Мақсаты: Балалардың білімін жан – жақты дамыту, Қазақстанның астанасы Астананы, Астанадағы ғимараттар туралы білімдерін кеңейту. Балалардың ой өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бәйтеректі түрлі жолдармен жасауды үйрету. Балаларға Астанамызды ондағы ғимараттарды, Отанымызды орыс тілі және ағылшын тілінде айтып үйрету. Ойын арқылы балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйрету
Сәлеметсіздерме, балалар. Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шеруімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі оқу – қызметіміз ерекше болмақ.Бүгін біз 4 орталыққа бөлінеміз. Олар:бейнелеу, тілдер, дене шынықтыру, музыка орталықтары.
Бейнелеу өнері орталығы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздерме, балалар! Бұл бейнелеу өнері орталығы. Біз бұл орталықта Қазақстанның астанасы Астананың 20 жылдығына орай бүгін Астананың ең биік ғимараты Бәйтеректің бейнесін жасауды және түрлі – түсті құммен бәйтеректің бейнесін қағаз бетіне шығару суретін салуды, түрлі түсті қағаздан қиып жапсыруды, ермексазбен Бәйтеректің бейнесін жасауды және қиынды қағаздармен жапсыру жолдарын жасап үйренеміз.
Балалар бәйтеректің пішіні дөңгелек,төртбұрыш, ал түсі ашық көк және сары.
1-Топ. Сурет салу бойынша, Бәйтеректің суретін салып, оны бояймыз.
2-Топ. Аппликация бойынша, түрлі түсті қағазды қиып, бәйтеректі жапсырамыз.
3-Топ. Мүсіндеу бойынша, ермексаздан Бәйтеректің бейнесін жасаймыз.
4-Топ. Триз техникасы бойынша, қиынды қағаздардан Бәйтеректі ақ бетке жапсырамыз.
Бағалау.
Балаларды жасаған жұмыстарына қарап көңілді смайлдар арқылы бағалау.
Тілдер орталығы:Орыс тілі, ағылшын тілі
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте ребята.
Бүгін біз Астананы, Астанадағы ғимараттарды орысша айтып үйренеміз.
Отан – Родина
Қазақстан- Казахстан
Астана – столица
деп аталады.
Балаларды сабаққа қатысуына қарай жүрекшелермен бағалау.
Оқу қызметі: Ағылшын тілі
Ұйымдастыру
Good morning children!
Бүгін біз Қазақстанның астанасы Астананы, ондағы ғимарттарды ағылшын тілде айтып үйренеміз.
Отан – Motherland
Қазақстан – Kazakhstan
Астана – capital
деп аталады.
Балаларды сабаққа қатысуына қарай жүрекшелермен бағалау.
Дене шынықтыру орталығы
Қазақ халқының «Тақия тастамақ» атты ұлттық ойынымен таныстыру.
Ойын тапсырмасы: Қарамау арқылы сезіп, дер кезінде қашып үлгіру.
Ойын іс әрекеті:Тақияның өзіңде екенін сезсе, тез орнынан тұрып кету және тақиясы бар баланы көршілері ұстап үлгіру.
Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.
Құралдар: Қазақы ұлттық бас киім (тақия), ұлттық ою өрнекті суреттер.
Ойын барысы: Нұсқаушы балаларға ұлттық ойын мазмұнымен таныстырады. Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Нұсқаушы белгіснен кейін балалар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз.
Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді. Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады.
Осы ойын арқылы балалар өздеріне көптеген жақсы қасиеттерді жинайды. Бұл ойын баланы жылдамдыққа, сақтыққа, көзбен көрмей есту қабілеті арқылы сезе білуге үйретеді. Сонымен қатар көпшілік алдында өз өнерін көрсете білу қасиетін қалыптастырады.
Музыка орталығы
1.Дауыс жаттығуын орындау
2.Әннің сөзін үйрету
3.Әнді әуенмен айтып үйрету
Ән: «Гүл жайнаған Астана!»
Қорытынды.
- Бейнелеу орталығында нені үйрендік?(Бәйтеректі бейнесін жапсырдық, сурет салдық, құм себу арқылы Бәйтеректің бейнесін бейнеледік)
- Музыка орталығында қандай ән үйрендіңдер?(«Гүл жайнаған Астана)
- Дене шынықтыру орталығында нені үйрендіңдер?(Ұлттық ойын «Тақия тастамақ» ойынын ойнауды үйрендік)
- Тілдер орталығында нені үйрендіңдер? (Сөздік жұмыс жүргіздік)
Кащиева Айман Бердіханқызы,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Дәулет селосы №10
«Ақбота балабақшасы» МКҚК
әдіскері