Білім беру саласы: «Әлеумет.»
Бөлімі: «Экология негіздері.Қоршаған ортамен таныстыру»
Мақсаты:Құммен таныстыру,құм туралы білімдерін кеңейту.Балалардың қиялын дамыта отырып,шығармашылық қабілеттерін артыру.Балаларды құммен жұмыстана отырып жақсы көңіл күй сыйлау.Ұсақ қол маторикасын дамыту.Ұқыптылыққа ,әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қорапша,құм сағат,ұлғайтқыш әйнек,түтікшілер,ыдыстар,түрлі түсті құмдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, практикалық.
Алдын-ала жұмыс:Құм туралы түсінік беру,табиғи топырақты алақандарымен ұстап көрсету,ұлғайтқыш әйнекпен қарау.
Билингвальды компонент: құм-песок,құм сағат-песочные часы,лупа-ұлғайтқыш әйнек.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Мен бүгінгі ертегінің бастаушысы боламын.Менің сіздерге ұсынғалы отырған ертегім ерекше болмақ.Мен сіздерді кішкентай көңілді аңдармен бірге ертегі әлеміне шақырамын.
Ал, олай болса ертегі тыңдауға дайынсыңдар ма?
Ертеде әдемі ертегілер әлемінде көңілді аңдар өмір сүріп жатыпты.Әр таң ояна салсымен күнге қуанып,қолдарын созып,күннен жылу алыпты.Олар осылай көңілді өмір сүріп жатады.Кенет бір күні қатты жел тұрып, күнді бұлт жауып кетіпті,көңілді аңдар күнді көре алмай қалады,сөйтіп олар күнді іздеуге жолға шығады.Ұзақ жол жүріп «Сиқырлы құм» еліне тап болады.Алдарынан бұлт шығады.
Аңдар: Бұлт біздің күнімізді қайтарып бер.
Бұлт: Сендер ол үшін мына құм еліндігі түрлі тәжірбиелерден өтсеңдер күндеріңді қайтарып беремін.
Аңдар: Не істесек екен?Бізге енді кім көмектеседі?
Олар таңдана құмды қолдарымен ұстап көреді.Бірақ құм сусып қолдарына тұрмайды.
Сиқыршы: (көңілді әуенмен пайда болады).
Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай достарым !
Здравствуйте, мои маленькие друзья!
Hello my little friends!
Сендердің неге көңіл күйлерің жоқ?.Біз өзіміздің күнімізді іздеп жүрміз,оны үлкен бұлт басып кетті.Бұлт бізге күнімізді қайтарып беру үшін түрлі тәжірбиелерді орындаңдар деді.
Уайымдамаңдар сендер сиқырлы құм еліне тап болдыңдар.Сиқырлы құм елі көптеген қызықтарға толы.Ол үшін сендерге менің көмегім қажет болады.Алдымен мына видео роликке назар аударайық.
Видео сюжет
Олай болса барлығыңды құммен тәжірибе жасауға шақырғым келіп тұр.
№1-тәжірибе
Балалар бұл тәжірибеде бір ғана құрал қолданамыз.
Ұлғайтқыш әйнек –лупа
Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау.
Балдар құм қандай?
Құм ұсақ- ұсақ тастардан құралған сусымалы болып келеді.
№2-тәжірибе
Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы яғни құм жеңіл түтікшемен құмды үрлесек бір орында тұрмайды ол ұшады,яғни ол жеңіл жел тұрса ұшады.
Сергіту сәті (музыкамен)
Менде де, сенде де,
Сыңғырлайды алақан,
Менде де, сенде де,
Топылдайды аяқтар,
Екеуміз бірігіп,
Соқ, соқ соғамыз,
Екеуміз бірігіп топ – топ басамыз.
Менің кішкентай достарым сендерге тағы бір қызықты зат көрсеткім кеп тұр. Бұл менің қолымдағы құм сағат деп аталады.
Құм сағат туралы мәлімет.Құм еліндегі сағатымызда басқа сағаттардан бөлек оны да пайдаланып көрейік.
Құм терапиясы: «Күн мен бұлт»
Ендеше менің кішкентай достары осы құм сағаттың уақытын пайдаланып өздеріңнің күндеріңді бұлтан құтқаратын уақыт келді:
Құммен жұмыс барысы: (Музыкамен)Сұрақ-жауап арқылы қортындылап отыру.
Аңдар:Көрдің бе ? бұлт біз сенің тапсырмаларыңды орындадық енді біздің күнімізді қайтарып бер.
Бұлт ол менің қолымнан келмейді,ол үшін бізге сиқыршы көмектессін.
Күн көңілді әуенмен шығады.
Күн: Менің кішкентай достарым! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендерде мені көріп қуанып тұрғандарыңды көріп тұрмын.Олай болса менің кішкентай достарым,жақсы көңіл күйімізді «Сиқырлы құм еліне» қалдырайық.
Құмнан смайлик.
ал енді айтындаршы менің кішкентай достарым сендерге «Сиқырлы құм елі» ұнады ма?
Сиқыршы: Көрдің бе? Бұлт кішкентай аңдардың қалай қуанғанын,бұдан былай күнді баса берме.Екеуің тату тәтті болыңдар.
Бұлт: Кешіріңдерші мені,мен енді олай жасамауға уәде беремін.Сендерге сыйлық беріп қуантқым келеді. (Зонтиктен чупа-чупстар).
Сиқыршы: Олай болса кішкентай аңдарды өз елдеріне қайтарып жіберейін.
Осылай күн мен бұлт тату тәтті дос болыпты.Ал кішкентай көңілді аңдар болса өз еліне жетіп,бақытты өмір сүріпті.
Гумарова Назгуль Амангелдиевна,
БҚО, Орал қаласы
№49 «Ақ ниет» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі