Home » Ашық сабақтар » ГЕОМЕТРИЯНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ

ГЕОМЕТРИЯНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ

Мақсаты: қоршаған ортадағы геометрияның маныздылығы
Фигуралар бойынша топқа бөлу (үшбұрыш, дөңгелек, квадрат, параллелограмм)

Жиналған, ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Фигуралар тобын халайық,
Қол соғып, қарсы алайық!

Құрметті әріптестер!

Сіздерге «Геометрияның таңғажайып әлемі» атты мастер-класс ұсынуға рұқсат етіңіздер. Геометрия — математиканың жазықтықтағы, кеңістіктегі элементтерін зерттейтін бөлімі. Сіздер математиканы дербес жағдайда геометрияны қандай сын есімдермен атар едіңіздер мысалы:құрғақ , қиын, іш пыстыратын, бірақ бұл мүлде олай емес!

Бұл ғылым  өте қызықты, өте әсерлі тек оны дұрыс түсініп, дұрыс талдау керек! Геометрия біздің өмірімізде өте қажет ғылым. Ол бізге кез келген құрастыруды, сәулет сарайларды салуға, еденді төсеуге, іргеге плита салуға немесе іс тігуге арналған қиықтарды қиюға өте пайдалы.

Психологтар адамзат мүмкіндіктерін ағашпен көрсетуге болады деген пікірде. Ағаш тамыры, бұл — табиғи мүмкіндіктер, ағаштың бойы — жалпы мүмкіндіктері,  бұтақтары — әр түрлі  шығармашылық мүмкіндіктері яғни, шығармашылық, спорттық, көркемдік, еңбекқорлық және неғұрлым бұл мүмкіндіктер дами түссе, ағашымыз да соғұрлым көркейе түседі, қалыңдай түседі деген.  Адамдар да ақылды, интелектуалды дамыған болады,- дейді.

  • Шығармашылық мүмкіндіктердің ең тиімді әдіс-тәсілдері – ол, әрине, өнер,

көркем еңбек;

  • математика пәні де адамның шығармашылық әлеуетін дамытуға көп мүмкіндік береді.

«Табиғат математика тілімен сөйлейді» деген Галилео Галилей. Бұл тілдің әріптері — шеңберлер, дөңгелектер, үшбұрыштар т. б математикалық фигуралар және қалыптар. Бұл шынымен де солай, қайда қарасақ та, айналамызда – геометрия. Алма, апельсин шарға ұқсас  келеді. Тиын – дөңгелек, сақина – шеңбер, кемпірқосақ – шеңбердің доғасы, зообақтағы торлар – параллелепипед, стол – трапеция (латынша “trapezium” – «столик» деген сөзден шыққан).

Конус – грек сөзінің латынша нысанасы «конос» — «шырша бүрі» деген мағына береді. Біздің қазақтың сәукелесі.

Цилиндр – латынның «цилиндрус» сөзінен шыққан. Мағынасы: «каток», «валик».

Сфера – «сфайр» — «доп» сөзінің аудармасы.

Едендік тақталар – көпбұрыштар.

Бильярд ойынын бастағанда, шарларды үшбұрыш қалыпқа салады. Бұл үшін арнайы үшбұрыш қалпын қолданады. Үшбұрыштар көпірлер салуға қолданылады, олардың төзімділігін арттыру үшін жоғары вольтті электр желілерін қолданады. Қазіргі заманға сәулет стилі, заманауи материалдардың мүмкіндіктері, күрделі пішіндерді салуға қолданады (шығынқы, дөңес). Міне, бірнеше үйлер түрлері көрсетілген. Бұның бәрі геометриямен өте тығыз байланысты. Енді сіздердің назарларыңызға фигуралардан құралған Ежелгі шығыс басқатырғышын ұсынамын.

Басқатырғыш – «танграм» деп аталады. Оның құрамы екі үлкен үшбұрыш, екі кіші үшбұрыш, орташа үшбұрыш, квадрат ж/е параллелограмнан тұрады. Танграм 4000 жыл бұрын Қытай императорының ұлын оқыту үшін қытай данагөйлерінің құрастырғаны деп есептеледі.

Танграм — есептерді  шешу арқылы оқушылар геометриялық зерттеу, конструкциялау бойынша практикадан өтеді, комбинаторлық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Біз бұл есептерді 5 сыныпта математика сабақтарында көпбұрыштар» тақырыбын оқып-үйренуде қолдануды ұсынамыз. Бұл оқушыларға алдын белгісіз болған фигураны – параллелограмды «байқап көруге», сонымен бірге қасиеттері мен түрін олар енді ғана оқып–үйренген фигураларды – әртүрлі өлшемдегі тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштарды «байқап көруге», оларды әртүрлі өзара байланыстарға түсіруге, олардың көмегімен жаңа фигураларды құрастыруға мүмкіндік береді. Фигуралармен практикалық әрекеттерді іске асыра отырып оқушылар олардың маңызды белгілерін көруде, көз алдына елестетуді, мүшелеуді жақсы үйренеді, ең негізгісі – логикалық ойлауды дамытады. Бұл бөліктерді құрастыру нәтижесінде әртүрлі жазық фигуралар шығады. Бұл барлық мүмкін заттарды, адамнан бастап, жануарлар өмірде пайдаланатын еңбек құралдарын еске салады. Одан бері көптеген уақыт өтті, бірақ, қазіргі таңда да танграм әлі де танымал. Мен сіздерге осы басқатырғыш арқылы әртүрлі фигураларды құрастыруды ұсынамын. Сіздердің алдарыңызда үлкен және кіші квадраттар жатыр. Өздеріңіз қалағанын алыңыздар немесе екеуін де қолдануға болады. Оларды, көрсетілгендей қиып аласыздар. Сосын алдарыңызда жатқан үлгіге қарап, фигуралар құрастыруды ұсынамын (топпен жұмыс).

Пентамино.

Тағы бір ойынды көрсетіп өтейік. Пента — грек тілінен аудармасы — «бес» деген мағана береді. Бұл бес бірдей квадраттардан құралған 12 бөліктен тұрады, осы бөліктерді пайдаланып, әртүрлі фигуралар құрастыруға болады.

Бұл ойынды ХХ ғасырдың 50 жылдары америкалық математик Соломон Голомб ойлап тапқан. Бұл оқушыларды немесе студенттерді ғана емес математик профессорларды да өте тез қызықтырды.  Бұл ойын — оқушылардың комбинаторлық симметрия туралы түсініктерін, геометриялық конструкциялау дағдыларын дамытады. Мұнда пентамино фигуралармен байланысты есептер жүйесі ұсынылған, сондықтан осы сабақтарды өткізу үшін балаларға осы фигуралардың жиынтығын таратып беру қажет немесе оқушылар мұндай жиынтықты үйде өздері жасай алады. Оқушылар пентамино фигураларынан қажетті фигураны құрастыра отырып, есептерді практикалық тұрғыда шеше алады немесе алдын-ала қағазда сызбасын   жасап алады, бұл оларда ойлаудың қай түрі: көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі немесе сөздік-логикалық басымырақ екендігіне байланысты болады.

 

Маханова Гаухар Мажитовна,
Павлодар облысы Баянауыл ауданы
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру
мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.