Мақсаты: Балалардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту, гүлдердің аттарын ажырата білу. Тақпақ, мақал-мәтел арқылы балалардың тілін жетілдіру. Табиғатты қорғау, сүйіспеншілігін ояту. Дәстүрден тыс әдісті қолдана отырып сурет салуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керек-құрал жабдықтар: Хат, гүлдердің суреті, слайд, гуашь, қағаз, губка, майшам, сүлгі.
Әдіс-тәсіл: Хат оқу, сұрақ — жауап, әңгімелесу, түсіндіру, сыйлық.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Біз – нәзік қыздармыз,
Біз – ержігіт ұлдармыз.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.
Қыз қолында гүл жүрсін!
Ұл қолында ту жүрсін!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме!
-Балалар, қарандаршы, қандай әсем, әдемі, көрікті гүл әлеміне тап болдық. Қане, орындықтарға жайғасып отырыңдар. Жан-жаққа қарандаршы, өте көп гүлдер, өйткені біздің бүгінгі сабағымыз гүлдер жайлы болады. Бүгін біз гүл ханшайымының сарайындамыз. Гүл ханшайымы бізге хат жазып жіберіпті. Оны алып оқиықшы.
Хатты оқу: «Еркетай тобының балаларына»
Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Менің әлеміме хош келдіңіздер! Егер де менің тапсырмамды дұрыс орындасандар, менің сиқырлы құпиямды табасындар.
Балалар, орындаймызба?
-Иә.
1-тапсырма: «Сұрақ»
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
- 1 жылда неше жыл мезгілі болады?
- Кім суреттен жыл мезгілдерді атап береді?
- Ал қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Ал, гүлдер қай жыл мезгілінде көп болады?
- Бірінші гүл қай жыл мезгілде шығады?
- Ол қандай гүл?
- Қандай гүлдерді білесіңдер?
Раушангүл, түймедақ, қызғалдақ, лалагүл, меруертгүл, көкнәр, қоңыраубас, бәйшешек, қалампыр, бақбақ.
—Суретің тауып іліңдер?
Суретін тақтаға ілу.
— Гүл – ол өсімдік, қай табиғатқа жатады?
Тірі табиғатқа жатады.
-Гүлдер қайда өседі?
Далада, бөлмеде, алаңда, орманда.
—Гүлдер нешеге бөлінеді?
Гүлдер екіге бөлінеді.
—Қандай болып бөлінеді?
Дала гүлдері және бөлме гүлдері.
—Гүлдер әдемі болу үшін не қажет?
Топырақ, күннің көзі, су қажет.
-Гүлдер қалай қоректенеді?
Гүлдер тамыр арқылы қоректенеді.
-Тамыр не үшін қажет?
Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су жібереді.
-Ал гүлдер не үшін керек?
Гүлдер әдемілік үшін керек, Аналарға, қыздарға сыйлау үшін керек, туған күн мерекесі үшін керек, гүлдер ауаны тазарту үшін керек.
2-тапсырма: Гүлдер туралы кім тақпақ оқып береді?
Қызыл жасыл гүл егіп,
Баптап, күттік, түрлеттік.
Қалмасын деп қуарып, Аделя
Апта сайын суардық.
Гүлдендірдік ауланы,
Аулада гүл қаулады.
Біздің қызыл гүлдер
Жапырақтарын жаяды
Сәл үф етіп жел соқса
Діріл қағып тоңады. Томирис
Біздің қызыл гүлдер
Жапырақтарын жабады
Сәл басын шайқап
Тыныш ұйықтап қалады.
Қазақстан – біліп ал,
Қызғалдақтың отаны.
Қызғалдақпен шықты ғой, Маулен
Біздің елдің атағы.
Құлпырған мен раушан гүлімін,
Жапырағым жайылған,
Сұлулық бар бойымда
Тамырым кең тараған. Жамиля
Түймедақ деген гүл болам
Достарым менің қызғалдақ
Өсетұғын жайқалып
Көп болса екен саябақ. София
Өсіп тұрған құлпырып
Қоныраубас мен болам.
Бәріне хабар беремін,
Жерге көрік беремін. Элита
3-тапсырма: Сергіту сәті: «Өз гүлінді тап»
Балалар, қарандаршы, бірнеше гүлден гүл шоғын жасадық. Гүл шоғын қайда салуға болады?
- Құмыраға.
- Дұрыс айтасыңдар.
Орындыққа отыру.
Ал енді қарандаршы, қандай әдемі гүл шоғы жасалды.
Бүгін біз осындай гүл шоғын майшам арқылы жасап, құпияның сырын ашамыз.
Ол үшін бізге керек – ақ қағаз, трафарет, майшам, губка, гуашь және сүлгі. Енді мүқият қарандар, мен қалай саламын.
Ақ қағаз бетіне трафаретті қойып майшаммен сызамын, бүл құмыра болып шықты, енді біз гүлдің сабағын саламыз, бір сызықша ортасына және жан-жағына бір сызықша саламын, ол – сабағы. Енді жапырақтарын саламын, үстіңгі жағына гүлдің суретін саламын, міне біз майшаммен салып болған соң, оны гуашьпен губка арқылы бояймыз. Міне, менің кұпия сырым ашылды. Енді сендер өздерінің құпияларынды ашындар.
Балалар сурет салу.
Ән қосу.
Ал суреттерінен көрме жасайық, барлығын тақтаға іліп қойындар. Балалар, бүгін біз гүл ханшайымының тапсырмасын орындап, сырын аштық қой деймін.
Оның сыры неде болған екен кім айтады?
Оның сыры майшамда болған екен.
Ән. Гүл ханшайымы келеді. Сәлемесіңдер ме, балалар! Менің барлық тапсырмамды орындап, сиқырлы құпиямды тауып алыпсындар ғой.
Ненің суретің салдыңдар?
Құмырадағы гүл шоғын салдық.
Немен сурет салдыңдар?
Майшаммен
Қалай боядыңдар? Гуашьпен
Ал сендер гүлдер туралы мақал-мәтел білесіндер ме? Кім айтып береді?
Балалар, сендер сондай тапқыр екенсіңдер, мен өте қуаныштымын, сендерге сыйлығымды табыс етейін, — деп тарату.
Гүл – жердің көркі. Мақал-мәтел
- Бір гүл толып ашылады, Бір гүл солып ашылады. Алижан
- Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас. Николь
- Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса. Санжар
- Гүл қайда болса, көбелек сонда. Даниял
Т.А. Омарова
ЖШС «Болашақ БА — 2007» балабақшасының
жоғары санатты тәрбиешісі
Астана қаласы