Білім беру саласы: Таным Бөлімі:Математика Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Білімділік: 10 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау, заттың қасиеттерін (жуан – жіңішке, үлкен – кіші) қайталау, 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту.
Дамытушылық: Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін , қиялын дамыту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, саусақ қимылын дамыту. Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Қызыл телпек» ертегісіне салынған кейіпкерлерінің бейнесі, 1- ден 10 — ға дейінгі сандар, слайд, дидактикалық ойындар.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс,ой қозғау. Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Құрметпенен сіздерге , Сәлем бердік біз.
- Біздің ұранымыз: Бір, екі, үш Сынып іші тып-тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз.
(сурет) — Балалар, мынау қандай ертегінің кейіпкерлері?- «Қызыл телпек» ертегісінің. Қасқыр мен Қызыл телпек. -Келесі суретте не бейнеленген? — Орман. — Мына орманның шетінде Қызыл телпектің әжесі тұрады. Қызыл телпек әжесінің үйіне бара жатқанда алдынан оған қасқыр кездесіпті.
Қасқыр: Қызыл телпек, егер сен менің тапсырмамды орындасаң, мен сені жіберемін. Ал, егер тапсырманы орындай алмасаң сені жеп қоямын.
— Қызыл телпек бізден көмек сұрай келіпті.
Қызыл телпек: Әжеме жетуге мен асығамын, Қарашы кедергілер тосылғанын. Жалғыз емес, қасымда достарым бар. Орындаймыз бізге бар тапсырғанын.
— Әжеге жету үшін қасқырдың жеті тапсырмасын орындау керек.
1 — тапсырма: 1 –ден 10- ғадейін тура, керісанау.
2 — тапсырма:Көршісандардыатау.
3 — тапсырма:Қандай ұғымдармен таныстыңдар? Оны есімізге түсіру үшін, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
а) Жұлдыздың шашы ұзын, ал Шыңғыстың шашы қандай?(қысқа)
ә) Ағаш биік болып өссе, шөп қандай болып өседі? (аласа)
б) Жылқы жылдам жүрсе, тасбақа қалай жүреді? (баяу)
Енді «Керісінше» ойын ойнаймыз.Мен айтамын — үлкен Сен айтасың — кіші. Мен айтамын — жуан Сен айтасың — жіңішке. Мен айтамын — қалың Сен айтасың — жұқа. Мен айтамын – жоғарыСен айтасың — төмен. Мен айтамын – көпСен айтасың — аз. Мен айтамын – алдындаСен айтасың — артында. Мен айтамын — оң жақта.Сен айтасың — сол жақта. Мен айтамын – алыс. Сен айтасың — жақын.
4- тапсырма: Әліппе-дәптермен жұмыс.
- Ең ұзын таспаны қызыл, ең қысқа таспаны жасыл қарындашпен бояту, одан да қысқа таспанының суретін көк қарындашпен салдыру.
- 5,6,7 сандарының құрамы.Ауызша жұмыс жасайды. 8 санының құрамын кестеге толтырады: 1 мен 7, 2 мен 6, 3 пен 5, 4 пен 4, 5 пен 3, 6 мен 2,7 мен 1,8 бен 0.
- Суретте барлығы неше жидек бар? Барлығы неше жеміс бар? Санды жеміс санымен сәйкестендіріп, үлгіге жаз: 4+3=7 1+4=5
- Шелектерді үлкені көк пен сарының, ал қызылы көктің жанында болатындай боя. Сергіту сәті. Балалар, кішкене шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін орындайық.
5 — тапсырма: Балалар сурет бойынша есеп құрастырады. Енді өз ойынан кім есеп құрастырады?
6 — тапсырма: Салыстыру. — Сандарды салыстырғанда қандай белгілерді қолданамыз? — Дұрыс, артық, кем, тең.- Балалар, мектепке бармасам да, мен барлығын білемін деп, қасқыр сандарды өзі салыстырыпты. Қарайық, егер дұрыс болса қолымызды шапалақтаймыз, ал қате болса тыныш отыра қаламыз.
7 — тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? — Енді, мына суреттерде не бейнеленген? — Үйдің суретін салғанда суретші қандайпішіндерді қолданған? — Дұрыс, шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш.
Қорытындылау. -Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай тапсырмалар орындадық? — 1 –ден 10- ға дейін тура, кері санау. Көрші сандарды атау.- Қандай ұғымдармен танысқанымызды есімізге түсірдік.- Сурет бойынша есеп құрастырдық, сандарды салыстырғанда қандай белгілерді қолданатыны жайлы айтылды.
Геометриялық пішіндерге тоқталып өттік. -Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін математика оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар! Осымен оқу әс-әрекетіміз аяқталды.
Г. Мусаханова,
Қызылорда қаласы
№261 С.Лапин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі