Home » Балабақша » Гимнастикалық орындық бойымен ішпен , орындық шетінен ұстап, қолмен тартылып еңбектеу

Гимнастикалық орындық бойымен ішпен , орындық шетінен ұстап, қолмен тартылып еңбектеу

Білім беру саласы:   Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тобы: «Құлыншақ» ортаңғы тобы.

Мақсаты: 1.Білімділік : жүгіру, секіру, орындық бойымен ішпен тартылып еңбектеу қимылдарын үйрету.

  1. Дамытушылық : балаларды дәлдікке , ептілікке баули отырып , физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету.
  2. Тәрбиелілік: ертегі желісі арқылы балаларды бауырмалдылыққа, достық көмекке тәрбиелей отырып , қуанышты көңіл-күй , сергектік сыйлау.

Құрал- жабдықтары: Гимнастикалық орындық, саңырауқұлақтар, үйшіктер, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, бетпердесі,… т.б .

Мотивациялық қозғаушы:

Саламатсыздар ма, балалар?

Шаттық  шеңбер

Армысың шұғылалы Алтын күнім,

Армысың балабақша,  дос-жараным.

Армысың еңселі елім менің ,

Армысың төрімдегі қонақтарым!

Жаттықтырушы: Жарайсыңдар! Біз бүгін «ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. Алдымен жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың жауабы біздің бүгінгі көлігіміз болады.
Сартылдайды табаны
Көрдім жүйрік арбаны
Балалар: Поезд
Жаттықтырушы: Дұрыс, ендеше саяхатқа поезбен шығамыз. Осы кезде радиодан « тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! № 2 жүйрік поезд жүргелі тұр, поезға отырғызылу басталды!- деп хабарлайды. Балалар бірінің артына бірі белдерінен ұстап, тізбектеле тұрып, «паравоз» әнін шырқап жолға шығады. Балалар ағаштар арасымен ирелеңдей жүріп, жалғыз үйшіктің алдына келіп тоқтайды. Үйдің алдында ата мен әже мұңайып отырады. Балалар амандасып жөн сұрайды.
Атай: Жалғыз қызымыз Маша саңырауқұлақ теруге кетіп, оралмады.
Жаттықтырушы: Ендеше біз сіздерге көмектесейік, солай ма, балалар? Балалар әрмен қарай жолға шығады.
Адымдаймыз алысқа
Бір — біріңнен қалыспа( Кең адымдап жүру)
Өкшеменен жүреміз
Пайдасын да білеміз( Өкшемен жүру)
Секіреміз, сергекпіз
Аяқтарым ауырмас( Қос аяқпен секіру).
Жаттықтырушы: Міне, көлге де кеп жеттің, аяқтарымызды сулап алмай төбешіктерден секіріп өтелік. (Дисклер арқылы секіріп өту).
Жаттықтырушы: балалар, жел қатты екен, арқамен жүгіріп өтейік. Әрмен қарай тоқтаусыз жүгіру 20 — 25 cек.
Жаттықтырушы: Балалар, күн қандай салқын, жаттығу жасап жылынып алсақ қайтеді.
Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. «Отын шабу». Аяқ бірге, алақанды беттестіріп, қолды жоғары — төмен көтеріп — түсіру. 6 — 8 рет
2. «Отқа жылынамыз» Қолды бір біріне ысқылап, алға созу.
3. « Аяқтарды жылытамыз» Қол белде, аяқты кезекпен алға созу. Екі жаққа бес бестен.
4. « От шапағын жасаймыз» Жерге аяқты созып, бастарын түйістіріп отырып, тізені бүгіп, түсіру. 6 — 7рет.
5. «Міне жылындық» Бір орында секіру.
6. «Оты өшіру» Мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығару. Тынысты реттеу.
Әрмен қарай жай жүгіру, жай жүру.
Іздену – ұйымдастырушы:

Жаттықтырушы: Балалар қараңыздаршы үй көрінді, кімнің үйі екен?

-Кімді көріп тұрсыздар?

Балалар: Аюды.

Жаттықтырушы: Балалар аю ұйқтап жатыр екен, щятып алмайық. Олай болса мына орындықтан төрттағандап ішпен жылжиық .

Негізгі қимыл-қозғалыс:  Гимнастикалық орындық бойымен ішпен , орындық шетінен ұстап, қолмен тартылып еңбектеу.

Жаттықтырушы: Балалар түрлі жаттығу , қимыл-қозғалыс жасап шаршаған шығарсыздар, олай болса сергіп алайық.

Сергіту сәті . «Аю ,аю тұршы!»

Аю дыбыстан оянып кетеді.

Аю: Кім мені ұйқымнан оятқан ?

-Не істеп жүрген балаларсыңдар?

Жаттықтырушы: Аю қыс бітіп көктем шығатын күнде жақын , ұйқыдан тұрыңыз.

Біз ата мен әжейдің Маша есімді қызын іздеп жүрміз, сіз көрмедіңіз бе?

Аю: ааа ойланып көрейін(басын сипап).

Ендеше балалар мен сіздерге тапсырмаларым бар, егерде соны орындасаңыздар, мен Машаның қайда екенін айтамын .

Тапсырма: Мына өсіп тұрған саңырауқұлақтардың саны нешеу , нешеуі үлкен,

нешеуі кіші екенін айтыңдар.

Балалар саңырауқұлақтарды санайды, үлкен кішісін ажыратады, салыстырады.

Аю: Ой, не деген ақылды балаларсыңдар. Мен Машаны тығып қойып едім , босатайын.

Аю үйінің есігін ашып , Машаны алып шығады.

Маша: рахмет сендерге, балалар! Атам мен әжеме арнап терген жемістерімді  себетке жинауға көмектесіңдерші.
Аю: балалар, Маша мені кешіріңдер, енді бұндай бұзықтық жасамаймын.
Жаттықтырушы: балалар, қорбаңбай өз қатесін түсінді. Оны кешіріп бір ойын ойнайық.

Рефлекциялық –түзетушілік:
Қимылды ойын: Ұйқыдағы аю.

Шарты: Балалар арасынан аю сайланады . Ол алаңның бұрышында тұрады да , ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан-жаққа жүгіріп ойнайды. Жүргізуші «Аю оянды» дегенде, барлық бала «аюдан» сызықтың арғы жағындағы «үйге» қашады. «Аю» оларды қуалап ұстауға тырысады.
Балалар аюмен қоштасып, ат жүрісімен бүлкілдей жүгіріп ата мен әжеге Машаны табыстырады.

Ата мен әже балаларға рахметін айтып , сыйлықтар береді.
Жаттықтырушы: Міне, балалар, бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталды. Сендер бүгін жаттығып қана қоймай, үлкен жақсылық та жасадыңдар, жақсылық жасаудан ешқашан қашпаңдар. Спорт біздің сенімді серігіміз, осыны ұмытпаңдар. Ал, енді тобымызға тезірек оралу үшін ұшаққа отырайық. Балалар қолдарын жан-жаққа созып, алыңды бір айналып ұшып, топқа оралады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Гимнастикалық орындық бойымен ішпен , орындық шетінен ұстап, қолмен тартылып еңбектеп өтуді .

Түсінеді: Жаттығулардың маңыздылығын .

Қолданады:  Ертегі желісін орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді  сапаларды.

  Абенова Қанымбике Мубараковна

  «Боранқұл» бөбекжайы МКҚК

   ІІ санатты дене шынықтыру пән

жетекшісі

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.