Білім берудің гуманистік парадигмасы жағдайында жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда білім беру мемлекеттік саясат ,оны табысты атқара алатын педагог кадрлар мен білікті педагог зерттеуші, шығармашыл ғалымдарсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы көптеген педагогтардың педагогикалық және әдістемелік-технологиялық, психологиялық және шығармашылық біліктілігінің жеткілікті деңгейінің болмауынан өте күрделі мәселелер туындауда.Дәлірек айтқанда,бүгінгі Қазақстан Республикасының білім саласы өзінің жан-жақты іс-қызметін,міндетін басшы-лыққа алып жүргізетін, сүйенетін ғылымы жоқ қалған.Айталық,Әлемдегі білім саласын-дағы жаңартулар мен өзгертулер сол елдің Білім философиясына(Philosophy of education),Оқу-білім ғылымына(Education studies) және Мектептану(science research school-Skalolazanie) ғылымдарына негіделіп,табысқа жеткен шет елдердің білім беру модель-жүйесімен шендестіріп көріп,өзіндік тұрпатын тауып алуда.Білім беру мем-лекеттің саясаттың құқыхтық негізі болушы «Білім туралы» Заңның (education law;закон об образовании; /аудармасының өзі-томпақ/) өзін басқалардан көшіріп алып, ЮНЕСКО т.б. білімдік кеңесші халықаралық ұйымдар пікіріне үйлестірдік. Осы негізде білім мазмұнына елеулі өзгерістер жасалып, он екі жылдық білімге көшудің дайындығын жасап,көшіп те жатырмыз.Оқытып үйретудің жаңа әдіс-тәсілдері іздестіріліп,жаңа тех-ника мен технологиялар ауқымды түрде игерілуде.Білім жүйесіне алпысқа таяу құрыл-ымдық және әдістемелік сондай-ақ техникалық және тезнологиялық жаңартулар енгіз-ілген.Айталық, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлануға үйрету; білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау; білім беруде ақпараттық-коммун-икациялық технологияларды пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту; білім берудегі басқару және көшбасшылық т.б. Әрине мұның бәрі оңайға түскен жоқ.. Мектепте жаңартылған мазмұн бойынша оқыту мақсатында 70 мыңнан астам мұғалім дайындықтан өткен. 100 пайыз мектептер онлайн және офлайн цифрлы контентпен қамтамасыз етілді. елімізде 124 мектеп салынып, ЭЫДҰ талабына сәйкес орта білім мазмұны жаңартылып, Қазақстан ЭЫДҰ-ның екі комитетіне білім және ғылым бойынша мүше болып және жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде бастауыш біліммен қамту көрсеткіші бойынша 4-орынға шыққан.Алайда, жалпы орта білім беру инфрақұрылымы жедел қарқынмен дамуды талап етумен келеді.Елдің географиялық басымдығына байланысты ауылдағы 7160 мектеп оқғ ісін жүргізеді. Ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің саны қалалық мектептерден 3,3 есе көп. Бұл ретте қалалық мектептердің оқушылары ауылдық оқушылармен салыстырғанда көп (қала – 1 412 503, ауыл – 1 311 624). Шағын жинақты мектептер жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 44 %-ын құрайды. ШЖМ-ның матер-иалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі төмен. Жаңа модификациядағы оқу кабинет-тері жоқ мектептер: 33,7 % мектепте физика, 39 % мектепте химия, 39,3 % мектепте биология, 29,3 % мектепте математика және 49 % мектепте лингафон кабинеттері жоқ. Бұрыннан жұмыстап келе жатқан мектептердің кабинеттерінде зертханалық,сарамандық тәжірибелер көрсету, жүргізу мүмкіндігі жоқ, реактив, лабороториялық заттар мен өлшеу құралдары тым ескірген,жарамсыз болған.Жалпы мектеп индустриясы құрылмаған. Мектеп инфрақұрылымын дамыту бар қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандыр-майды. Пайдалану мерзімі өткен (1950-1970 жылдары салынған), тозығы жеткен мектеп ғимараттары авариялық мектептер қатарына өтеді. Бүгінгі таңда мұндай мектептер саны 69 бірлікті құрайды. Авариялық мектептерде 17,3 мың бала, 86 үш ауысымды мектепте 11,2 мың бала оқиды; елді мекендерде мектептердің болмауынан 3825 оқушының тұрғылықты жері бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ.Бұл Қазақстан Республикасындағы Мектептану ғылымының жан-жақты жасаған қорытындысы емес.Білім-ғылым саласында «Өзін-өзі тану» деген қағидат бар екен.Тіптен осылай аталып оқытатын пән де бар көрі-неді.Осы қағидат өз жүйесін танып білуге жұмыс істемейді. Солай бола тұра өзгеруге, кеңейтуге,дамытуға құмарлығымыз толастаған емес.Істі кеудеге салып,ғылымды белден басып тырмысып келеміз.
Финландияда,білім беру жүйесін шыт жаңа құрған тарихына шамалы шегініс жасап, үңіліп көрелік.Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, Финландия парламенті оқу-білім жүйесіне өзгеріс жасау үшін жанынан реформалау комиссиясын құрып,1945 жылы ол комиссия мүшелері,сол кездегі бастауыш мектеп бағдарламасын зерттеумен айнал-ысады.Олар 300 мектепке жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізіп,олардың оқу-білім беру деңгейіне,шаруашылық қарекетіне,ұстаз кадрлардың дайындық тұрпатына, мектептің менежментіне талдау жасау нәтижесінде,Финландия Мектептану ғылымының негізін қалаған.Мемлекетке жаңартудың жаңа бағытын көрсетіп,нұсқау дайындап берген.1946 жылы құрылған комиссия бастауыш және орта мектептерді толық зерттеп, 1-8 сыныпты жалпыға ортақ жаңа типтегі орта мектебін құру туралы ұсыныс жасаған.Сол кездегі финдік ЖОО-ымен ережелік (біздегі зияткерлік мектептерге ұқсастау) мектеп ұстаздарының сынына төтеп бере алмай ол,ұсыныс жүзеге аспаған.Алайда арада он жыл өтіп, оқу-білім ғылымы және Мектептану ғылымы дамып, салыстырмалы педагогика да,педагогикалық философияда бір ізге түсіп,білім жүйесінің жаңа реформасын жасаудың ғылыми негізі айқындала бастаған. Осы шақта комиссия қайта құрылып,дайындалып жатқан мектеп бағдармалары,оқулықтар,салынып жатқан мектеп құрылыстары мен жабдықталған кабинет-бөлмелер мен толық танысып, парламентке: жергілікті әкімшілік қармағындағы орта мектептер мен ережелік ерекше мектептерді біріктірген,жергілікті әкімшілікке қарасты 9 жылдық орта мектеп құру туралы ұсыныс жасаған. Дәл сол кезде қоғамда ірі пікір талас орнығып, сан алуан пікірлер туындаған.Мысалы,барлық бала,жас жеткіншектер бірдей денгейде, бір сыныпта отырып білім алу дұрыс па? Әркім қабылет дарынына сай білім алса жетеді емес пе? Ең қызығы,осы күнгі біз сияқты, үш тұғырлы тіл мәселесі: фин, швед, ағылшын (не неміс) үлкен пікір таласқа түскен.Осының бәрін ғылыми негізде дұрыс шешуге толық мүмкіндік бар екені айқындалған соң, 1968 жылдың қазан айында Парламент:«Толыққанды ортақ білім беретін, жаңа типтегі,оқу-білім ордаларын құру туралы» Заң қабылдаған. Бұл үлгінің негізгі бағыты-баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне,діни-наным сеніміне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігінеқарамай, барлық жасөспірімге тең дәрежеде,тегін білім беру мүмкіндігін жасау еді. Сондық-тан,барлық жасөспірімге заңды түрде игерілуге тиісті білім мазмұны мұхият іріктеліп,сауаттылықтың толық ашылуына,бір де бір оқушының талап дәрежесінен қандай бір мөлшерде игере алмай қалуын болдырмауды өте нақты есептелген. Қарапайым тілмен айтқанда,білім мен білікті ақшадай санап беріп,санап алатын,өзінің игерген білімін өзі бағалап,ұстазын оны игеру және қолдану жолында көмекші ретінде,бағыттап жол сітеуші ретінде пайдалануға жасынан үйрету еді.Осы ниетпен сыныпта,мектепте,өлкеде «жедел көмек» орталықтары құрылған.Финляндия білім жүйесі кәзір дамып жетіліп жаһанда алдыңғы орында көрініп келеді.
Қоғамда болып жатқан саяси әлеуметтік жэне экономикалық өзгерістер орта мектеп жағдайында білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағыттағы қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, оқушылардың шығармашылық элеуетін дамытып, осы бағыттағы оқу процесін ұйымдастырудың тэсілдері мен әдістерін, нысандарын іздестіруді талап етеді. Аталған мәселелердің ішінен,бүгінгі таңдағы орта мектеп мұғалімдерінің қәзіргі білім жетілдірудегі жағлайына қатысты бірнеше ұсыныстар жасамақпын. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.
Елбасымыздың сонау жылдары берген: « Мұғалімдер біліктілігін арттыруға және оларды материалдық ынталандыруға жете назар аудару қажет. Біз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген педагогтарды қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасын енгіздік.Үкіметке таяудағы 5 жыл ішінде 120 мың мұғалімдерді жаңа бағдарлама бойынша оқытуды қамтамасыз етуді тапсырамын.» (« Қаз. Білім қоғамы жолында». Н. Назарбаев)-деген тапсырмасы негізінде педагог кадрлардың білім-біліктілігін арттыруда ұлы қаусар жұмыстар жүріліп,кең ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.Осы негізде барлық сатыдағы мектептер мен оқу ордаларында оқытушы мұғалім,ұстаздарын қайта даярлау,біліктіглігін артыру осы заманғы,Қазақ еліне тән жүйесі пайда болды.Тіпті әр ұстаз өздігінен білімі мен шеберлігін шыңдау,жаңа технологиялар мен тәжіріибелерді,ақпараттық техникаларды қолдану сауаттылығын арттыру үшін жоспар жасап,жүзеге асыратын дәрежеге жетті.Бұл жүйеге жаңа ғана мектеп бітірген жас ұстаздан отыз-қырық жыл жастарды оқытып тәрбиелеген аяулы аға ұстазарға дейін қамтылды.Себебі осы дәуір қазақ елінің ұстаздар қауымы алдына екі бағыттағы аса ауқымды мақсат-мүддені алға тартты.
Бірінші.Әлеидегі барлық мектептер жаңа жүйемен,жаңа технологиямен.жаңа бағытпен жұмыс істеп жатыр,Олардың қатарына қосылу үшін озық тәжірибе мен жаңа техника мен технологияны еліміздің оқу білім саласына енгізу қажеттілігі туындағандықтан,соңғы он- жиырма жылда 50-ден астам иновациялық жетістіктер енгізілген.Оған қоса ұлттық иновация да білім кеңістігінде орын иелену қажет болды.Бұларды игеру,оқу-білім үрдісіне енгізу педагогтардың білімін жетілдіру саласының іс-әрекетін жаңа белге көтеру арқылы іске асты.Ол әлі де жалғасын тауып,дамып,өзгеру үстінде.
Екінші.Білім мазмұны жаңаланып,толықтырылып отыру өркениет дамысының іргелі заңдылығы.Кәзіргі ғылыми-техниканың қарыштап дамуы шағында бұл үрдістің қайталау жиілігін тым қысқартып барады.Бұрындары 8-10 жылда білім мазмұнын жаңалап толықтырып келсе,бүгінгі таңда ол екі есеге дейін қысқарған. Үнемі толықтырып,жаңалап отыруды талап етуде.
Міне мұның бәрі қазақ елінің күллі сатылы мектептерінде бүгіндері жұмыстап отырған барлық ұстаздар мойнына артылған жеңіл жүк емес,алдына қойылған азғантай аманат,құрғақ талап та емес еді. Бұл өлшеусіз үміт,таудай сенім,терең талап еді.Себебі,бәрімізде,білім беру саласына ұстаздық етуге үміт етіп.оның арнаулы орта немесе жоғарғы оқу орнын бітіріп келгеніміз рас болғанымен аталған қос қоғам талабын жүзеге асыруға шама-шарқымыз болғанымен тікелей іске асыру әлеуетіміз кемшін еді.Шынтуайтқа келдгенде,шаршағанымыз да,шалдыққанымыз да рас,түбіне жетіп барлығын игере де қойғамыз жоқ.Бірақ.құр қол емеспіз,өзгеріс өз өңін тауып,жаңалық жаршысын жариялап та үлгерді.Тәуба,іздеген жетер мұратқа деген емеспе! Қазіргі уақытта мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы жылдам өзгеріп жатқан әлемнің талабы екені белгілі.Бүгіндері білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз. Қай қоғамда болсын істің тетігін мамандар шешеді. Ендеше,білім сапасын көтеру ісі, жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру тетігі ұстаздар қауымына байланысты. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейді. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. Жоғары дәрежелі кәсіби құзыреттілік маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жеке технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру– өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзыретті мұғалім мектептің тәрбие,білім беру процесінде оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден,өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына ықпал жасайды.Олай болса мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін немесе мұғалім білімін үнемі негізді өсіріп,дамытып келе жатқан бүгінгі бағытымыз ең ұтымды жол ма?Басқадай негізде осы салада жаңа жол салуға мүмкіндік бар ма? Тоқ етерін айтсақ,бүгін ертең өзіміз ұстанып отырған бағытты жетілдіріп,өңдеу ғана тиімді екені рас.Алайда,әлемдік кеңістегі білім ,тәрбие берер ұстаз,оқытушы,педагогтардың дамуын оларды даярлау шағынан бастап,ойластырып,айналаға көкірек көзімен зер салып,оларға технология мен техниканы меңгерту міндетін педагог дайындайтын ЖОО мен арнаулы мектептерге беру қажет.Бұл туралы тамаша тағылымдар батыста да,шығыста да толып тұр.Ойымды жалғыз ғана ортанқол мақаламен жеткізу мүмкін еместігін түсінемін.Бірақ,бұл сөйлемнің табиғи мәнін қарапайым ғана түсіндіріп көрейін.Мұғалімдер мен оқытушыларды дайындап жатқан ЖОО барлық мектептерле қолданылуға тиісті тәжірибелер мен озық технологияларды оларға студент шағында оқытып үйрету керек.Тіптен әлемдегі жаңадан шығып жатқан жаңа әдіс тәсіл,теория,технология,техникаларды іздеп тауып келешек ұстаздарға меңгерту талабы қойылуы тиіс.Біз сияқты озық тәжірибені,технологияны қысқа мерзімдік курстармен ұстаздар басына тықпалап жатқан бір де бір ел жоқ.Білім жетілдіру саласы жергілікті аймақтарда өмірге келген жаңа озық тәжірибе мен әлемге танымал әдіс- тәсілдердің жүзеге асуындағы жетістіктерді игерту ісін қолға алса орынды болады.Мысалы Финляндияның оқу ағарту жүйесін зерттеу,онан үлгі алу үшін дүние жүзінен жыл сайын Хельсинкиге келетін педагог-психологтардың саны Экспо-2017 көрмесіне келген саяхатшылардың санынан кем еиес.Олар айлап жатып,іздегенін тауып,өз елінің оқу-білім саласына қызмет ететіндерге бірнеше жыл үйретіп тоқытады.Керек дегендері өз жүйесіне рет-ретімен енгізеді.Мысалы,Жапондар сонда болып, «ортақ білім беру»саясатын қызықтап зерттеп,бүгіндері Жапоияда алғашқы сатылы мектепте шет тілі оқытылмай,жаңа заманғы жапон тіліне қосып көне жапон тілін оқытатын болған.Ал,бізде жалпы білім беретін «социалистік мектебіміз», « жалпақ білім беретін коммунистік мектепке» айналып барады.
Екінші жағынан,білім мазмұнын жаңғырту әрекеті мен ұстаз білік дағдысын игерту арасындағы сәйкессіздіктен болып туындайтын қайшылық мынандай ұстанымдарды өзгертуді талап етуде.Айталық,білім мазмұнын 5-6 жылда жаңалап толықтыру қоғамдық талап,педагогикалық заңдылық.Онсыз ілгерлеу жоқ.Бұгінгі студент білім берудің жаңа мазмұнын оқып үйретуге дайын болғанымен,келешектегі жаңа мазмұнға таныс емес. Болмағанда өзгеріс бағыты мен болуға тиісті толықтырудың бағдарын білуге болар еді. Ондай мүмкіндік қашан болатынын,қайтсе болатынын айтып көрелік. Білім мазмұнын жаңалау ісін ұстаздар мен педагогтар дайындайтын ЖОО ең басты ғылыми жұмысы болдырып соларға міндет арту керек.Осылай болса кәзіргі 12 жылдық білім мазмұнын басынан бақайшығына дейін шағып отырып,басқа елдердің кәзіргі керектеніп отырған білім мазмұнымен салыстырып отырып талдап, таразылап енді қай жерін,қашан өзгертуге болатын барлық ЖОО анықтар еді. Осылар негізінде студенттерін оқытып дайындар еді. Ал,мемлекет керекті кезінде,олардың дайындаған мазмұнын өзара талқылатып, таңдау-лысын басқаға үлгі етіп отырар еді,мемлекет аумағында ұстанар еді..Білім біліктілік арттыру саласы жаңа білім мазмұнын жергілікті жерде жүзеге асыру ісіндегі жетістіктер мен тәжірибені баршаға игерту ісімен нақтылы айланысатын мүмкіндік алар еді.Жаңа мазмүнмен оқыту ісі басталса да,оны оқыту ,методикасы,әдістемелік тәсілін әлі толық игере алмай жатырмыз ғой!Сөз соңында айтарым, шалдығып-шаршап,қиналып-қысылып білім арттырудан,кең айланып,толық ойланып,жете меңгеру үшін жұмыстағанымыз бәрімізге абзал болмақ.
ГҮЛНУР КАЙРАТ,
Теміртау қаласы,
№8 мектеп шет тіл мұғалімі