:
Ерітінді дайындау жұмысы:
Алдымен арнайы ерітінді езетін ыдысқа керек мөлшерде су құйып аламыз. Құрғақ қоспаларды ыдысқа саламыз, құрғақ қоспаның ұшып көзге түсуінен сақтанамыз. Қоспаларды араластыру үшін арнайы ерітінді араластырғыш миксерді пайдаланамыз. Қолданар алдында миксердің бос жүрісін тексеріп аламыз. Миксердың басын төмен қаратып ұстап тұрып қосу. Қосар алдында ток көзін тексеру. Тексеріп болған соң іске қосқыш қондырғысын басып іске қосамыз, 3-5 минут араластырып, ерітіндінің сұйық болып кетпеуін қадағалаймыз.
Жұмыстың негізгі бөлімі: Дайын құрғақ қоспалардан ерітінді дайындау.
Бірінші звено бойынша.
Гипсті сылақтын қолдану саласы КАНУФ — Ротбанд – тұтқырлығы гипсті минералды толтырғыштың және полимерлі үстемелердің негізіндегі әмбебап құрғақ сылақ қоспасы. Жайлардың ішіндегі төбелерді және беттерді, әр түрлі қабырғаларды қолмен бір қабат етіп сылауға арналған.
Жұмыс тәртібі: Қаптағы қоспаны (30 келі) ішінде 16-18 литр таза суық суы бар ыдысқа төгіп, ол түйіршіксіз біртектес массаға айналғанша құрылысқа арналған миксермен араластырамыз. Ерітіндіні 5 минутқа қойып, содан соң қайта араластырамыз. Ерітінді қоспаны пайдалану кезінде су немесе қоспаны қайта қосуға болмайды. Дайындалған қоспаны суға еріткеннен кейін шамамен 20 минуттың ішінде сыланатын бетке жағып, тегістегіш құрал правилоның көмегімен тегістейміз. Қоспа суда еріген соң шамамен 45-60 минут өткеннен кейін сылақ қабатын жалпақ шпательмен немесе трапеция тәріздес правиломен тегістеймыз. Қажет болған жағдайда қайталап тегістейміз. Қондырғылар мен құрал-жабдықтарды жұмыстан кейін бірден сумен жуып тазалап қою керек. Ластанған ыдыстар мен құрал-жабдықтар ерітінді қоспасын пайдалану уақытын қысқартады. Сылақтың кебу кезінде бөлменің желдетуін қамтамасыз ету қажет. Құрғақ қоспа су араластырған кезден бастап ерітіндіні 60-90 минуттың ішінде сылап бітіру керек. Сылақтың бір қабатының қалыңдығы ең жұқасы – 5 мм, ең қалыңы 50 мм.
Материалдың жұмсалуы: 1 м.кв-қа 10 мм етіп сылау кезінде шамамен 8,5 құрғақ қоспа жұмсалады.
Екінші звено бойынша: Батыр «Қайсар» түпкілікті ғаныш тегістегіш, соңғы тегістеу үшін – ғаныш тұтқырғыш және модификациалайтын үстемелер негізіндегі тегістегіш. Құрамы: ғаныш, мәрмәр толтырғышы, фукционалдық үстемелер. Қолдану аясы: құрғақ жайлардағы, гипсокартоннан, ғаныш және цемент сылақтарынан жасалған қабырғалар мен төбелерді тегістеуге арналған. Ерітінді дайындау: құрғақ қоспа бөлме температурасындағы таза сумен келесідей пропорцияда араластырылады, ұнтақтың 30 келісіне – 10,2-10,6 литр су. Біртекті массаны алу үшін жігерлі араластыру қажет етіледі. 2-3 минуттан кейін тегістегіш пайдалануға дайын. Дайындалған қоспа ерітіндісі 60 минут ішінде қолданылуы тиіс. Қолдану тәсілі: тегістегіш екі қалақшаның көмегімен қолмен жағылады. Майлаулар бір-бірінен перпендикулярлы жағылады. 1 шаршы метрге 1 мм қалындық кезінде 1,6 кг қолданылады.
Үшінші звено бойынша: Тақтайша желімі – цементтің, фракацияланған құмның және химиялық қоспалардың кешені негізінде ылғалға төзімді, икемді желім құрамы. Құрамы: цемент, кварцты құм, мәрмәр толтырғышы, функционалды үстемелер. Ерітінді дайындау: құрғақ қоспаны таза суға салып, біркелкі массаны алғанға дейін қолмен немесе миксермен араластырамыз, 5 минут өткеннен кейін қайталап араластыру қажет. Араластыру кезінде ара қатынас құрғақ қоспаның 25 келісіне 5- 6 литр су құйылады. Әзірленген ерітінді 2 сағат ішінде пайдаланылуы тиіс. Қолдану тәсілі: әзірленген негізгі желім ерітіндісін тісті қалақшаның көмегімен жағу керек. Жағылатын қабатының қалыңдығы негіздеме мен плитканың сапасына тәуелді. Материалдың шығыны: қабаттың 3–5 мм қалыңдығы кезінде 1 шаршы метрге орташа алғанда 5-8 келі шығындалады. Шығын негіздеме қасиеттеріне, оның тегіс деңгейіне, күйіктас тақтайшаларының түріне және шебердің жеке дағдыларына тәуелді.
ІІІ. Ағымдағы нұсқау.
Оқушыларды жұмыс кезінде қадағалау. Жіберіп жатқан қателерін тексеріп болдырмау. Әрбір звеноның жұмысын алмастырмалы түрде қадағалау. Жұмыстың сапалы, әдемі атқарылуына мән беру. Арасында сұрақ-жауап арқылы пысықтап тұру. Қалып қойған студенттерге жеке көмек көрсету, түсіндіру және оларға қайталауға мүмкіндік жасау.
ІV. Қорытынды.
Қаптарды құрғақ жайдың ішінде ағаш түптерде сақтау керек. Зақымдалған қаптардың ішіндегі материалды басқа қапқа төгіп, бірінші кезекте пайдаланған жөн. Зақымдалған қаптамада сақталу мерзімі – 6 ай. Тегістегіш еденде тегістеу үшін және тақталармен қаптау кезінде негіз ретінде және ылғал үй жайлардың ішінде қолдану үшін жарамды емес. Гипс картон тақталары арасындағы жіктерді толтыруға қолданылмаған жөн. Қапта 25-30 келі шамасында болады. Ылғалдың түсуін болдырмау керек. Сақтау шарттары – 30 градустан + 40 градус температура кезінде және салыстырмалы ылғалдық 80 пайызға дейін болу керек.
V . Бағалау.
Дайын жұмыстарды қабылдау, олардың сапасына қарап баға беру.
- Үй тапсырмасын беру.
Тақырып бойынша қайталап келу.
Айнагул Төлеуғалиқызы Капиетова,
Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің
«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша
өндірістік оқыту шебері.