Home » Мақалалар » Ауғанның асуында от кешкендер

Ауғанның асуында от кешкендер

Бұл күн жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткенді естелік етіп, оны көңілге  тоқу ғана емес, бауырларымызды еске алар күн. 1989 жылдың 15ақпанында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні.
Бұл күн –біз үшін тарихи күн.
Сол соғыста ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен азаматтарымызға құрмет көрсету біздің міндетіміз, қасиетті борышымыз, парызымыз дейді оқушылар.
Осындай ардагер ағаларымызға арналған игі іс –шара №167 орта мектебінде 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагері, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Ғафур Нұрымбетовпен кездесу ретінде өтті.Кешті 10 сынып жетекшісі Г.Кулдрахманова ұйымдастырды. Кешке мектеп директоры К.Айменова, орынбасарлары Қ.Зарерова, Қ.Оспанова және АӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы А.Мадалиев қатысты. Кешті 10 сынып оқушысы А.Тыныштықбай жүргізді. «Ерлік-елдің қасиеті, Жүректілік-жігіттің қасиеті»  демекші ардагер Ғафур Нұрымбетов сұрапыл соғыс кезіндегі басынан өткерген оқиғаларды баяндап берді. Оқушыларға жақсы тілектер тіледі. «Ұлы дала өркениеті»-бейнероликтен үзінді көрсетілді.10 сынып оқушысы Алпамыс Айгерімнің  жүрек  жарды арнауы кеш қонақтарын тебірентті.

Арнау
1989 жылы  ақпанның бір қысында
Бейбітшілік қайғыменен қатар келген тұсында
Ардагерім батыл ерім сіздің қайрат күшіңіз
Қарап шықтың бөгделерге туған үйдің тысында
Намыспенен қажырлықты қатар қойып бәріңіз
Сонда да еш тарамады күшіңіз бен әліңіз
Атай кетсек жеке жеке бас иіп
Құрметке ие боласыздар жасыңыз бен кәріңіз
Әділетсіз соғыста еш мойымадың қорықпай
Берген бақыт тыныштық алдыңыздан жолыққай
Ғафур, Марат, Жұмахан, Нұрсұлтандай батырлар
Бас иіп мақтауларға лайықсыздар толықтай
Бізден бірі өзіңізсіз Ғафур ағай ардагер
Отбасында мектепте құрметке ие болған ер
Оған қоса шәкірттерді спортпен қуантып
Әлі талай алдымызда жетістікке ол жетер.
Іс-шара соңында аудандық сараптама  комиссиясынан өткен 2001 жылы туылған жасөспірімдердің тіркелу пунктіне шақырылу  қағазы Ғ.Нұрымбетовтың  қолымен салтанатты түрде табыстады.
Іс-шараны А.Мадалиев қорытындылады.

Г.Кулдрахманова,
Жаңарық ауылы №167 орта мектебінің
10 сынып жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.