Жақында Қазақстан, Қырғызстан жəне Түркменстан елдерінде бастау алған PASH «Мектептер: болашақ серіктестері» халықаралық жобасы күніне орай, қаламыздың 36 жалпы орта білім беру мектебінде жоба жетекшісі Франциска Шлиттиг бастаған германдық музыканттар қонақта болды. Аталмыш білім беру мекемесі бұл жобаға 2008 жылдан қатысып келеді. Жобаның мақсаты: тек неміс тілін меңгеріп қана қоймай, білімді Германия университеттерінің бірінде ауқымды түрде жалғастыруға мүмкіндік жасау.
9, 11 сынып оқушылары қонақтармен бірге əн кешін өткізді.
Соңынан барлығы мектеп ауласында 9 шыршаны отырғызды.
Айгүл МОЛДАШ
Білім айнасы
Павлодар қаласы