Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
- Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.
- Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
- Елін, жерін сүюге тәрбиелеп, табиғаттың қажеттігін сезіну. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау
Көрнекі құралдар: Т. Молдағалиев суреті, үлестірмелі карточкалар, бейнеролик, слайд.
Стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру, екі түрлі түсіндірме, бағалау, бақылау.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері, еңбек, ән, дүниетану, математика, денешынықтыру
Техникалық құрал: Мультимедиалық құрылғы
Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Оқушыларды конфет арқылы 3 топқа бөлу:
- Бірлік «Бірлік болмай, тірлік болмас»
- Ынтымақ «Ынтымақ болмай, іс оңбас»
- Достық «Досы көпті жау алмас»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Туған өлкем — тұғырым» тарауын қайталау.
1.Туған жерге байланысты мақал-мәтелдер.
2. «Туған өлкем» тақырыбында тақпақ.
3. Эссе жазу.
ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру
Бейнеролик. Қазақ хандығына – 550ж, Ұлы жеңіске – 70 жыл, 16 желтоқсанға – 29 жыл, ассамблея -20 ж түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақ
Тұманбай Молдағалиев
Гүлдер
Тұманбай ақын
Туған жері: Алматы облысы
Туған жылы: 1935ж Өлеңдері: «Көктем шақырады», «Құстар қайтып барады»
Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы. 20. 03. 35ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959-1970 жылдар аралығында “Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды.
Бейнеролик арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді оқытып шығамын.
«Гүл» туралы бір шумақ өлең құрастыру.
«Шатасқан шумақтар» ойыны. Өлең жолдарының орны ауысып кеткен үш топқа үш өлең беріледі. Оқушыға сол өлең жолдарын мағынасына, ұйқасына қарап, қайта жазып шығу тапсырылады.
1 топ
| Қолдаймыз жақсылықты, Қорғаймыз табиғатты. Бақтарға гүл егеміз Қоршаймыз айналасын. | Жақсылықты қолдаймыз, Табиғатты қорғаймыз, Гүл егеміз бақтарға, Айналасын қоршаймыз. |
2 топ
| Болады гүлдер нәзік Өсіп толады. Аялап қарамасаң Қурап қалады солып, | Гүлдер нәзік болады Қаулап өсіп толады. Қарамасаң аялап Солып, қурап қалады. |
3 топ
| Бұлбұл сайрамас гүлсіз, Жайнамас дала гүлсіз. Нұрын шашады бізге Жауын көздің алады. | Гүлсіз бұлбұл сайрамас, Гүлсіз дала жайнамас. Бізге нұрын шашады, Көздің жауын алады. |
«Гүлдердің сыры» Оқушыларға әр гүлдің өзіндік сыры болатынын түсіндіру.
VІ. Шығармашылық тапсырма
1 топ. Қағаздан гүл жасап шығару.
2 топ. Жапсырмамен жұмыс.
3 топ. Гүлдерден картинка жасап шығару.
Сергіту сәті
Сабақты бекіту «Ой қозғау»
- Нені білдім? Нені ұқтым? Не үйрендім? Әңгіме желісінен түйген ойды сызбаға толтыру.
VІІ. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау. «Менің сүйікті гүлдерім» тақырыбында эссе жазу.
Жарқынбекова Эльмира Дуйсенбековна,
№ 159 “ Еңбекші” қазақ орта мектебі
І-санатты бастауыш сынып мұғалімі,
Қызылорда облысы
Шиелі ауданы